Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilim-Baiysbaeva-Nan-onimderi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері

Рецептура - дегеніміз нанның белгілі бір түрін шығару үшін қолданылатын шикізаттардың қатынасы мен тізімі. Барлық нанның түрлеріне жеке-жеке 100 кг ұнға есептелген мемлекеттік стандарт бойынша рецептура бекітіледі. Бұл рецептуралар арнайы жинақтарда келтіріледі. Бекітілген рецептураға негіздеп зертханада ұнның мөлшерін, судың және т.б. шикізаттардың мөлшерін, өнімді дайындаудың технологиялық режимін (температура, ылғалдығы, қышқылдығы, ашу ұзақтығы және т.б. көрсеткіштері) көрсететін өндірістік рецептура құрылады.

Өндірістік рецептура мен технологиялық режимдердің параметрлерін сынақ нан пісіру арқылы анықтайды. Төменде мысал ретінде жоғары сұрыпты бидай ұнынан дайындалатын тілінген батонның рецептурасы келтірілген.

Технологиялық режимдерді құрастырғанда міндетті түрде ұнның наубайханалық қасиеті, өндірістің жағдайы (бөлменің температурасы, ашытқының түрі және сапасы, шикізаттардың өзараалмастырғыштықтары және т.б.) есепке алынады.

Өндірістік рецептураны және технологиялық режимдердің параметрлерін құрастырғаннан кейін өндірістік сынақ нан арқылы тексереді.

24-кесте. Жоғары сұрып бидай ұнынан дайындалатын тілінген батонның рецептурасы (МЕМСТ 27844)

Шикізаттардың аталуы

Шикізаттардың мөлшері, кг

Наубайханалық жоғары сұрып бидай ұны

100

Престелген наубайханалық ашытқы

1,0

Ас тұзы

1,5

Қант-шекер

4,0

Асханалық маргарин

3,5

25-кесте. Салмағы 0,5 кг, жоғары сұрып бидай ұнынан дайындалған тілінген батонның өндірістік рецептурасы мен технологиялық режимдері (ашыту әдісі - ашытпалы, үздікті)

Шикізаттар мен жартылай фабрикаттың аталуы және көрсеткіштері

Шикізаттардың мөлшері (кг) және саты бойынша параметрлер

ашытпа

қамыр

Наубайханалық жоғары сұрып бидай ұны

45

55

Престелген наубайханалық ашытқы

1,0

-

Ас тұзы

-

1,5

Қант-шекер

-

4,0

82% майы бар асханалық маргарин

-

3,5

Су

25-30

Есеп бойынша

Ашытпа

-

Бәрі

Бастапқы температурасы, 0С

28-30

28-30

Ашу ұзақтығы, мин

210-240

60-90

Ашытпаның соңғы қышқылдығы, град

3,0-4,0

-

Қамырдың соңғы қышқылдығы, град, көп емес

-

3,5

Өндірістік рецептурада көтерілу күшіне байланысты престелген ашытқының мөлшерінің өзгертілуі және олардың сұйық немесе кептірілген ашытқымен алмастырылуы мүмкін.

Қазіргі кезде наубайхана өндірістерінде бидай, қара бидай, бидай мен қара бидай ұндарының қосындысынан қамыр илеу әдістері көп фазалы (екі, үш) және бір фазалы, үздікті және үздіксіз болып бөлінеді.

Егер қамырды бір фазалы әдіспен дайындау қабылданса өндірістік рецептурада бір фазаны (қамырды) дайындауға кететін шикізат көрсетіледі. Көп фазамен (ашытпа, қамыр) қамыр илеу кезінде өндірістік рецептурада шикізаттар фаза бойынша бөлініп көрсетіледі.

Егер қамырды үздікті тәсілде дайындау қабылданса өндірістік рецептурада бір дежа ашытпа (ашымал) және қамыр илеуге кететін ұнның, шикізаттың, ерітінділердің және жартылай фабрикаттың мөлшері көрсетіледі.

Қамырды үздіксіз дайындау кезінде өндірістік рецептурада 1 минут ішіндегі машинаның жұмыс істеуіне кететін жартылай фабрикатпен шикізаттардың шығыны келтіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]