- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
5.4. Қамырдың ашуы
Илеу операциясынан кейін қамырды ашытуға қояды. Өндірісте ашу қамырды илеп болған соң оны бөлшектеуге дейінгі аралықты қамтиды.
Қамырда ашу оны бөлшектерге бөлгенде, пішіндегенде, пішінделген бөліктерді жетілдіргенде, тіпті пісудің алғашқы кезеңінде де жүріп отырады.
Ашытпа мен қамырды ашытудың мақсаты – бөлшектеу және пісіру үшін газ түзілу қабілеті мен реологиялық қасиеті бойынша жақсы қамыр алу. Осы кезде нанға тән дәмдік, хош иістік заттардың түзілуі де маңызды рөл атқарады.
Жақсы қопсыған кеуекті жұмсақ ортасы бар нан алуға мүмкіндік беретін қамырды көмірқышқыл газымен (көміртек диоксиді) қопсыту, жетілдіру және пісіру сатысындағы ашыту процесінің негізгі міндеті болып табылады.
Қамырды ашыту мен доғалау нәтижесінде бөлшектеу және пісіруді опимал жағдайға жеткізетін процестердің жиынтығын оның жетілуі деп атайды.
Пішін беруге дайын, жақсы ашыған қамыр мына талаптарға сай болуы керек:
1. Пішінделген қамыр бөліктерінің газ түзілу қабілеті жетілдіру процесінің басында жеткілікті қарқындылықта болуы тиіс;
2. Қамырдың реологиялық қасиеті оны бөлшектегенде, домалақтағанда, созып-жаймалағанда және басқа да жағдайда пішіндегенде, сондай-ақ жетілдіру мен пісірудің соңына дейін пішінін сақтап тұратындай және газ ұстап тұратын оптималды жағдайда болуы керек;
3. Нан қабығының түсі жақсы болуы үшін қамырда ашымаған қанттар және ақуыздың гидролитикалық ыдырауы жеткілікті болуы қажет;
4. Нанға хош иіс пен дәм беретін заттардың мөлшері қамырдың құрамында болуы және түзілуі тиіс.
Осы айтылған қамырдың қасиеттері оның жетілуі кезінде жүретін күрделі процестің нәтижесінен пайда болады.
Оларға: микробиологиялық, коллоидтық және биохимиялық процестер жатады.
5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
Қамырдың ашуы кезінде жүретін негізгі микробиологиялық процестерге – спирттік және сүтқышқылды ашу жатады.
Спирттік ашу
Бидай қамырын дайындауда негізгі процесс ашытқылар арқылы жүретін спирттік ашу болып табылады.
Спирттік ашудың бірінші белгісі қамырдың көлемінің біркелкі үлкеюі. Ашу кезіндегі қамырдың көлемі жетілдіру соңына дейін 5 есеге өседі де түсі аздап ағарып, құрылымы кеуекті болады.
Ашытқы ферменттерінің зимаздық кешені қарапайым қанттардың (моносахаридтер) екі молекула этил спиртіне және екі молекула көмірқышқыл газына айналуын қамтамасыз етеді. Наубайханада қолданылатын ашытқы қамырдың негізгі қанттарының бәрін – глюкоза, фруктоза, сахароза және мальтозаны ашыта алады.
Глюкоза мен фруктоза бірден ашиды. Сахароза алдын ала глюкоза мен фруктозаның сахарозасына айналады. Қамырда ашытқылармен бірігіп, осы сахарозаның айналу жылдамдығы өте жоғары: қамырды илегеннен біраз минут өткен соң-ақ, ондағы барлық сахарозаның (тіпті қамырға оны ұн массасына шаққанда 7,5% мөлшерде қосқанда да) глюкоза мен фруктозаға айналуы жүреді.
Мальтоза молекуласы да қамырда ашытқы мальтазасымен екі молекула глюкозаға бөлінеді.
Қамырда (ашытпада) ашытқылармен ұнның өз қанттары, крахмалға амилолитикалық ферменттердің әсер ету нәтижесінде қамырда түзілетін мальтоза, және қамырға қосылатын қант (кәдімгі сахароза) ашиды.
Ұнның өз қанттары ашудың алғашқы сатысында маңызды рөл атқарады. Алдымен, глюкоза мен фруктоза ашиды. Ал, мальтоза глюкоза мен фруктоза мөлшері түгелдей ашып болған соң наубайханалық ашытқылармен бірге ашуды бастайды. Осы кезде газ түзілу жылдамдығы уақытша төмендейді. Ашытқылар мальтозаны ашытуды қолға алған соң, ашу ортасында мальтозаның жетіспеушілігі байқалғанға дейін газ түзілу жылдамдығы тағы да жоғарылайды.
