Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Арыстан мен қозы

Бірде арыстан тұрған тордың ішіне жаңа туған қозыны әкеліп тастады. Түк білмейтін жаңа туған қозы арыстаннан қорқудың орнына оның жанына жақын барып, үсті- басын иіскелеп, мазасын алады. Арыстанды өзімнің шешем екен деп ойласа керек. Мұны көрген аң патшасы жас қозыны бас салып жеудің орнына аңқиып тұрып қалды. Ал, қозы болса, одан әрі еркінсіп тоқтар емес, қайта оған жабысып, жақындай түсті.

Айбатты арыстан жас қозысының сүйкімді сәби қылығына қайран қалғандай тәкаппар ұлылықпен, әрі іштей бір, жылылықпен қайта-қайта қарай берді. Оны жей салуға батылы жетпеді. Сөйтіп, аш арыстан еріксіз көзін жұмып, қалғып кетті.

(Леонардо да Винчи)

Мазмұндау жоспары:

  1. Тордың ішіне нені тастады? 2.Қозы арыстаннан қорықты ма? 3.Арыстанның көңіл- күйі. 4. Арыстан қозыны неге жемеді?

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Арыстан неге қозыға тиіспеді? Бұл мәтінен өзіңе қандай әсер алдың?

Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

№ 134. Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтел жаттап, жұмбақ шешейік

Мақсаты: Оқушыларды мақал-мәтел, жұмбақ жаттату арқылы есте сақтау, жүйелі оқуға үйрету; рухани дүниесін байыту, көркемдік –эстетикалық талғамын арттыру; тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы, тапқырлыққа, шешендікке баулу.

Көрнекілігі: суреттер. Әдісі: сұрақ-жауап, іздену. әңгімелеу. Түрі: қорыту.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір-біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Қалай ойлайсың, осы шешен сөздер, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер не үшін керек? Ал жұмбақ ше? Мақал –мәтелдердің қандай түрлерін білеміз?

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мақал – мәтелдер мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер. 2.Тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер. 3.Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер. 4. Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер. 5.Жақсылық-жамандық, достық-қастық туралы мақал-мәтелдер. 5.Тіл өнері туралы мақал-мәтелдер. 6.Адам қасиеттері туралы. 7.Еңбек туралы

Мақал – мәтелдерді шешендікке, ақылдылыққа, тапқырлылыққа және тіл байлығының жетілуіне тигізетін пайдасы өте көп. Ақыл – ойдың ұшқыр биіктігін, әр сөздің жете түсінсең түп нұсқасын жете білуге баулиды. Ой- өрістің кеңеюіне, рухани дүниенің баюы және көркемдік талғамның кеңеюіне жеткізеді.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: 1.Үлестірме қима қағаздармен жұмыс. Әр оқушы өз тапсырмасын жеке орындайды. Мақал-мәтелдер жазылған, оқып мәнін түсіндіру. 2. Ойын: алма ағашындағы алманы кәрзеңкеге жинау. (Онда жұмбақ шешу.) Кім көп жинаса жеңіс соныкі болады. Дәптермен жұмыс. Өзіңе керекті мақал-мәтелдерді дәптеріңе жазып ал.

Ү. Бекіту. Бүгінгі сабақта біз не істедік? Шешен, ақылды, тапқыр, сөз шебері болу үшін не істесек болады? Саған бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен?

ҮІ Үйге тапсырма: Әр жанрдан 1-1 мақал-мәтелдер жаттап кел. Бағалау.

№ 135-136. Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Өз біліміңді тексер

Сабақтың мақсаты: «Сарқылмас қазына» деп аталған тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау, сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрену қабілетін дамыту; рухани дүниесін байыту, көркемдік –эстетикалық талғамын арттыру; тапқырлыққа, шешендікке баулу.

Түрі: қайталау. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, өзіндік

Көрнекілігі: арнайы суреттер, тест материалы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын хабарлау, оқушы зейінін сабаққа аудару. Біз қандай тарауды аяқтадық? «Сарқылмас қазына» тарауынан неге үйрендік, не білдік? Қандай ақын, жазушылардың еңбегімен таныстық?

ІІІ. Өткенді қайталау:

  1. Бөлім неге «Сарқылмас қазына» деп аталған. 2.Халық шығармаларының қандай түрлерімен таныстың? (жырлар, ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар) 3.Дәптеріңе халық шығармаларына не жататынын жазып ал. 4. Мына өлеңде не туралы жырланатынын айт.

Жағы қалақтай,

Мойны садақтай,

Төбелі жұлдыздай,

Жүні құндыздай,

Жалы жібектей,

Көзі моншақтай.

