- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
8.3.2. Пісіру температурасы
Қарапайым типті нан пісіретін пештердегі нан пісірудің радиационды-конвективті процесінің қолайлы режимін сипаттайтын жалпы ережелер Л. Я. Ауэрман зерттеулерінде келтірілген. Ол нан пісірудің екі түрін ажыратуды ұсынды: бірінші кезең - ПҚД-ның көлемінде жүретін өзгеріс (өсу) және көлемі тұрақты болатын - екінші кезең. В. И. Маклюков жүргізген соңғы зерттеулердегі мәліметтер негізінде, өндірістік жағдайда нан пісірудің үш кезеңін ажыратуды ұсынды және ол кезеңнің әрқайсысы қалыпта және пеш табанында пісірілетін ПҚД-да белгілі бір процестердің жүруімен сипатталады.
Пісірудің бірінші кезеңі – пісіру камерасының ылғалды зонасына ПҚД-ын енгізуден басталады. Ондағы салыстырмалы ылғалдылық 70-90% және булы-ауа ортасының салыстырмалы төменгі температурасы – 100-120оС құрайды. Қамыр дайындаманың беткі қабатында – айтарлықтай мөлшердегі жылудың бөлінуімен будың конденсациялану процесі жүреді. Қарқынды сыртқы жылу және масса алмасудың нәтижесінде ПҚД-ы қыздырылады. ПҚД-ның массасы – оның бетіндегі будың конденсациялану салдарынан ұлғаяды. ПҚД-ның беткі қабатындағы температура ең жоғарғы мәнге жеткенде, бу конденсациясы тоқтайды және пісірудің бірінші кезеңі аяқталады. Оның ұзақтығы 1-3 минутты құрауы мүмкін және бірнеше факторларға тәуелді. Олардың ішіндегі ең негізгісі ылғалдану зонасының аумағы, осы зонадағы жылулық және желдету процестері.
Конденсаттың ылғалдылығы мен жылулығының ПҚД-на әсер етуі, оның бірқатар реологиялық қасиеттерін өзгертеді: ПҚД-ның беткі қабатының тұтқырлығы төмендейді және пішін ұстап тұру қабілеті жойылады. Пеш табанына пісірілетін қамырдың көлемі – ұзындығы мен ені есебінен ұлғаяды, ал биіктігі шамалы ғана жоғарылайды.
ПҚД-ның беткі қабатындағы будың конденсациялануы аяқталғаннан және оның бетіндегі конденсаттың жойылуы басталғаннан кейін пісірудің екінші кезеңі басталады. Бұл ПҚД-ы массасының азаюына алып келеді. Бұл кезде ПҚД-нан және одан тыс жылудың жинақталуы жүреді, осының нәтижесінде оның беткі қабатының температурасы төмендейді. Беткі қабаттан конденсаттың жойылуы аяқталғаннан кейін, булану зонасының ПҚД-ның ішкі қабатына ауысуы басталады және беткі қабаттың температурасы жоғарылайды. Беткі қабаттан макро- және микрокапиллярлар ылғалының және адсробциялық байланысқан ылғалдың булануы жүреді. Бұл ылғалдың булануының тежелуіне (конденсаттың жойылуымен салыстырғанда) және ПҚД-ы массасының азаюына алып келеді.
Булану зонасының тереңдеуіне байланысты, бірқатар сусызданған қабат аймақтары түзіледі және екінші кезеңнің соңына қарай олардың жылу өткізгіштігі айтарлықтай төмендейді. ПҚД-ы қабаты үстінің температурасы 100оС және одан жоғары болады. ПҚД-ы қабатының температурасы 105-115оС-қа жеткенде оның беткі қабатының бояуы өзгеріп, қабықтың түзілуі басталады. Пісірудің екінші кезеңінде көлемнің қарқынды ұлғаюы жүреді және нан өнімдерінің пішіні түзіледі, яғни оның биіктігі ұлғаяды, ал ені, кей жағдайларда ұзындығы азаяды.
Екінші кезеңнің ұзақтығы – пісіру камерасындағы жылуалмасудың қарқындылығына байланысты. Бидай ұнынан дайындалатын үлкен көлемді батон тәріздес өнімдерді алу үшін екінші кезеңнің ұзақтығын ұлғайту тиімді және кезеңнің соңында жылу ағынының тығыздығын жоғарылатуды қамтамасыз ету қажет.