Қамырға глюкоза мен фруктозаға айналатын сахарозаны қосу кезінде, ашу басында мальтоза ысырылып тұрады. Қамырға сахароза жеткілікті мөлшерде қосылса, мальтоза ашытқымен бірге мүлдем ашымайды.
Ашу барысында спирттік ашу нәтижесінен қамырда газ көптеп бөлініп, қамырдың көлемін өсіреді.
Ашудың соңында қамырдың көлемі 70-100%-ға, температурасы ашытқылар қантты ашытқан кезде жылу бөлінуіне байланысты 1-2 оС-қа жоғарылап, тығыздығы төмендейді. Қамырдағы ұшқыш заттар мен көміртек диоксидінің бөлінуіне, үстіңгі бөлігінің булануына байланысты салмағы 1-3%-ға азаяды.
Спирттік ашудың жақсы жүруі және ашытқы клеткаларының өмірсүруі үшін қамырда ашитын қанттар болуы тиіс, сонымен қатар оның ылғалдығы, белсенді қышқылдығы, ортаның температурасы көрсеткіштерге сай сақталуы керек.
Ашытқылардың көбеюі
Ашытқылардың көбею динамикасы ашу кезеңінің барлық кезінде әртүрлі болады. Ұн массасына шаққанда 1,67% ашытқы қосылған 27 оС температурада екі сағаттай ашытылатын қамырда ашытқы клеткаларының көбеюі айтарлықтай байқалмайды. 2-4 сағат қамыр ашығанда ашытқы клеткалары 26%-ға өседі. Ал 4-6 сағат қамыр ашу барысында ашытқылардың көбеюі төмендеп бастапқы мөлшерінің 9%-ын құрайды.
Қамырда ашытқы клеткаларының көбеюі қосылатын ашытқының мөлшері жоғарылағанда 6 сағат ашыған қамырда: ұн массасына шаққанда 0,5% ашытқы қосылғанда - ашытқы клеткалары 88%; 1,0%– 58%; 1,5% – 49%; ал 2% мөлшерде қосылғанда 29% көбейеді.
Олардың көбеюі 2-2,5 сағатқа созылады. Сондықтан да ашытқының мөлшерін аз уақыт ашытылатын бір сатылы қамыр илеу кезінде көп қосады да, ал ашытпалы әдіспен дайындағанда аз қосады. Себебі, ашытпаның ашытылу уақыты 3,5-5 сағат болғандықтан ашытқылар жеткілікті көбейе алады да спирттік ашу жақсы жүреді.
1 г престелген ашытқыда 10 млрд ашытқы клеткаларының болатындығын айта кету керек.
Осыдан, 60% судан, 1,5% тұздан және 2% престелген ашытқыдан тұратын ашытпасыз бидай қамырындағы ашытқы клеткаларының бастапқы мөлшері 1 г қамырда шамамен 120 млн тең болады.
Ашытпаға немесе қамырға қосылған ашытқы біраз уақыт өткен соң қамырдағы қанттардың ашуына қатысады. Ашудың белсенді жүруі рН 3,0 ашу ұзақтығы 1 сағат температура 30оС болғанда белсенді жүреді де, ашу ұзақтығы 1 сағаттан асқанда газ түзілу төмендейді.
Ашытқы клеткаларының көбеюі витамин және жекелеген минерал тұздарынан, мысалы аммоний хлориді және күкіртқышқылды кальцимен байытылған қоректік ортада тездетіледі. Аздаған мөлшерде натрий хлоридін қосу да ашытқының көбеюіне әсерін тигізеді.
Сүтқышқылды ашу
Бидай қамырында спирттік ашумен қатар қоздырғыштары шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың микрофлоралары болып табылатын басқа да ашудың түрлері жүреді. Барлық қамырда спирттік ашудан кейін сүтқышқылдың мәні маңызды болып саналады.
Қышқылдардың жинақталуы мен түзілуі нәтижесінен ашу процесінде жалпы қышқылдық жоғарылап, рН өзгереді. Сұрыпты бидай ұны қамырының рН сандық мәні ашу барысында 6-дан 5-ке дейін өзгереді.
