Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilim-Baiysbaeva-Nan-onimderi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар

Жуатын құралдар. Жуатын құралдар нан зауытындағы бөлмелерді, наубайларды және өндірістік жабдықтарды жуу үшін пайдаланады.

Жууды санитарлық ережеге сай (2.3.4.545-96) жуу қабілеті жоғары, жуатын үстіңгі беттерді толықтай тазартатын, судың тұздылығын жұмсартатын, ерітінділер дайындау арқылы жүргізеді.

Наубайхана өндірістерінде негізінен мемсанэпидбақылау органдарымен рұқсат етілген кальцилендірілген сода ерітіндісі пайдаланылады. Сонымен қатар соңғы кездері «Септабик» және «Септадор» препараты қолданылады.

Тот баспау үшін метосиликат натрий ұнтағы, заласыздандыру үшін дезиол қолданылады.

Қолмен жуу үшін 0,5%-дық, механикамен өңдеуде 1,0%-дық «Дезмол» ерітіндісі пайдаланылады.

Кальцилендірілген сода - суда жақсы еритін, ақ кристалл ұнтақ – суалдырылған көмірқышқыл натрий.

Су ерітіндісінде жуатын әсері бар, сілті және гидрокорбанат түзе отырып ыдырайды.

Кальцилендірленген соданың ыстық ерітіндісі (50-60 0С) кірлеген үстіңгі қабаттарды және ақуыз қалдықтарын кетіріп, жақсы жуады.

Қолмен жуу үшін 70—80 °С жылытылған, 0,5%-дық кальцилендірілген сода ерітіндісін қолдану ұсынылады.

Жуатын әсері біршама тиімді кальцилендірілген сода белсенді және тотбасуға қарсы заттармен қоспасы аса тиімді қасиетке ие.

Натрий метасиликаты. Өндірістік құрал жабдықтарды тотбасуға қарсы ұнтақ қосылған немесе ұнтақсыз жууға арналған құрал.

Кальцилендірілген содаға 0,1%-дық натрий метасиликаты ертіндісін қосылады.

«Дезмол» — синтетикалық және залалсыздандыруға арналған жуу құралы. Құрал жабдықтарды залалсыздандырып жуу үшін қолданылады.

Құрамы,%: синтетикалық жуу құралы (алкилсульфаты, алкилсульфонат) натрий үшполифосфат 20,0; натрий метасиликаты 30,0 (девятиводный); кальцинирлендірілген сода 24,0 – 28,0; хлорамин «Б» 18,0-22,0; натрий сульфаты және су (компонент құрамында) 100,0 – ға дейін.

«Дезмолды» - жабдықтарды жууы мен залалсыздандыруды бір операцияда жүргізу үшін қолданылады. Қолмен жууы үшін 0,5% ертіндісі, механикалық өндеу үшін – 1,0% «Дезмол» ертіндісі қолданылады.

Католитті нан және кондитер өнімдерін шығаратын өндірістерде ас тұзы ертіндісін сүзгілі электролиз катодты аймақта өңдеу кезінде алады. Католиттің сілтілік көрсеткіші рН 9—11. Құралдарды жуу үшін қарапайым рН 9-10 темпера­турасы 50-60 °С аралығында болу керек.

Залалсыздандыру құралы. Нан-тоқаш өндірісінде құрал-жабдықтарды, өндіріс орнын залалсыздандыру үшін хлорлы заттар (хлорлы әк, хлорамин, антисептол, әкті сүт, анолит, натрий гипохлорит ертіндісі), сонымен бірге 4-тік аммоний қосылыстары: «Септабик» және «Септодор» ертіндісі қолданылады.

Залалсыздандыру препаратының тиімділігі оның құрамындағы белсенді заттардың мөлшеріне әсер ету уақытына және ерітіндінің температурасына байланысты.

Хлорлы залалсыздандыру препараты темперурасының жоғарлауы тотбасуға ұшырауына әкеліп соқтырады. Сондықтан оны 50 °С (45-50 °С) жоғары қолдануға болмайды. Залалсыздандыру үшін үстіңгі терді мұқият жуып, тамақ қалдықтарын тазалайды себебі, олар хлормен байланысып микробтарға қарсы тұруын бәсеңдетеді. Тотықпайтын болаттың хлорлы препараттарды қолданғанда тотбасуға аз әсері бар. Резіңке, құрал жабдыққа жапсар ретінде қолданылады, будың әсерінен бұзылады, бірақ сонымен залалсыздандыру үшін хлорлы заттар ертіндісіне төзімді.

4-тік аммоний қосылысы металл, ағаш, пластик, бетон, резиналардың тотбасуға ұшырау қасиетін болдырмайды. Бірақта олардың температурасы 45-50 °С асса зияндығы жоғарылайды. Сондықтан жұмыс ерітіндісінің температурасы 45 °С жоғары болмау керек.

Хлорлы әк - ақ түсті түйіршіктелген өзіне тән хлорлы иісі бар ұнтақ. Бұл суда толық ерімейді.

