- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
Бірқатар зерттеушілердің қолданып көрмеген шикізаттың химиялық құрамын тереңдете зерттеуі оның тағамдық құндылығын анықтап, оны наубайхана өндірістерінде қолданудың тиімділігін растауға мүмкіндік берді. «Дәстүрлі емес» терминімен аталатын жаңа шикізат түрлерін қолдану: нанның тағамдық құндылығын арттыру, оның физикалық-химиялық және органолептикалық көрсеткіштерін жақсарту, ескірмеуін тежеп, сақтау мерзімін ұзарту, технологиялық процесті қарқынды ету, наубайханалық қасиеттері төмен ұнды өңдегенде дайын өнімнің сапасын тұрақтандыру, наубайханалық өнімдердің ассортиментін кеңейту, химиялық құрамы өзгерген – емдік өнімдерді жасап шығару, негізгі және қосымша шикізаттың үнемделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары біздің еліміздің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мамандары дәстүрлі емес шикізатты қолданудың ғылыми бағытын қалыптастырды.
Шикізаттың алуан түрлерін қолданудың бағытталғандығына және қол жеткізілетін технологиялық тиімділікке шикізаттың химиялық құрамы және жекелеген компоненттерінің арақатынасы, оның физикалық-химиялық, технологиялық және функционалдық қасиеттері, органолептикалық көрсеткіштері себепші болуда.
Ғылыми-зерттеу нәтижелерін және өнеркәсіптік жүргізілген тәжірибелерді қорыта талдау барысында, наубайхана өндірісі үшін дәстүрсіз шикізаттарды алу көзіне байланысты: мал, өсімдік және микроб текті шикізаттар сияқты келесідегідей топтарға бөледі.
Мал текті шикізаттың ішінде наубайхана өндірісінде көптеген елдерде жүз жылдан аса уақыт сүт өңдеуден алынған өнім – сүзбе және ірімшік сүт сарысуы қолданылып келеді. Сүт сарысуын пайдалану ондағы ақуыздың, амин қышқылдардың, витаминдердің, минералдық компоненттердің, органикалық қышқылдардың болуының есебінен технологиялық процесстің қарқынды жүруіне, микроорганизмдердің ашыту белсенділігінің жоғарылауына, нан сапасының, оның дәмі мен хош иісінің жақсаруына, ескіруді тежеп, сақтау мерзімінің ұзаруына ықпал етеді. Сүт сарысуын қолдану тиімділігін арттыру бағытының дамуы оны өңдеудің қазіргі заманғы:
концентрация (құрғақ зат мөлшері 13-30%-ға дейін) және қоюландыру (құрғақ зат мөлшері 40 және 60% );
әртүрлі сүт-қышқыл бактериялармен ұйыту немесе ашыту;
шашырату немесе қабықшалау әдісімен кептіру; - электродиализді тәсілімен деминерализациялау;
ультрафильтрациялаумен, β-галактозидазамен гидролиздеумен және сүт сарысуын қоюландырумен глюкоза-галактоза шәрбәтін алу;
ультрафильтрациялаумен, кептірумен ақуыз-сарысу концентратын өндіру тәсілдерінің енгізілуінен көрінісін табуда.
Майсыздандырылған сүттен сүт-ақуыз препараттары: казеин, казецит, натрий казеинаты өндіріледі.
Сонымен қатар мал текті шикізаттарға құрғақ ақуыз қоспасы, балық өнеркәсібінің әртүрлі жанама өнімдері – балық ұны, концентраттарымен гидролизаттары жатады.
Өсімдіктен текті шикізаттарға наубайханалық емес және бұршақ дақылдарынан алынған әртүрлі ұндар: сұлы, арпа, ас бұршақ, жүгері, үрме бұршақ, соя, амарант ұны, күріш ұншасы және т.б. жатады. Оларды қолдану нанның тағамдық құндылығын арттыру, ассортиментті кеңейту, диеталық мақсаттағы нанның жекелеген түрлерін жасау мақсатында қойылған міндеттерді шешуге бағытталған.
Өнеркәсіпте бидай мен қара бидай дәнін қайта өңдеу өнімдері: әртүрлі кебектер, бидай ұрығы, бүтін дәннен алынған ұндарды қолдану кеңінен таралауда. Олар ақуыздың, витаминдердің, минералдық компоненттердің, тағам талшықтарының көздері болып табылады.