5.Төрт түлік малды халық неге сонша құрметтеген деп ойлайсың? Олардың пайдасы туралы әңгімеле. 6.Осы бөлімдегі оқыған ертегілеріңді мына топтар бойынша жіктеп көр:

а) Хайуанаттар жөніндегі ертегілер; «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»ә) Шыншыл ертегілер; «Ажалдан құтқарған асыл сөз» б) Қиял-ғажайып ертегілер. «Алтын балта»

7. « Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақса, сақа тұт.

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса, аға тұт» деген жолдар мәтіннің қай түріне жататынын анықта:

  • Мақал-мәтел ме? -Шешендік сөз бе? ( шешендік сөз) 8. Білетін шешендік сөздеріңді жатқа айт. 9.Өмірде болған адамдардың басына құрылған мәтінді ата. (Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры; Алдардың айласы; Жиреншенің баласы; Әке мен бала) Осы бөлімнен кімдер туралы аңыз оқығаныңды айт.

ІҮ. Білімін тексеру: Тест.

1. В- Бесік жырына; 2. Ә - Құлын; 3. А - сиыр; 4. Б - қой; 5.Ә - ешкіге; 6.В – қанағат еткендіктен; 7. Ә - масамен; 8. Б - жұмбақ; 9.Б – Ажалдан құтқарған асыл сөз.; 10.А – Әке мен бала; Ү. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта біз не істедік? Сонымен, «Сарқылмас қазына » тарауынан не білдік, неге үйрендік?

ҮІ.Үйге тапсырма: «Жазғы демалыста» тапсырма беру.

Сабақтың тақырыбы: « Білім керек бәріне» Ф.Оңғарсынова Сабақтың мақсаты:  Білімдік мақсаты: Ф.Оңғарсынова жайлы мағлұмат беру.Өлеңнің мазмұнын ашу. Білімнің адам өмірі үшін маңызына тоқталу,білім ,ғылым үйренуге деген ынтасын арттыру.Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. 2. дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау дағдылары мен шығармашылық ізденіс әрекетін дамыту. Өзіндік жұмыс істеуге дағдыландыру.Іздену ,байланыстырып сөйлей білу қабілеттерін арттыру.Өз ойларын еркін айтып,дәлелді сөйлеу қабілеттерін арттыру. 3. тәрбиелік мақсаты: Балалардың оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру.Елін сүюге, адамгершілік, адалдық,ізгілікке,ғылым білімді меңгерген,көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу  Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ Сабақтың типі.: Жаңы білімді игерту Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану,музыка,математика Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер:проблемалық , түсіндіру, талдау - жинақтау, сұрақ-жауап, топтау, салыстыра сипаттау, ой қозғау,іздену  Көрнекілігі: Ұлы тұлғалардың суреттері,суретті карточкалар,интерактивті тақтаға дайындалған слайдтар Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық «Көңіл ашар» жаттығуы  Күлімдеп күн бүгін Қарады маған да Күлімдеп күн бүгін Қарады саған да, Сәлеметсіз бе,күн! Сәлеметсіз бе жер! Сәлеметсіз бе,сіз! Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз! II Үй тапсырмасын сұрау. Қызығушылығын ояту  Қоңырау . 5 саны Қоңырау үні неге шақырады? 5 саны туралы ойыңа не келеді? -Оқушы жауаптары  Сұрақтар қою -Балалар не тыңдадыңдар? Күй тыңдап отырып көз алдымызға не елестеді? Қазақтың кең байтақ жері. -Ертедегі қазақ елі қандай болды? Қазақ даласында оқып білім алатын мектеп болмаған,халық сауатсыз болды.  Халымыздың қамын ойлаған,өз ұлтына жаны ашыған қандай ұлы адамдармен таныстыңдар? Абай,А.Байтұрсынов,Шоқан Уәлиханов,Ыбырай Алтынсарин тағы басқалар. Бұла қазақ даласына жарық жұлдыз болды.Неге оларды жұлдызға теңеп тұрмыз? Өйткені олар білімді болды.Жұлдыз сәулесін шашып қараңғы түнде жарық болса,олар қараңғы қазақ еліне білімнің сәулесін шашты. Абай Құнанбаев . «Ғылым таппай мақтанба» Жатқа сұрау  Балаларға жұлдызшалар тарату.Олар тақтаға топ бойынша берілген тапсырмаларды орындай отырып жұлдызшаларды іледі. Өлең мазмұнына сай мақалдар айту. Мақалды аяқтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]