Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Махамбет пен Жақия. Қажым Жұмағалиев

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Исатай, Махамбет батырлар жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу

  4. Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

І. Үй тапсырмасын сұрау:

Орыс патшалығының басқыншылығы немесе саясаты қандай еді? Қарсы күшті кім жинады?

Ағыбай батыр кім?

Халық Ағыбай батырды қалай бағалады?

Мәтіннің мазмұнын әңгімелету. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ағыбай батыр туралы не білдік? Ол кісінің қандай ерлігін өзіңе алар едің?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Өткен сабақта оқылған мәтінді пайдаланып сөзжұмбақ шешу. «Ағыбай» (қазақ, Ағыбай, Кенесары, Қоңырбай, Қойсана, Ақжолтай). Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас-талқан етіп жеңді.

Сөзжұмбақ шешу

  1. Ресей патшалығы бағындыруды көздеген ел.

  2. Батырдың есімі.

  3. Патша үкіметінің әмірін мойындағысы келмеген хан.

  4. Батырдың әкесінің аты.

  5. Батырдың шешесінің аты.

  6. Батырға халықтың бершген есімі.

Қ

А

З

А

Қ

А

Ғ

Ы

Б

А

Й

К

Е

Н

Е

С

А

Р

Ы

Қ

О

Ң

Ы

Р

Б

А

Й

Қ

О

Й

С

А

Н

А

А

Қ

Ж

О

Л

Т

А

Й

ІҮ.Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Мәтінде аттары аталған батырлар кімдер? Жақияның ержүректілігі туралы, Махамбеттің ерлігі жайлы айтылған жолдарды тауып оқы. Жәңгір хан туралы не білесің? Махамбет Жақияны қайтару үшін не деді?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Махамбет жалғыз жаумен айқасқанда, қандай амал ойлап тапты? Бөлімдерге ат қой.

ҮІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, №11,12 тапсырма.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]