Мұндай жағдайда жылулық ағынының тығыздығын жоғарылатқанда ПҚД-ның қабатындағы екінші кезеңнің ұзақтығы төмендеп, яғни нан қабығының тез түзіліп және нан көлемінің ұлғаю кезеңінің қысқаратынын ескеру қажет.
Қара бидай ұнынан нан пісіргенде – ПҚД-ның пішін ұстау қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін беткі қабаттағы тығыз қабықтың жылдам түзілуі қажет. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін пісіру камерасының ылғалды зонасынан кейін бірден жылулық ағынының тығыздығын ұлғайту қажет. Жылытқыш жүйенің конструкциясына байланысты бұл зонадағы орта температурасы 280-нен 350оС-қа дейінгі аралықты құрауы тиіс. Қара бидай және бидай ұнының қоспасынан дайындалатын нандарды пісіруде бұл температура – 250-280оС-тан төмен болуы тиіс.
Пісірудің үшінші кезеңі – ПҚД-ы қабатының температурасы 105-115оС-қа жеткеннен кейін басталады. Бұл кезеңде – үстіңгі сусызданған қабаттың түсі өзгереді, ішкі қабаты нан жұмсағына айналады, көлемнің ұлғаюы және ПҚД-ның геометриялық өлшемдерінің өзгерістері аяқталады. Кей жағдайларда үшінші кезеңнің соңына қарай ПҚД-ның отыруы жүреді, осының нәтижесінде оның биіктігі төмендейді.
Үшінші кезеңде булану зонасы қабық асты қабаттары мен нан жұмсағы шекарасының аралығында күшейеді. Булану қарқындылығы қабықтың түзілуінен төмендейді, ылғалдың булану жылдамдығы тұрақтанады. ПҚД-ы қабатының температурасы алғашқы кезеңде жоғарылайды, ал соңына қарай – төмендейді. Бұл кезеңде ПҚД-ның ішкі қабаттарының қызу температурасы 95-98оС-ға дейін жетеді. Кей жағдайларда нан жұмсағының қасиетін, оның дәмін және хош иісін жақсарту мақсатында – ПҚД-ы ортасының температурасы 95-98оС-ға жеткеннен кейін пісіру ұзақтығын 2-10 минутқа созу дұрыс болып табылады.
8.3.3. Пісіру ұзақтығы
Нан-бөлішке өнімдерін пісіру ұзақтығы 8 минуттан – 80 минутқа дейін және одан да көп уақыт аралығын қамтиды және бірнеше факторларға, өнім түріне, оның массасы, пішіні, рецептурасы, пісіру тәсілі, (қалыпта немесе пеш табасында) жылу беру және пісірудің жылу режимінің әдісі, пеш табанына салу барысындағы тығыздық, қамырды дайындау әдісі және оның қасиеттеріне және т.б. байланысты.
ПҚД-ның массасы неғұрлым жоғары келсе, әрі пеш табанына салынатын қамыр дайындамасының тығыздығы жоғары болған сайын, пісіру ұзақтығы да жоғары болады. ПҚД-ның беткі қабатының үлесі, әрі пісіру камерасындағы булы-ауа ортасының температурасы жоғары болса және пісірудің бірінші кезеңінде ылғалдану қарқындылығы жоғары болған сайын, сәйкесінше пісуі де соғұрлым жылдам өтеді. Массасы бірдей домалақ нан қалыптағы нанға қарағанда тез піседі.
Пісіру ұзақтығы – нан өндірісіндегі технологиялық процестердің маңызды көрсеткіші болып табылады. Нанның шығымына әсер ететін пісіру кезіндегі нан салмағының кемуі, пеш өнімділігі – пісіру ұзақтығына байланысты болады. Сондықтан да наубайхана кәсіпорындарының кейбір жұмысшылары пештің өнімділігін жоғарылату мақсатында және нанның кемуін азайту үшін пісіру ұзақтығын төмендетеді. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде нан сапасы, яғни: нанның дәмі, иісі, тағамдық құндылығы төмендейді, тез ескіреді және жұмсақтығы нашарлайды. Пісіруді шектен тыс ұлғайту да тиімсіз.
Бірқатар мемлекеттерде нан-бөлішке өнімдерінің стандарттарына пісіру ұзақтығы регламенттеледі.
В. А. Брязун жүргізген зерттеу мәліметтері негізінде, жоғары сапалы нан-бөлішке өнімдерін алу үшін олардың пісу ұзақтығын нұсқада көрсетілген уақыттан: домалақ бидай наны үшін - 35-40% және қалыптағы бидай наны үшін 8-12%-ға ұзақ пісіру керек деген пікір айтылған.
