Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Іх тарау. Жаздыгүн шілде болғанда

Тақырыбы: Кешкі дөң басында. Мұхтар Әуезов

Кеш. Әбдіжәміл Нұрпейісов

Мақсаты:

  1. Білімділік: М. Әуезовтың, Ә. Нұрпейісовтың шығармаларын түсініп оқи отырып, уақыт мезгілі және ауылдағы кеш уақыттың өзіндік ерекшелігімен таныстыру;

  2. Дамытушылық: Салыстыра білуге үйрету; есте сақтау,ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Әсемдікке, табиғатты тыңдай, сезе білуге баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: ауыл кеші суреттері

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өтебай Тұрманжановтың «Малсақ бала» атты өлеңінде не жайлы айтылады.

Атасы немересіне не тапсырды? Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мал шаруашылығына байланысты өзің қандай еңбектер атқарасың? Бақташының еңбегі туралы не білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Кеш мезгілі саған ұнай ма? Кешке сенің жанұяң қандай жұмыстар істейді?

Ү.Жаңа сабақ: М. Әуезовтың «Кешкі дөң басында», Ә. Нұрпейісовтың «Кеш» шығармаларын түсініп оқу. Екі шығармадан кешкі батып бара жатқан күнді суреттейтін тұсты тауып оқы. Бұл шығармаларда не суреттелген? Екі шығарманың айырмашылығы неде? Жазушылар жазғы кешті суреттегенде күннің түсі қандай болады дейді? Кешкі ауыл көрінісі қай шығармада берілген? (Кеш). М.Әуезовтың «Кешке жақын шу көбейіп, азан-қазан болған ауылдан шығамыз» дейді. Ә.Нұрпейісовтың «Кеш» шығармасын пайдаланып, неге кешкі ауыл у-шуға толы, азан-қазан болатынын айт.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Ә. Нұрпейісовтың шығармасындағы малдардың атын ата. Мыс: мөңіреген сиыр, маңыраған қой, кісінеген жылқы, шұрқыраған қозы, лақтар. Екі шығармадан күнге, аспанға қатысты теңеулерді тауып көр. Мысалы: Қызулы өрттің жалынындай аспан... ; Зәрі қайтқан қызыл күн әлсізденіп таудан асып, ұясына кіріп барады... ; Қара көк тұңғиық аспан ...; Дамылсыз күйдірген күн көзінің... ;

ҮІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта қандай тақырыптарды өттік?

Онда не жайлы әңгемеледік?

Жаздың кешкі мезгілінің суретін салсаң, қандай бояу түстерін пайдаланар едің?

Суретпен жұмыс. Осы сурет қай шығарманың мазмұнын ашады деп ойлайсың? Қандай бояу көбірек қолданылған? Әңгімеге ат қой.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Әңгімелеу, кешкі ауыл суретін сал.

ҮІІІ. Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]