Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilim-Baiysbaeva-Nan-onimderi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау

Ұнды ыдыссыз тасымалдау мен сақтауды енгізу жүк көтерушілердің және ұн қоймасы қызметкерлерінің ауыр дене еңбегін жояды, ұнның шығындалуын күрт төмендетеді, қаптық ыдысқа кететін шығындарды толығымен болдырмайды. Ұнды ыдыссыз сақтауды оны зауыт ішінде пневматикалық жылжытумен және оны өндіріске жіберер алдында қыздырумен үйлестіру бидай ұнының тартылғаннан кейінгі жетілуін жеделдету үшін де, наубайханалық қасиеттерін жақсарту үшін де пайдаланылуы мүмкін.

Наубайхана кәсіпорындарында ұнды ыдыссыз қабылдауға, тасымалдауға, сақтауға және өндіріс ішінде оның орнын ауыстыруға арналған қондырғыларды жобалаған және пайдаланған кезде еңбек қауіпсіздігі жөніндегі арнайы шаралар да қарастырылуға тиіс екендігін атай кету керек. Бұл ұн бөліктерінің ұн құбырларының қабырғасына және қондырғылардың басқа да конструктивтік элементтерінің беттеріне үйкелуінің айтарлықтай жоғары потенциалдағы статикалық электр зарядтарының пайда болуына және жинақталуына алып келетіндігімен байланысты. Сондықтан қондырғы элементтерін жерге тұйықтауға және жарылыстан қауіпсіздіктің басқа да шараларына көп көңіл бөлінуі тиіс.

Ұн тартатын комбинаттардан алыста орналасқан шағын және орташа қуаттылықтағы наубайхана кәсіпорындары үшін ұнды контейнерлерде тасымалдау да қолданылуы мүмкін.

4.4. Ұнды өндіріске дайындау

Ұнды дайындау қоспаны құраудан, араластыруды, електен өткізуді және ұнды магниттік тазартуды жүргізуден тұрады (18-сурет).

18-сурет. Ұнды қабылдау, сақтау және өндіріске дайындаудың технологиялық сызбасы:

1 - қабылдау щиті, 2 - ұн сақтау силосы, 3 - сүзгі, 4 - роторлық қоректендіргіш, 5 - елегіш, 6 - таразы үстіндегі бункер, 7 - автотаразы, 8 - таразы астындағы бункер, 9 - өндірістік бункер

Ұнды араластыру

Нан зауытының қоймасындағы, бір сұрыптағы ұнның жекелеген партиялары өздерінің наубайханалық қасиеті бойынша айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Егер нан зауытында ұнды өндіріске жекелеген партиялармен жіберген болса, онда нан кейде жақсы, кейде нашар (ұнның сол партиясының сапасына байланысты) болып шығар еді. Осыны болдырмау үшін, ұнды өндіріске жібергенге дейін ұнның бір партиясының кемшіліктері басқасының жақсы қасиеттерімен өтеліп отыратын, ұнның әртүрлі партияларының қоспасын құрастыру қабылданған.

Мысалыға, күңгірт ұнды немесе одан нан пісіру барысында қатты күңгірттенетін ұнды ақшыл және күңгірттенбейтін ұнмен, әлсіз ұнды – күшті ұнмен, газ түзу қабілеті төмен («ыстыққа төзімді») ұнды – газ түзу қабілеті жоғары («ыстыққа төзімсіз») ұнмен араластырған жөн.

Ұнның қоспасын құрастырған кезде нан зауытының зертханасы оның негізгі наубайханалық қасиеттерінің, бірінші кезекте күшін және газ түзу қабілетінің көрсеткіштерін анықтауға тиіс.

Осы көрсеткіштер бойынша қоспа құрастыруды, үлес жасаудың ережесін қолдана отырып, олардың қоспасы осы көрсеткіштерге жауап беретіндей етіп, ұнның партияларын қандай қатынастарда араластырған жөн болатындығын алдын ала есептеп шығару жеңілдетеді.

Зертханаларда сонымен қатар, өндіріс жағдайларында да жүргізілген тәжірибелер есептік қоспадағы ұнның газ түзілу қабілеті мен күшінің фактілі мәндері, ұнның араластырылатын партияларының көрсеткіштерінің негізінде есептеп шығарылған мәндерден ауытқуының шамалы ғана екендігін және практикалық мәнге ие емес екендігін көрсетіп берді.

Ұнның араластырылатын партияларының бірі қатты өніп кеткен астықтан немесе қандаламен қатты зақымданған астықтан алынған жағдайларда мұндай болмауы мүмкін. Бұл жағдайларда ұнның араластырылатын партияларының есептік арақатынасы алдын ала аталған қоспадан сынақ нан пісіру әдісімен тексерілуге және қажет болған жағдайда керегінше түзетіліп отыруға тиіс.

Зертхана белгілеген әртүрлі партиялардағы ұнның қоспасында ара қатынасты өндірісте оңай сақтау үшін, бұл арақатынастар қарапайым, еселік болуға тиіс.

Сапасы бойынша жақсы және бірқалыпты нан алу үшін, қоспаға баратын әртүрлі сұрыпты немесе партиядағы ұнды мұқият араластыру қажет болады. Наубайхана кәсіпорындарында бұл мақсатта әдетте, арнайы машиналар – ұн араластырғыштарды қолданады.

Ұнды ыдыссыз сақтау қоймаларында оны мөлшерлеу және араластыру үшін, осы операциялардың механизациялап жүргізілуін қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар қолданылады.

Ұнды елеу және магнитпен тазарту

Ұн бөліктерінен өлшемі бойынша ерекшеленетін кездейсоқ бөтен бөліктерді бөліп алу үшін, ұнды елейді. Осы мақсатта нан зауыттарында әртүрлі типтегі елейтін машиналар қолданылады.

Ұннан металл бөліктерді ажырату үшін елеуіштің елек тесіктері арқылы өтіп кететін жерінде, ұн желілерінде магнитті ұстағыш қарастырылады.

Еленген және металл бөліктерден тазартылған ұн тиісті тасымалдау құрылғыларының (нориялар, шнектер, шынжырлы тасымалдағыштар немесе пневматикалық көлік жүйесінің ұн құбырларының) көмегімен өндірістік ұн силостарына қарай бағытталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]