Ашып жатқан қамырда сүт, сірке, янтарь, алма, құмырсқа, шарап, лимон, және басқа да органикалық қышқылдар болады. Престелген ашытқы қосылған қамырды дайындау кезінде қышқылдықтың өсуі сүт қышқылдың жинақталу нәтижесінің арқасында жүреді. Сірке қышқылы да маңызды рөл атқарады. Барлық қалған қышқылдардың үлесі қамыр қышқылдығының 10%-ын құрайды.
Жартылай фабрикаттың қышқылдығына ұнның сұрыбының да әсері болады: ұнның шығымы жоғары болса, одан дайындалған ашытпаның да, қамырдың да қышқылдығы жоғарылап, рН көрсеткіші төмендейді.
Ортаның температурасы да қамырдың ашу қарқындылығына әсер етеді. Мысалы, 20 оС температураға қарағанда 30 оС температурада газ түзілу 3 есеге өсіп, ал 40 оС-та төмендейді. 35-45 оС аралықта қамырда қышқылдардың жинақталуы қарқынды жүріп, қышқыл түзгіш бактериялардың өмірсүруіне қолайлы орта болып табылады.
Қамырға қант, минералды тұздар және басқа да еріткіш заттардың көп мөлшерде қосылуы осмотикалық қысымның әсерінен ашытқылардың өмірсүруін төмендетеді.
Бидай қамырындағы сүт және сірке қышқылының жиналуы гетероферментативті сүтқышқылды бактерияның ашуы нәтижесінен жүреді. Сонымен қатар қамырда сүтқышқылды бактерияның түзілуіне гомоферментативті сүтқышқылды бактерияның да маңызды рөлі бар. Престелген ашытқыдан бидай қамырын дайындағанда бұл бактериялар қамырға ұннан келіп түседі. Престелген ашытқының құрамында қышқыл түзгіш бактериялардың бар екендігін айтып кету керек.
Қышқыл түзгіш бактериялардың ішінде оптимум температурасы 35 оС болатын ашытпа және қамырдың әдеттегі температурасында (28-30 оС) термофильді емес бактериялар (жылу сүймейтін) негізгі рөл атқарады. Ұнда сонымен қатар Дельбрюк бактериясының типіне жататын оптимум температурасы 48-54 оС, термофильді сүт қышқылды бактериялар (жылу сүйгіш) болады. Олар ашытпа мен қамырдың әдеттегі температурада ашу барысында негізгі рөл атқара алмайды.
Кестеде ұнның сұрыбына қарай престелген ашытқыдан дайындалған ашытпа мен қамырдың қышқылдығы келтірілген.
27-кесте. Жартылай фабрикаттардың қышқылдығы, град
Ұнның сұрыбы |
ашытпа |
қамыр |
||
бастапқы |
соңғы |
бастапқы |
соңғы |
|
Бірінші Екінші Қарапайым |
1,5-2,0 2,8-3,2 3,5-4,0 |
2,5-3,2 4,5-5,0 5,5-6,0 |
2,0-2,5 3,0-3,7 4,5-5,0 |
3,0-3,5 4,5-5,0 5,5-6,5 |
Кестеде көрініп тұрғандай ұнның шығымы жоғары болған сайын, оның қамырының және ашытпасының да қышқылдығы жоғары. Бұл, ұнның шығымы жоғары болса, оның қышқылдығы жоғары болып, ондағы қышқыл түзгіш бактериялардың мөлшерінің көбеюімен түсіндіріледі.
Бидай қамырының ашуы кезіндегі қышқылдығының өзгеруінің үлкен мәні бар. Қамырдағы ақуыз заттарының ісінуі және пептидтелуі оның қышқылдығы жоғары болса, тезірек жүреді.
Нанның хош иісі мен дәмінің пайда болуына қамырдағы қышқылдың түзілуі және оның спиртпен әрекеттесуі де біршама әсер етеді. Сүт қышқылы бидай нанына тартымды дәм берсе, сірке қышқылы мен ұшқыш заттар нанның қышқыл дәмін туғызады. Қамырдың қышқылдығы талап етілген стандартқа +0,5 град-қа нанның жұмсақ ортасының қышқылдығына сай болу керек.
Қамырдың және ашытпаның ашуының аяқталғандығын анықтау үшін оның қышқылдығы маңызды рөл атқарады.
Қамыр қышқылдығының құрамы және мөлшері ақуыз заттарының жағдайына, ферменттің белсенділігіне, ашығыш микрофлоралардың өмірсүргіштігіне, нанның дәмі мен хош иісіне әсер етеді. Бидай қамырында сүт қышқылдың үлесі 70 жуық, ал ұшқыш қышқылдың мөлшері – қышқылдың жалпы масcасына шаққанда 30%-ға жуық.