Ауаның әсерінен хлорлы әк тез бұзылады, сондықтан жабық қаптамада қараңғы бөлмеде сақтау керек.

Хлорлы әк ерітіндісі 10 күннен артық сақталса, өзінің белсенділігін жоғалтады.

Хлорлы әк ерітіндісінің белсенділігін үздікті түрде пайызбен немесе мг/л хлор белсенділігі арқылы анықтайды.

Бактерияларды жою әсерінің тиімділігі хлорлы ерітіндінің құрамындағы белсенді хлордың мөлшері 28-ден 36% болса жоғарылайды. Хлорлы әктің құрамында 25% белсенді хлор болған кезде залалсыздандыруға қолданылмайды. Хлорлы әкті дұрыс сақтамаған жағдайда, әктің белсенділігі төмендейді. Оны ылғал, жылу, күннің көзі түспейтін құрғақ қараңғы, жабық ыдыста температурасы 20—25 °С жерде сақтау қажет. Хлорлы әк ертіндіндісін дайындау кезінде хлордың көзге тимеуінен қорғану үшін көзілдірік тағу қажет етіледі.

Құрал жабдықтарды дезинфекциялау үшін хлорлы су деп аталатын тұндырылған түссіз, хлорлы әк пайдаланылады.

Хлорлы суды - концентрленген тұндырылып, түссіздендірілген 10%-дық хлорлы әк ертіндісімен дайындайды.

Керекті ертінді былай дайындалады: 1 кг құрғақ хлор­лы әкті эмальды шелекке салып жақсылап ұнтақтайды. Сосын оған 10 л суық су құйып, одан соң жақсылап араластырады, қақпағын жауып қараңғы жерге 1 күнге қалдырады. Осыдан кейін түзілген ашық түсті 10%-дық ертіндіні мұқият қабатталған дәкемен немесе тығыз матамен сүзеді. Қара түсті бөтелкелерде ағаш қақпақпен жауып, салқын жерде 10 тәуліктен аспайтындай етіп сақтайды.

Жұмысшы ертіндісін коцентрациясы 10%-дық тұндырылған, түссіз ерітіндісімен қолданар алдында дайындайды.

Негізгі 0,2–10%-дық жұмысшы хлорлы әк ерітіндісін дайындауға керекті мәліметтер 20-кестеде берілген.

20-кесте. Жұмысшы ерітіндісін дайындауға қажетті 10%-дық негізгі ерітіндінің мөлшері

Жұмысшы ерітіндісіндегі хлорлы әк концентрациясы,%

Жұмысшы ерітіндісін дайындауға қажетті 10%-дық негізгі ерітіндінің мөлшері, мл

1 л-ге

10 л-ге

0,20

20

200

1,00

100

1000

2,00

200

2000

5,00

500

5000

10,00

Негізгі ерітінді

Негізгі ерітінді

Ескерту: жұмысшы ертіндінің концентрациясы хлорлы әкті ертіндіден алынған хлорлы әктің мөлшерімен анықталады. Тұндырылған, түссіз 0,2-10%-ға дейін хлорлы әк ертіндісінің концентрациясы залалсыздандыратын аймаққа байланысты таңдалады.

Анолит және натрий гипохлорит ертіндісі. Наубайхана өндірісінде анолитті нан өнімдерін шығаратын өндірістерде ас тұзы ертіндісін сүзгілі электролиз катодты аймақта өңдеу кезінде алады. Анолиттің параметрлері: рН – 1-6-ға дейін болса, белсенді хлор 0,01- 0,2% (белсенді хлордың мөлшері 0,04 – 0,8%-дық әкті хлор ертіндісі болғанда). Негізінен залалсыздандыру үшін рН 1 – 3 анолит қолданылады.

Сонымен қатар натрий гипохлорид ертіндісін өндірісте қайнатылған тұзды ертіндіні электролиздеу арқылы алады. Алынған ертіндінің параметрлері рН 7-11 құрамында белсенді хлор 0,01 – 1,0% (белсенді хлордың мөлшері 0,04-4,0%-дық әкті хлор ертіндісі болғанда). Натрий гипохлорит ертіндісінің параметрлері өңделетін аймаққа байланысты анықталады.

Хлорамин (натрий паратолуолтиосульфонхлорамин) ақ және сары түсті кристалды зат. Құрамында 24-28% белсенді хлоры бар. Бөлме температурасында суда жақсы ериді. Хлорамин ертіндісін қолданар алдында 0,2-10%-дық ертінді етіп дайындайды. Хлораминді шыны немесе эмальды ыдыста ерітеді. Хлорлы әк ертіндісімен салыстырғанда 50 оС температура да ертіндіден ауаға хлор бөлінбейді.

Тағам өндірісінде хлорамин ертіндісінің концентрациясы қолды залалсыздандыру үшін 0,5% және құрал жабдықтарды дизенфекциялау үшін 1,5 – 2% мөлшерде қолданылады.

