- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
Қопсыту – бұл қамырда кеуекті құрылымның түзілуі. Қамырды қопсыту биологиялық, механикалық және химиялық жолмен жүргізілуі мүмкін. қамырды қопсыту әдістерінің сызбасы 38-суретте келтірілген.
Қамырды қопсытқыштарға қамырды қопсытуға қабілетті заттар жатады. Қопсытқыштар – наубайханалық престелген ашытқы, сұйық ашытқы, ашымал, химиялық қопсытқыштар, газдан (оттегі, ауа, көміртек диоксиді) тұрады.
38-сурет. Қамырдың қорсытқыштары
Қамырды биологиялық жолмен қопсыту
Биологиялық әдісте спиртті және сүтқышқылды ашудың нәтижесінде бөлінетін көміртек диоксидінің әсерінен қамыр қопсиды. Спиртті ашу қамырда ашытқымен жүреді. Қамырда ашытқылар қанттармен бірігіп, спиртті және көміртек диоксидінің түзілуін қамтамасыз етеді.
Спирттік ашудың бірінші белгісі қамырдың көлемінің біркелкі үлкеюі. Ашу кезіндегі қамырдың көлемі жетілдіру соңында 5 есеге өседі де, түсі аздап ағарып, құрылымы кеуекті болады. Спирттік ашу негізінен бидай қамырына тән.
Қамырда спирттік ашумен қатар қоздырғыштары шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың микрофлоралары болып табылатын басқа ашу түрлері, сүтқышқылды ашу жүреді. Ашудың мұндай түрі бидай қамырында да қара бидай қамырында да жүреді, негізінен қара бидай қамырына тән.
Қамырды биологиялық әдіспен қопсыту үшін 1-5 сағ аралықтағы ұзақ уақыт қажет етіледі. Осы уақыт аралығында қамыр қопсып қана қоймай жетіледі, яғни қамырда спиртті және сүтқышқылды ашудың жанама өнімдері болып табылатын дәмдік және хош иістік заттар жинақталады. Сонымен қатар қамыр сапалы нан алуға қажетті оптимал қасиетке ие болады.
Қамырды химиялық жолмен қопсыту
Химиялық әдіс ретінде химиялық қопсытқыштарды қосу кезінде бөлінетін көміртек диоксиді мен аммиактың әсерінен қамырдың қопсуы қарастырылады.
Қамырды химиялық әдіспен қопсыту кезінде химиялық қосындылар реакциясы немесе олардың қамырдағы сумен қоспасы немесе пештегі жылу нәтижесінде қопсытқыш газ (әдетте СО2 немесе NН3 немесе осылардың қоспасы) бөлінеді.
Химиялық қопсытқыш ретінде натрий гидрокорбанаты (NaHCO3), аммоний карбонаты (NH4)2 CO3) немесе олардың қоспасы (88:12) қолданылады.
Қопсытудың бұл түрі ұнды кондитер өнімдерін дайындауда ғана қолданылады.
Қамырды механикалық (физикалық) жолмен қопсыту
Механикалық әдісте қамырды илеу кезіндегі қамыр илегіш машинаға қысым арқылы түсетін оттегі немесе ауа, көміртек диоксиді әсерінен қопсыту қарастырылған.
Қамырды механикалық әдіспен қопсыту үшін арнайы тығыз жабылатын қамыр илегіш машиналар қолданылады.
1856 жылы Англияда қамырды қопсыту үшін қысыммен көмірқышқыл газы (көміртегі диоксиді) берілетін және иленген қамырды шығару үшін қақпақпен қамтылған, құбырмен жалғасқан, илеу камерасы герметикалық жабылған арнайы конструкциядағы қамыр илегіш машинаны қолданып, қысым арқылы қамырды көміртегі диоксидімен қанықтыратын әдіс ұсынылған.
Бұл әдіс тек қана бидай қамырын және нан өнімдерінің үлкен көлемдерінде қолданылғандықтан көп қолданыс таппаған.
Бұл тәсілдің басқалармен салыстырғанда ерекшелігі қамырдың бір бөлігін бұлғау. Қамырдың белгілі бір бөлігі (сұйық және суық күйінде) берік және ауыр конструкциялы арнайы бұлғағыш машинада 5 мин бойы бұлғанады. Бұлғанған масса біраз үзілістен соң кәдімгі қамыр илегіш машинаға түседі, ол жерде қамыр иленіп, бөлшектеп-өңдеуге, пісіруге жіберіледі.
Қамырды механикалық әдіспен қопсытудың артықшылығы – ашу кезінде құрғақ заттың шығыны азаяды, қамыр ашыту ұзақтығы қысқарады, дайын өнімнің шығымы жоғарылайды. Сонымен қатар қопсытудың бұл әдісінде рецептурадан престелген ашытқыны алып тастап, ашытқысыз диеталық нан алуға болады. Механикалық әдіспен қопсытудың негізгі кемшілігі қамыр дайындау ұзақтығының қысқаруынан дайын өнімге дәм мен хош иіс беретін заттардың жеткілікті жинақтала алмауы. Сондықтан нанның дәмі мен иісін жақсартатын арнайы тағамдық қоспалар қосу ұсынылады.
Қамырды механикалық әдіспен қопсыту бисквит қамырын дайындауда кең тараған.
Қамырды қопсыту әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Жоғарыда көрсетілген әдістерге көз жүгіртсек, жұмсақ ортасы жақсы қопсыған, кеуекті нан-бөлішке өнімдерін алу үшін қамырды қопсытудың бірқатар әдістері бар екенін көрсетеді.
Нан-бөлішке өнімдерін дайындау үшін қопсытудың негізгі және тиімді әдісі ашыту болып табылады.
Бұл әдістің басты артықшылығы жақсы қопсыған және көтерілгендігімен қатар, спецификалық тартымды дәм мен хош иіске ие нан алуға болады.
Спецификалық тартымды дәм мен хош иіс алу үшін қамырдың ашуы кезіндегі жүретін спиртті және сүтқышқылды ашудың негізгі және жанама заттары қатысады.
Қамырды химиялық, физикалық, механикалық қопсыту жақсы қопсыған нан алуға мүмкіндік береді. Бірақ мұндай нанда жақсы ашыған нандағы сияқты өзіндік дәм мен хош иіс болмайды.
Сондықтан да нан-бөлішке өнімдерін дайындауда қопсытудың тиімді әдісі ашыту болып табылады. Дегенмен де, қамырды ашыту арқылы қопсытуда мынадай кемшіліктер бар:
қамыр ашыту процесі ұзақ (4-5 сағат) болғандықтан, әсіресе, әдеттегі ашытпалы әдіспен дайындалғанда, қамыр ашыту микрофлоралармен ашитындықтан белгілі мөлшерде ұнның құрғақ затының шығыны болады.
қант пен майдың біршама мөлшері бар қамырдың ашуы өте баяу жүреді, ал көп концентрациядағы қант пен май қосылғанда ашу мүлдем жүрмейді.
Сондықтан құрамында көп мөлшердегі қанты мен майлары бар ұнды кондитер өнімдерін дайындау барысында қамырды қопсыту химиялық қопсытқыштарды немесе жұмыртқа ақуызын көпіртуді механикалық қопсытуды қолдану арқылы жүргізіледі.