Қара бидай қамырында сүт қышқылдың үлесі 60 жуық, ал ұшқыш қышқыл - 40% жуықты құрайды. Ашу кезінде аздаған мөлшерде басқа да қышқылдар: май, валериан, алма, шарап түзіледі. Ұшқыш қышқылдар басқа қосылыстармен бірігіп нанның хош иісін түзеді және оның дәміне айтарлықтай әсер етеді. Ұшқыш қышқылдардың мөлшері төмен болса, нан аздап тығыз, ал жоғары болса, қышқыл болып кетеді.
Сүтқышқылды ашудың қарқындылығына жартылай фабрикаттың ылғалдығы, қышқылдығы, ашымалдың немесе сүтқышқылды бактериялары бар басқа да өнімдердің мөлшері, қышқылтүзгіш микрофлоралардың құрамы, қамыр илеудің қарқындылығы әсер етеді.
Қамырдың ашуы кезіндегі коллоидтық және физикалық-химиялық процестер
Қамырдың иленуі және түзілуі кезіндегі коллоидтық процестер оның ашуы кезінде де жалғасады. Қамыр илегенде ақуыздар, крахмал және кебектік заттар суды сіңіріп бөрітеді. Қамырда спирт жиналып, қышқылдығының жоғарылауы қамыр коллоидының су сіңірімділігін арттырады.
Онда ұн шырыштары мен ақуыздары шексіз петидтелініп ісінеді.
Қамырдағы ақуыздардың ісінуі шектелгенде ондағы сұйық фазаның мөлшері азайып, оның реологиялық қасиеті жақсарады. Ісіну мен пептидтелу шексіз жүрген кезде керісінше сұйық фаза өсіп қамырдың қасиеті нашарлайды.
Күші әртүрлі ұннан иленген қамырда осы процестер әртүрлі жылдамдықта жүреді. Күшті ұннан иленген қамырда ісіну ашудың соңына дейін жай жүреді. Ақуыздың шексіз пептидтелуі мен ісінуі байқала қоймайды. Әлсіз ұнның қамырында сұйық фазаның мөлшері жылдам жоғарылап, қамырдың сапасы нашарлап, сұйылып кетеді.
Күшті ұн қамырының ісінуі жайлап, қамырдың ашу соңына дейін жүреді. Мұнда ақуыздың пептидтелуі мен ісінуі шектелуі ғана болады.
Күші әлсіз ұнның қамырында ақуыздың ісінуінің шектелуі тез жүреді. Сондықтан да әлсіз ұн қамырында сұйық фазаның мөлшері жоғарылап, қамырдың реологиялық қасиетін нашарлатып, жайылғыштыққа әкеп соқтырады.
Ашу барысындағы қамырға механикалық әсер туғызу, яғни доғалау күшті ұн қамырының ақуызының ісінуін тездетіп, оның реологиялық қасиетін жақсартады. Өте әлсіз ұн қамырын қарқынды доғалау, қамырдағы ісінген ақуыздың құрылысының нашар болғандығынан, құрылысы тез бұзылып, қамырдың құрылыс-механикалық қасиетін нашарлатады.
Қамырдың (ашытпаның) ашу процесінде спирттік ашудың нәтижесінде жинақталған, диоксид көміртегі көпіршіктерінің қопсуынан оның көлемі үлкейеді. Қамыр көлемінің үлкеюінен оның ашуы кезінде ұнның ісінген бөлігінен желімше қабығының тартылу және созылуы жүреді.
Қамырды доғалау және оны бөлшектеу кезіндегі механикалық операцияда осы қабықтың жабысуы қамырда құрылымдық торкөзді ақуыз каркасын қамтамасыз ететін технологиялық процестің шешуші сатысы – соңғы жетілдіру және пісіру кезінде қамырдың пішін- және газ ұстап тұру қабілетін негіздейді. Осының нәтижесінде нанның жұмсақ ортасы жақсы бидай нанына тән ұсақ, жұқақабырғалы және біркелкі кеуекті болады.
Қамырдың ашуы кезіндегі биохимиялық процестер
Қамырдың ашуы кезінде ұнның ферменттері, ашытқы және микроорганизмдермен өзара әрекеті бар, қамырдың жетілуін қамтамасыз ететін спиртті және сүтқышқылды ашудың негізінде күрделі биохимиялық процестер жүреді.