1-10 л суға арналған хлорамин мөлшерінің концентрациясы қатынасы %, 21-кестеде келтірілген.

21-кесте. Хлораминнің мөлшері мен концентрациясы арасындағы қатынас

Ертінді концентрациясы ,%

Хлорамин мөлшері

1 л суға

10 л суға

0,5

5

50

1,0

10

100

2,0

20

200

Хлорамин ертіндісі қара түсті, аузы жабылған ыдыста 15 тәулікке дейін сақталады.

Белсендірілген хлорамин. Залалсыздандырушы хлорамин ерітіндісіне 1:1 немесе 1:2 қатынаста белсендіргіш қосу арқылы дайындалады. Белсендіргіш ретінде аммоний қосылыстары – нитрат, сульфат хлорид қолданылады. Белсендірілген хлораминді қолданар алдында мұқият болу керек. Хлорамин және аммоний тұзын бөлек өлшейді. Алдымен хлор аминді суда ерітіп содан кейін белсендіргішті қосады.

Белсендірілген ерітіндінің артықшылығы қарапайым ерітінділермен салыстырғанда, белсендіргіштерді қосқанда белсенді хлордың бөлінуін тездетеді.

Сондықтанда бұл препарат спора және микроорганизмдерді жою үшін қолданылады. Белсендірілген хлораминнің концентрациясы 0,5-2,5% болу керек.

Антисептол - хлорлы әк және кальциленген сода қосындысынан тұрады. Дайын өнім қоймасын және цехтық аумақтарды залалсыздандыруға ұсынылады. Өндірістік қабырғаларды залалсыздандыру үшін 2-3 сағаттан кейін осы ертіндімен жуады. Залалсыздандыру кезінде антисептолмен бірге жаңа сөндірілген әк пен бор қосылады.

Қабырғаларды тегістеп болғаннан кейін желдетіп, бөлмелерді ағартып және қайтадан 20%-дық жаңа дайындалған әкті сүтпен ағартады. Ағарту аралығы – 2 сағ.

Антисептолды дайындау келесідегідей жүргізіледі: 3,5 кг әкті хлор ертіндісіне (40-450 С) 60-70 л ыстық су қосып ерітіп, сосын үстіне 100 л су құйылады. Қалған тұндырылған әкті хлор ертіндісіне 1-2% кальцилендірген сода ертіндісін қосады. Алынған ертіндініге 2 есе су қосып залалсыздандыру үшін қолданады.

«Септабик» құралы. 4-тік аммоний қосылысының құрамына кіреді. Ақ түсті, иіссіз ұнтақ, суда ериді. Ертіндінің концентрациясы 0,5% жоғары болған кезде ұнтақтың ерігіштік қасиеті төмендейді. Жұмысшы ертіндісі түссіз. «Сентабик» құралы залалсыздандырғыш және жуу қасиетіне ие.

Жұмысшы «Септабик» ертіндісі металл, пластик, мата, бетон сияқтылармен жақсы әсерлеседі. «Септабик» ұнтағы бөлме температурасында шектеусіз уақытта белсенділігін жоғалтпайды.

«Септабик» жұмысшы ертіндісін температурасы 30 оС-та 2 жыл сақтау тиімді.

«Септабик» құралының сулы ертіндісін кез келген материалдан жасалған ыдыста дайындайды. Наубайхана өндірісі ғимараттарын және тұрмыстық бөлмелерді залалсыздандыру үшін 0,5% концентірленген «Септабик» ертіндісі 250 мл/м аймақты залалсыздандыруға қолданады. Жұмысшы «Септабик» ерітіндісін дайындау кезінде ұнтақтың көзге және теріге тиуінен сақ болған жөн.

«Септодор» құралы 4-тік аммоний қосылыстарынан тұрады. Залалсыздандыру және жуу қасиетіне ие. «Септадор» жұмысшы ертіндісі металл, пластик, мата, ағаш беттерін бүлдірмейді. «Септадор» өзінің белсенділігін бөлме температурасы 18-20 0С 1 жылға дейін сақтайды. «Септадор» және оның ертінділері сабынмен және беттік активті заттар анионымен бірікпейді.

Сірке қышқылы түссіз, өткір иісті және дәмі қышқыл сұйықтық. Бактерия өлтіргіш қасиетке ие. Сірке қышқылы концентрациясы 95-99% сусыз, сірке эссенциясы 80%-дық сулы қышқыл ертіндісі, 5% сулы қышқыл ертіндісі күйінде өндіріледі. Сірке қышқылын дайындауда техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Себебі сірке қышқылы тыныс жолдарының нәзік қабатын зақымдайды. Сірке қышқылын қолданар алдында су қосу керек.

Мысалы: сусыз сірке қышқылы қосу арқылы 3%-дық залалсыздандырушы сірке қышқыл ертіндісін дайындайды. Осындай ерітіндіні дайындау үшін 97 мл және 3 мл 95 – 99% концентрациялы сусыз сірке қышқылы қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]