Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilim-Baiysbaeva-Nan-onimderi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2.1.5.5. Сынақ нан пісіру

Нан зауыттарында ұнның наубайханалық қасиетін білу үшін оның газ түзілу қабілетін, ұнның күшін, ірілігін, түсін анықтаудан басқа зертханалық сынақ нан пісіріледі. Сынақ нан пісіру арқылы нанның пішінін, түрін, түсін, көлемін, қыртысының жағдайын, жұмсақ ортасының кеуектілігін т.б. көрсеткіштерін анықтайды. Осы көрсеткіштердің барлығы ұнның сапасына байланысты.

Зертханалық сынақ нан пісірудің:

  1. қамыр илеу тәсіліне (бір сатылы ашытпасыз немесе екі сатылы ашытпамен);

  2. қамырдың рецептурасына (судың, ашытқының, тұздың мөлшерінің әртүрлі болуы, қант, уыт ерітіндісін, калий броматын, амоний фосфатын т.б. қосу);

  3. қамырды илеу, доғалау (қолмен, машинамен), оның мерзімі, қарқыны, қайта доғалау саны;

  4. қамырды ашыту мерзіміне, температурасына, термостаттағы ауаның салыстырмалы ылғалдығына;

  5. пісіру тәсіліне (домалақ немесе қалыпқа пісіру, оның салмағына);

  6. қамыр дайындамаларын қолмен немесе машинамен қалыптау;

  7. қамырды жетілдіру мерзіміне және жағдайына (ауаның параметрлері, жетілдіру дайын болғанға дейін немесе берілген уақытта тұрғызу);

  8. пісіру тәсіліне (пештің түріне, пісіру температурасына, ондағы ауаның салыстырмалы ылғалдығына;

  9. нанды бағалау тәсіліне және жағдайына (пісіру кезеңінен нанның сапасына бағалау жүргізгенге дейінгі ұзақтығы әртүрлі) байланысты әртүрлі әдісі болады.

Нанның сапа көрсеткіштерінің тізімі және оларды анықтау әдістері әртүрлі. Бірнеше елдердің бір қатар әдістемелерінде негізінен нан сапасының оргонолептикалық көрсеткіштерін анықтайтын әртүрлі баллдық бағалау жүйелері қолданылады.

Осыған байланысты зертханаларда сынақ нан пісіру әдістерін және тиісті зертханалық жабдықтарды (қамыр илегіш, механикалық қамыр қалыптайтын құрылғы, ашыту және тұрғызуға арналған термостат, нан пісіретін пеш, нанның көлемін және оның басқа да сапалық көрсеткіштерін анықтауға арналған басқада аспаптар) унификациялау (бірыңғайландыру) және стандарттау міндетінің маңызы зор.

Бұл міндеттерді қарастырмайынша сынақ нан пісірудің кез келген әдістері салыстырылатын (сопоставимых) және (воспроизводимых) ұдайы өндірілетін нәтижелер бере алмайды.

Мысалы ретінде зертханада сынақ нан пісірудің бір қатар әдістері келтірілді.

Бидай ұнынан 27669-88 МЕМСТ бойынаша зертханада сынақ нан пісіру. Бұл әдісте зерттелетін ұннан, су, ашытқы және тұздан ашытпасыз әдіспен қамыр дайындау қарастырылған.

Қабылданған стандарт бойынша 960 г әрбір сұрыпты ұннан қамыр илеп, 32 0С температурада 170 минут ашытады. Әр 60, 120 минутта доғалау жүргізіп (доғалау ұзақтығы және әдісі қарастырылмаған), қамырға екі қалыптағы және бір домалақ етіп пішін беріп (әдісі көрсетілмеген) жетілдірілген соң (бір қалыптағы қамыр дайындамасын 5 мин көп тұрғызады) 220-230 0С пеште, қалыптағы және домалақ нандарға, ұнның сұрыбына қарай белгіленген уақытта пісіреді.

Піскен нанның 4-24 сағат суытылған соң көлемін, көлемдік шығымын, домалақ нанның биіктігінің диаметріне қатынасын анықтайды. Сонымен қатар көзмөлшерлік бағасы – нанның пішінін, сыртқы түсін, қыртысын, жұмсақ ортасының икемділігі және құрылысын, дәмін анықтайды.

Наубайханалық қасиеті орташа ұнның сапасын бағалау үшін нанның көлем ұстағыштығы және көлемдік шығым көрсеткіштері анықталған. Ол көрсеткіш 10 кестеде келтірілген.

10-кесте. Наубайханалық бидай ұнының сапа көрсеткіштері

Ұнның сұрыбы

Нанның көлемдік шығымы, см3/100 г ұннан, кем емес

Домалақ нанның көлем ұстағышы (H/D), кем емес

Жоғары

450

0,25

І

400

0,30

ІІ

350

0,25

Американдық дән химиктері ассоциациясының әдістері бойынша зертханалық сынақ нан пісіру. Бұл 100 гр ұннан қалыпты нанды ашытпасыз әдіспен дайындау қарастырылған негізгі әдіс.

Кейбір елдерде сынақ нанды пісіру 100 г-нан 500 г-ға дейінгі ұннан дайындау әдісі қабылданған.

Өндірістік сынақ нан пісіруді жүргізу. Өндірісте үздікті дайындауда сынақ нанды пісіру бір дежа қамырдың өлшеміне жүргізіледі. Мұндай сынақ нан пісірудің әртүрлі мақсаты болуы мүмкін, нәтижесінде оларды жүргізудің әдісі бекітіледі.

Мысалы, бидай ұнынан әртүрлі нан түрлері және сдобалы, тоқаш немесе соған ұқсас нан өнімдерін өндіруде өндірістік сынақ нан пісіру мақсатында белгіленген ұн партиясы немесе кез келген өнім өндіруге арналған жекелеген партиялардың белгілі қоспаларының жарамдылық деңгейі анықталуы мүмкін. Бұл жағдайда қамырды дайындау, ашыту, бөлу және пісіру жұмыстары белгілі өнім түріне арналған нан зауытта қабылданған әдістер және режимдер бойынша жүргізіледі.

Сынақ нан пісіру: зертханада жақын кезеңде жоспарланған ұн қоспаларынан қамырдың өндірістік рецептурасын және дайындау, ашыту және пісіру режимі параметрлерін нақтылау, жекелеген технологиялық шығындар және нан шығымын немесе басқа да жағдайларды анықтау мақсаттарда жүргізілуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]