Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Амангелді батырым. Нұрпейіс Байғанин

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Амангелді Иманов батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Не үшін қазақ халқы күреске шықты?

Жақияның ержүректілігі туралы не айтар едің?

Махамбеттің ерлігі жайлы айтылған жолдарды тауып оқы.

Жәңгір хан туралы не білесің?

Махамбет Жақияны қайтару үшін не деді?

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Махамбет жалғыз жаумен айқасқанда, қандай амал ойлап тапты? Саған әңгіме ұнады ма?

Ұнаса несімен ұнады?

Оқушылардан мәтіннің мазмұнын сұрап, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ІҮ. Жаңа сабақ:

Сөзжұмбақ шешу арқылы мәтіннің тақырыбын ашу.

«Амангелді» (Қабанбай, Махамбет, Исатай, Ақтабан, Бөгенбай,

Кенесары, Абылай, шұбырынды, Жәңгір)

2.Өлеңді түсініп, жалғастырып оқу. Елінің бағы үшін Амангелді не істеді?

Ү. Жаңа сабақты пысықтау:

Суретпен жұмыс:

Суретті салған кім?

Сурет қалай аталады? әңгіме құр.

Амангелді кім?

Қазақ халқы үшін ол қандай ерлік жасады?

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Жаттау,сурет салу.

ҮІІ. Бағалау

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Азаттық жолында. Зейін Шашкин

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды Тоқаш Бокин өмірімен таныстыру, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Батылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Амангелді» өлеңін жатқа айту. Салған суреттері жайлы оқушы ойын ортаға салу. Елінің бағы үшін Амангелді не істеді?

Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Кітаптағы суретті салған кім? Сурет қалай аталады? Амангелді кім? Сен еліңді қорғау үшін не істер едің?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу.

Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам?

Түрмеде оған қандай айып тағылды?

Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың?

Тоқашқа жолығуға кім келді?

Ол анасына не айтты?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау:

1. Тоқаш пен анасының арасындағы әңгімені тауып, рөлге бөліп оқыңдар.

2. Әңгіменің ІҮ бөлігін қайталап оқу.

3. Әр бөліміне ат қой. (Түрмеде, айыпталу, анасымен кездесуі, жазалау)

ҮІІ. Қорыту: Суретпен жұмыс: Зер салып қару. Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаны бейнелейді? Өз ойыңша әңгімелеп көр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту, сахналық көрініске даярлан. Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]