Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Бүркіт. Б.Емельянов (орыс жазушысы)

Мақсаты: Оқушыларға Б.Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесін оқыта отырып, түсініп оқуға үйрету; тілін , сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; қайрымдылыққа, мейрімділікке баулу

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызба, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Киік қай жерді мекендейді екен? Ақын киікті атқан адамдарға қандай назасын білдіреді? Неге деп ойлайсың? Қазақ киікті басқаша қалай атайды екен? (бөкен). Бөкеннің сұлулығын ақын қалай суреттейді? Бөкенді ақын кімге теңейді? Сөзінің соңын ақын қалай аяқтап отыр?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың табиғатты қорғау керек пе? Онда қандай қазақтың тиым сөздерін таптың?( «.Қойдың сүті қорғасын, Қойды ұрған оңбасын», «Көтерем деп түйеден безбе, Салтанатың емес пе, Тебеген деп биеден безбе, Қос қанатың емес пе.», «Итті тепкен ырысты тебеді.», ...)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Бүркіт қандай құс? Оны суреті қайда кездеседі? Мағынасы неде? (мемлекеттік туда, дала бүркіті – қазақстандықтар ұғымынды – дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.)

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді жалғастыру арқылы түсініп оқу. (алдын ала ескерту, оқыған кезде кітапта берілген суреттерді ойша ретімен орналастырып отыр.) Мәтіннің әр бөлігіне ат қой.(Қонақты қарсы алу. Бүркіттің қайырымдылығы. т.б. ...) Мәтінге сүйеніп, қазақ ауылы тұрған жерді суретте. Бүркітті сипаттап көр. Бүркіттің әрекетін жауыз адамдар әрекетімен салыстыр. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі ең соңғы сөйлемді оқып, дәптеріңе жазып ал.Бұл кімге байланысты айтылған?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Қазақ ауылына кімдер келді? Гайдар нені байқады? Қария оларға не білдірді? (ілтипат). Екі қарт дегені кімдер еді? Неге? Бүркітті ауылға кім әкелді? Оба ауруын қайдан әкелді? Оны қалай емдеді? Неге оларды әскермен қоршады? Қалай бүркіт адамдарға тамақ тасыды? Бүркіт қалай соқыр боп қалды? Гайдар нені үйрен деді?

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не өттік? Не жайлы білдік? Суретпен жұмыс. Кітаптағы сурет бойынша мультфильм құрастыр. Ретімен орналастыр. Өзің қандай сурет қосар едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2.Бағалау.

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Үііі тарау. Табиғат-менің өз үйім.

Сабақтың тақырыбы:Алтай аясында. Иса Байзақов

Мақсаты:

  1. Білімділік: Иса Байзақовтың «Алтай аясында» өлеңін мәнерлеп оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінігін қалыптастыру;

  2. Дамытушылық: Мәнерлеп оқуға, еркін сөйлеуге баули отырып сөздік қорын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Қоршаған орта табиғатын қорғай, зерттей білуге,өз елінің байлығын дәріптей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй жұмысын сұрау: «Бүркіт» әңгімесінен не жайлы білдік? Қазақ ауылына кімдер келді? Гайдар нені байқады? Қария оларға не білдірді? (ілтипат). Екі қарт дегені кімдер еді? Неге? Бүркітті ауылға кім әкелді? Оба ауруын қайдан әкелді? Оны қалай емдеді? Неге оларды әскермен қоршады? Қалай бүркіт адамдарға тамақ тасыды? Бүркіт қалай соқыр боп қалды? Гайдар нені үйрен деді?

ІІІ. Үй жұмысын пысықтау: Саған бүркіттің іс-әрекеті ұнады ма? Қандай баға берер едің? Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың? Достық, мейрімділік дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қазақстанда қандай таулар бар білесің бе? «Алатау, Қаратау, Тарбағатай, Бақай, Матай, ................)

Ү.Жаңа сабақ: 1.Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу; іштей, тізбектей, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. Өлеңде қандай тау туралы жырланған. (Алтай) 2.Сөздік жұмыс: Аясына - мұнда: құшағында. Күйік – мұң, қайғы. Өршіл – биікке құмар. Сайын – кең, кең жазық. 3. Теріп оқу: Өлеңнен қарға, бұлт, айға қатысты сөздерді тап. Әр сөз тіркесінің тауға қатысын түсіндір. (торғын киген бұлт; ақша қар; жібектей бұлттан; ай шағылып). Өлеңнен Алтай тауының биіктігін көрсеткен жолдарды тауып оқы.

Сұрақ-жауап.

  1. Қазақстан тауларын ата?

Ж: Алатау, Жонгар , Алтай бар

  1. Алтай тауы еліміздің қай бөлігінде орналасқан?

Ж:Шығыс бөлігінде орналасқан

  1. Таулы аймақтың ауа райы қандай болады?

Ж: Қысы суық, әрі ұзақ. Жазы қоңыр салқын.

  1. Алтай тауын сипатта?

Ж:Шыңды, шатқалды,жартасты.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Өлеңге сүйеніп, алтай тауынан өндірілетін кендерді ата. (алтын, күміс). Қазақстандағы Алтай тауынан басқа таулардың аттарын ата. Алтай таулары қандай дейді? Оның басына жете алмай не күйік шертеді екен? Алтай тауларында қандай жануарлар мекендейді екен? Басына бұлттан басқа не жетеді? Алтай не құсады дейді?

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Өлеңдегі ақын сөздерін пайдаланып, Алтай тауын сипатта.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқусурет салу. Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]