Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Іх тарау. Жаздыгүн шілде болғанда

Сабақтың тақырыбы: Шыбынсыз жаз. Сәбит Мұқанов

Мақсаты:

  1. Білімділік: Шілдедегі өзгерістер жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Табиғатты бақылай білуге баулу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам?-Туысым, досым.

- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Балалар, «Шілде» мәтінінде жазды күндегі адамдардың еңбектері, табиғаттың кереметі және балалардың жайлауды қимайтыны туралы айтылған. Мәтінді үш бөлікке бөліп ат қойып көрейік.

Жазда қандай өзгерістер болады?

1. Басы: Жаз келіп, шілде жетті. Шілдеде күн ұзын, түн қысқа болады. ...

2. Ортасы: Үлкендер сол күндерін ...

3. Соңы: Қазақ шөпті бел орақпен шабады. ...

Әр бөлікке ат қой. 1. Жазда. 2. Жайлаудың қызығы. 3. Оқуға бару.

Ел жайлауда қандай қызықтар болады?

Балалар жайлауды неге қия алмай жүр?

Олар қайда барады?

Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Білімдерін тексеру: Саған жаз айлары несімен ұнайды? Өзің жазғы демалысты қалай өткіздің сол жайлы айтып бер.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың шыбынсыз жаз болады ма?

Ү. Жаңа сабақ. 1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, жалғастырып оқу.

Салыстыру: М. Дулатов пен С. Мұқановтың шығармаларын салыстыру:

1. Екі шығармада да жылдың қай мезгілі суреттелген?

Оны неден аңғардың? (жаздың шілде айы.)

2. Шілдедегі ауа райы туралы қай шығармада сөз болады?

С. Мұқанов жаз табиғатының суретін неге теңейді? ( Шыбынсыз жаз)

3. Қазақ халқында қандай салт-дәстүр бар?

Ол жөнінде қай шығармада айтылған? (Шілде)

4. Екі шығарманың қайсысы бұрынырақ жазылған деп ойлайсың?

Оны неден аңғардың?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

«Шыбынсыз жаз» дегенді қалай түсінесің?

С.Мұқанов «Шыбынсыз жаз» тіркесіне байланысты кімді есіне алады? Қалайша? (Абай «Сөзімде жаз бар шыбынсыз»)

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік?

Масасыз, шыбынсыз салқын жайлаудың малға қандай пайдасы бар?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. түсініп оқу, әңгімелеу.

2.Бағалау.

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Іх тарау. Жаздыгүн шілде болғанда

Тақырыбы:Таңның атуы. Мұқан Иманжанов

Мақсаты:

  1. Білімділік: Таңның ату әдемілігі жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Табиғат әсемдігін бақылай отырып, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» шығармасында не жайлы әңгімеленеді? Шынында да шыбынсыз жаз болады ма екен? Салқын жаздың қандай пайдасы бар?

Мәтіннің мазмұнын әңгімелету.

Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Шілдеде ауа райы қандай болады екен?

Тағы кімнің шілде айы жайлы шығармасы бар?

1. Екі шығармада да жылдың қай мезгілі суреттелген?

Оны неден аңғардың? (жаздың шілде айы.)

2. Шілдедегі ауа райы туралы қай шығармада сөз болады?

С. Мұқанов жаз табиғатының суретін неге теңейді? ( Шыбынсыз жаз)

3. Қазақ халқында қандай салт-дәстүр бар?

Ол жөнінде қай шығармада айтылған? (Шілде)

4. Екі шығарманың қайсысы бұрынырақ жазылған деп ойлайсың?

Оны неден аңғардың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. .Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Арайлап таңның атып келе жатқанын көрдің бе? Көрсең саған қандай әсер қалдырды? Әңгімелеп көр.

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу.

Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен?

Таң атарда жұлдыздар қайтеді?

Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?

Таң атып келе жатқанда тағы нені байқауға болады?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Сабақты пысықтау: Мәтіннен самал, ауа, Шолпан жұлдызы сөздеріне қатысты теңеулерді тап. (салқын самал, таза ауа; электр шамындай жарқырап)

ҮІІ.Қорыту:

Бүгін Мұқан Иманжановтың «Таңның атуы» әңгімесінен не білдік? Саған ұнай ма таңның атуы?

Суретпен жұмыс. Суретте не бейнеленген?

Мәтінге сүйеніп атып келе жатқан таңды суреттеп, ойыңды қорытып, «Таңның атуы» атты сипаттау мәтінін құр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу.

2. Бағалау

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]