Қамырдан ашытқы клеткаларына және қышқыл түзгіш бактерияларға олардың өмір сүруіне (ашуға, тыныс алуға, көбеюге) қажетті ерігіш заттар түседі, ал қамырға клеткалардан ашудың негізгі және жанама өнімдері бөлінеді.
Қамырдың құрамына кіретін осы заттармен қатар, қамырдың қышқылтүзгіш бактериялары және ашытқыларымен бөлінетін ұн ферменттерінің әрекетімен негізделген кешен қарастырылады. Осының нәтижесінде қамырдың құрамы және қасиеті үздіксіз өзгереді.
Ашу процесі кезінде қамырдың көмірсу-амилаза кешені өзгереді. Ұнның өз қанттары ашытқының көмегімен тез божиды. β-амилаза ферментінің әсерінен крахмал мальтоза қантына айнала бастайды. Осы мальтоза ұнның өз қанттары (сахароза, глюкоза, фруктоза) аяқталған соң, божу процесіне қатынасып, қамырдың ашу процесін жалғастыра түседі. Осы қанттың қоры қамырдың негізгі ашу мерзімі бітіп, оны доғалап болған соң, қайта ашу процесіне және одан да артылып, нанның қыртысына ал қызыл түс беретін зат ретінде пайдалануға да жеткілікті болады.
Қамыр илеудің соңына қарай қайта қалпына келетін қанттардың мөлшері ұнның құрамындағы қанттармен салыстырғанда жоғарылайды. Мұнда крахмалдың мөлшері қамыр илеудің соңына дейін төмендеп, ал ашу процесі кезінде бір деңгейде болады.
Қамырдағы мальтоза ұнның өз қанттары – сахароза, глюкоза, фруктоза ашып болған соң ғана ашуға қатысады. Одан арықарай мальтозаның түзілуі үздіксіз жүреді.
Ашу процесінде пісіру кезіндегі меланоидин реакциясына қатысатын ұн ферменттеріне сәйкес жоғары молекулалы пентозандардың гидролизі жүреді. Пентозандармен қатар раффиноза трисахаридінің ыдырау нәтижесінен глюкоза да түзіледі.
Ашу кезінде қамырдағы ақуыздар пептидтік байланыстың гидролизі және ақуыз макромолекуласының деполимеризациясына негізделетін ұнның протеолитикалық ферменттерінің әсеріне ұшырайды. Осы кезде түзілетін бос аминқышқылдар пісіру кезіндегі меланоидин түзілу реакциясына қатысады.
Ашу кезінде ашытқы қосылған қамырда протеолиз ашытқысыз қамырға қарағанда қарқынды жүреді. Бұл ашытқы клеткаларында болатын глютатион (әсіресе, ұзақ уақыт немесе қолайсыз жағдайда сақталған престелген ашытқыда) ұн протеиназа активаторы болады да, оны қоршаған ортаға бөліп шығарумен түсіндіріледі. Ашып жатқан қамырда протеолиз глютатион бөлмейтін ашытқыларда да белсенді бола алады. Бұл ашытқылардың қамырдағы тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш потенциалының өзгерумен түсіндіріледі.
Осындай жағдайда қамырда ұнның протеиназасы белсенді болып, ақуыздың ферменттерге ұшырауы жоғарылайды.
Қамырдағы протеолиз деңгейі ұнның күшіне және басқа да факторларға байланысты белгілі бір шектен аспау керек. Әлсіз ұннан иленген қамырда протеолиздің қарқынды жүру нәтижесінен тұрақсыз ақуыздары кері агрегацияланады, қамырдағы ақуыздардың пептидтелінуі мен ісінуінің шексіз жүруіне әкеп соғады. Соның нәтижесінен қамырдың сұйық фазасының бөлігі өсіп, консистенциясы нашарлап, домалақтағыш, созғыш машинаның жұмысын қиындатады. Жетілдіру, пісіру кезінде қамыр дайындамалары жайылып, қалыптағы нандардың көлемі кішкентай, домалақ нандар жайылғыш болады.
Осыған байланысты күші бойынша әлсіз, тіпті орташа ұн қамырында протеолизді тежеу қажет етіледі. Қамырдың ашуы кезіндегі протеолизді тежеудің тиімді әдісі ретінде тотықтырғыш әсері бар жақсартқыштарды қолдануға болады.
Ашытпада және қамырда протеолизді белгілі ас тұзы арқылы тежеуге болады.
Желімшесі әлсіз ұндарды қайта өңдегенде, қамырдың ашуы кезіндегі протеолизді төмендету үшін технологиялар, әдістер, құралдар және басқа да шаралар қолданылуы тиіс.
