Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

ҮІІ бөлім. Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Көктем »

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру;

  3. Тәрбиелік: Ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау.

Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу;

ІІІ. Жаңа сабақ:

Балалар, қазір қай мезгіл? Қыс айының соңғы санаулы күндері.

Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?

Көктем мезгілінде қанша ай бар?

Қандай айлар?

Ерте көктемде жаппай көктеп, гүлдейтін шөптерді білесің бе? (жауқазын, бәйшешек, қазжуа, өгейшөп, ...)

Көктем мезгілі сендерге ұнайды ма?

Мұғалімнің «Көктем» тақырыбына байланысты балаларға сұрақтар қойып білімдерін анықтау.

Көктем сәні-жасыл желек; көктем сәні- хош иіс дегенді қалай түсінесіңдер? (көктем сәні-мөлдір су, жылылық, нөсер, ашық аспан, салқын самал, еңбек, шалқыған көңіл, шаттық, күлкі, жігер).

Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Адамдардың көктемдегі еңбегі.

Жоспар:

1. Көктемгі табиғат: жылғалардан су ақты, мейірленіп жерге күн, көк майса, жасыл барқыт жамылып.

2. Көктемгі тіршілік: қой қоздап, түйе боздап, ұйқыдан оянып, жыл басы. Наурыз, егінжайда ту ұстап, т.б.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік?

Не жайлы жаздық?

Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

Адамдар қандай еңбектеріне кіріседі екен?

Сендерге көктем мезгілі ұнайды ма?

Ү. Үйге тапсырма: қайталау.

Бағалау.

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

ҮІІІ тарау. Табиғат-менің өз үйім.

Сабақтың тақырыбы: Өзен. Ыбырай Алтынсарин

Мақсаты:

  1. Білімділік: «Табиғат-менің өз үйім» атты бөлімімен таныстырып, Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, оның әсемдігі, өзеннің маңызы жайлы түсінік беру;

  2. Дамытушылық: Мәнерлеп оқуға баулу, ойын еркін жеткізуге баулу, сөздік қорын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Табиғатты қорғай, зерттей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, бәйтерек бұтақтары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Сабақтың мақсатын хабарлау, жаттығулар арқылы оқушы зейінін сабаққа аудару. Қалай ойлайсың табиғат деген не? Сені қоршаған дүние –табиғат- оны неге өз үйім деп айтады? Сенің пікірің?

Сұрақтарға жауап бер: Ребус шешу

1.Абай кімнің немересі?

Ж: Өскенбай

2.Абайдың әжесі кім?

Ж Зере:

3.Абайдың қандай поэмасын білесің?

Ж: Ескендір

4.Қ.Р тұңғыш президенті кім?

Ж: Нұрсұлтан

Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бергенде бүгінгі сабақтың тақырыбы

ІІІ. Жаңа сабақ: Сурет бойынша жұмыс: Суретте не бейнеленген? Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады? Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар? Суретке қарап «Табиғат және адам» тақырыбына әңгіме құр. Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Іштей, тізбектей жалғастырып оқу. Сөздік жұмыс: Қынарда- жағасында. Жанабында- маңайында. Сұрақ- жауап. Ақын өзенді қалай суреттеген? Ақынның «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» деген сөздері неге қатысты?(өзенге). Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неге суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? Өзеннің қандай пайдасы бар?(өлеңге сүйеніп айтып көр.)

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ІҮ. Сабақты пысықтау: «Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында» деген жолдардан не түсінесің? Қазақстандағы өзің білетін өзендердің аттарын ата.(Сырдария, Жайық, Іле, Шелек, Ертіс, Шу, Есіл, Бартоғай, Асы,...)

Венн диаграммасы арқылы өзен мен көлді салыстыр

Өзен Ұқсастығы Көл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]