Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Күздің кереметі. Әдібай Табылдиев

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Күз мезгілінің кереметі жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: сөйлемді дұрыс құруға,ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік: суреттер, сөзжұмбақ, плакат

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап , іздену.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. « Жеміс бағында» тақырыбында не жайлы айтады? Т. Жароковтың « Ауыл күзі» өлеңімен салыстыр, сипаттап айт. Мәтінді әңгімелетіп. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Саған күз мезгілі ұнай ма? Несімен?

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Дауыстап, жалғастырып, түсініп оқу. Теріп оқу.Сары түспен ерекшеленген сөзді табу, осы сөздердің күз мезгіліне қатысты екенін дәлелде.

Сөздік жұмыс. Күзде жемістер мен көкөністер піседі.

Қане, мәтіннен сары түспен жазылған сөздерді пайдаланып отырып, мына берілген сызықтарды толтырайық.

Байлық, молшылық

К үз Ет пен май

Қауырыт жұмыстың кезі

Мол өнімді

Дәптермен жұмыс. №3 тапсырмадағы жемістердің атын жаз. Сұрақ қой.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс: Омар ата көрсеткен жемістердің пішіні неге ұқсайды? Ожау, шөлмек және басқа ыдыстарға ұқсас асқабақтар, жан-жануарларға, басқа да заттарға ұқсас картоптар көрсетті. Тауып оқы. Суретін салып көр.

ҮІ.Сабақты қорыту. Суретке қарап әңгіме құр.

Үйге тапсырма беру: мәтінді оқы, сөзжұмбақ неліктен осылай аталған, ойлан.(7,8)

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:Күзгі орманның көріністері. Елемес Салықов

Мақсаты:

  1. Білімділік: Күз орман көріністері жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. «Күздің кереметі» тақырыбында не жайлы айтады? Мәтінді әңгімелетіп. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Өткенді қорыту. Жемістер мен көкөністер жайлы жұмбақ білесің бе?

Күз мезгілінде адамдар қандай еңбекке кіріседі? Адамдар егін егістерін жинайды.

Қане балалар, еңбек туралы мақал-мәтелдерді есімізге түсірейік.

ІҮ.Мақсат қою :1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суреттер топтамасымен жұмыс

Ү. Жаңа сабақ. Мәтінді түсініп рөлге бөліп оқу, суреттерді сөзбен алмастыру.

Біз орман ішін аралап жүріп келеміз. Бұл не ғажап! Орман мүлде өзгерген. Жаздағы жап-жасыл түсі сұп-сұр болған. Тек шырша мен қарағай ғана жазғы өңін өзгерте қоймаған.

Суреттерге мұқият зер салу. Мәтінді әрі қарай жалғастырып әңгімелеу.

к

ү

з

г

і


о

р

м

а

н


к

ү

з


Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру. 1.Мәтінге сүйеніп тиінді, қоянды, борсықты сипатта. 2. Сөзжұмбақ шеш, жұмбақ тауып жаз.

ҮІІ. Бекіту. Бүгін қандай тақырыпты өттік? «Орман – біздің байлығымыз» деп неліктен айтады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма.1. оқу. 2.бағалау.

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа (аударма). Абай

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды мысалды түсініп оқып, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету,

  2. Дамытушылық: Тілін, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру.

Көрнекілік: суреттер, сызба.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1.Мәтінді түсініп рөлге бөліп оқу, суреттерді сөзбен алмастыру. Сөз жұмбақтағы жануарларды топқа бөлу. Мәтінді әңгімелетіп. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Орман – біздің байлығымыз» деп неліктен айтады?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ: 1.Суретпен жұмыс: Суреттен нелерді көріп тұрсың? Қай жыл мезгілі?

Құмырсқаның киімі қандай?

Шегірткенің ше?

Шегіртке неге жылап тұр? Түсіндір.

2. Мысалды рөлге бөліп оқы. Мысалдағы жасыл бояумен ерекшеленген сөзді дауыстап оқы. Неге олай боялды деп ойлайсың?.

3.Дәптермен жұмыс жүргізу. Жасылмен бояумен ерекшеленген сөздерді екі топқа бөліп жаз.

а) жаз мезгіліндегі шегіртке:

шырылдауық, ән салған, гөлайттап,

б) қыс мезгіліндегі шегіртке:

суыққа тоңған, қарны ашқан, сорлы,

қабығын қайғы жабады. жығылды

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру. 1. Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстырып сипатта.

Бұл күндерді қандай түске бояр едің?

ҮІІ. Қорыту. Құмырсқаның орнында сен болсаң не істер едің?

Балалар, табиғатқа және жан-жануарларға байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

Қане айтып көрейікші.

ҮІІІ Үйге тапсырма. 1.мысалды оқу, № 8,9,мазмұны

2.Бағалау

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)

Мақсаты:

  1. Білімділік: Ертегіні рөлге бөліп түсініп оқу.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық білім,білік дағдысын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Достыққа ,еңбекке тәрбиелеу

  4. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

  5. Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

Сол бір-бірімізге деген жылылықпен сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстырып сипатта. Шегіртке жаздай не істеді? Құмырсқа ше? Саған қайсысы ұнайды? Неге?

Өлеңді мәнерлеп оқыту. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бола ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суретпен жұмыс.

Ү.Жаңа сабақ: 1.Ертегіні рөлге бөліп түсініп оқу. Адам не жеп отыр еді? Қасына не келді? Ол не жайлы сұрады? Нан дастарханға келгенше аз еңбек кетеді ме? Ретімен айтып көрші. Бұл айтылған жұмыстар қасқырға ұнады ма? 2. Сурет пен ертегідегі оқиғаның арасында байланыс бар ма? Қандай? 3. Сызбадағы сөздерді ретімен ата.

Жер жырту

Жер өңдеу

Тұқым себу

Жайқалған егін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]