Жоғары ақуызды шикізаттарды май өнеркәсібінің жанама өнімдерінен – соя, мақта, күнбағыс, арахис, рапстың күнжарасы мен шроттарынан алады. Олардан ақуыздың мөлшері 40-50% болатын ақуыз ұны, ақуыз концентраттары (70-75% ақуыз) және ақуыз изоляттары (85-90% ақуыз) алынады. Күнбағыс және соя майын гидратациялаған кезде фосфатид концентраттары алынады.
Соңғы жылдары наубайхана өнеркәсібінде химиялық құрамы құнды шикізат ретінде көкөністерді, жемістерді және жидектерді қайта өңдеу өнімдері қолданыс тауып отыр, олардың құрамына: көміртектер, органикалық қышқылдар, азотты, минералды, пектинді, дубильді, хош иісті заттар, витаминдер, майлар кіреді. Ғылыми-техникалық әдебиеттің мәліметтерін талдау технологиялық процесті қарқындату, қамырдың реологиялық қасиеттерін жақсарту, нанның сапасын және оның тағамдық құндылығын арттыру, өнімдерге белгілі бір қасиеттер беру үшін көкөністердің, жемістердің және жидектердің сан көптеген түрлерін: ұнтақ пен езіндіге өңделген көкөністерді (қызылшаны, сәбізді, асқабақты, орамжапырақ, қызанақтарды); картоп өнімдерін; шырын, езінді, сығынды, ұнтақ түріндегі алма және одан алынған пектин; жүзім суслосын; бүрген шротын; айваны; анарды; цитрус дақылдарын; жаңғақтарды; мейізді пайдаланған кезде химиялық құрамды түзетудің кең мүмкіндіктерін көрсетіп отыр.
Шикізаттың жаңа түрлерін енгізу бағыттарының бірі тағамдық талшықтармен байытылған өнімдерді: тағам талшықтарының концентраттарын немесе талшықты шикізаттан бөліп алынған құрамдас бөліктерді пайдалану болып табылады. Оларға целлюлоза, гемицеллюлоза, микрокристалл целлюлоз, әртүрлі шикізаттардан алынған кебектер, сыра ұсағы (дробина), бүтін дән және т.с. жатады.
Теңіз балдырлары және оларды өңдеу өнімдері тек дірілдеуші заттар алу үшін ғана емес, нанның диеталық түрлері үшін йод көзі ретінде қолданылады. Балдырлардан емдік-профилактикалық мақсаттағы өнімдерді жасау үшін қолдануға арналған ұнтақ тәрізді өнімдер алынады.
Қазіргі кезде микроб текті өнімдерден шикізат алу: R. glutinis ашытқыларының биомассасынан құрамында каротині бар ақуыз препаратын, сыра және наубайхана ашытқыларынан ашытқы автолизаттарын, наубайханалық ашытқыдан ақуыз сығындыларын (изоляттар), әртүрлі микроорганизмдерді синтездейтін микроб полисахаридтерін алу бағытында қарқынды зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Ақуыз препараттары нанның тағамдық құндылығының арттыруға қабілетті. Полисахаридтер – бұл құрамында глюкоза, галактоза, манноза, рамноза, арабиноза, ксилоза, галактозамин, глюкозамин, урон қышқылдары бар, биополимерлер. Олар суда тұтқыр коллоидтық ерітінділер түзеді.
Дәстүрлі емес шикізаттың негізгі түрлері, оның қолданылатын мөлшерлері мен олардың технологиялық тиімділігі 19-кестеде келтірілген.
19-кесте. Нан дайындауда қолданылатын шикізат түрлері
Шикізаттың атауы |
Мөлшерлеу, ұн массасына %-бен |
Технологиялық тиімділігі |
1 |
2 |
3 |
Мал текті шикізаттар |
||
Өңделген сүт өнімдері: Сүт сарысуы - сүзбе - ірімшік - концентрацияланған - қоюландырылған, құрғақ Ақуызды-сарысу концентраты Глюкоза-галактоза шәрбәті |
7-20 5-8 3-5 1-3
1-4 1-10 |
Технологиялық процесті қарқындату, ашытқылардың ашыту белсенділігін ынталандыру; Нан сапасының жақсаруы; Нан жұмсақтығының сақталуы; Тағамдық құндылықтың артуы; Құмшекер мен сірне шығынының азаюы; Ашытқыларды белсендендіру |
Ет және балық өндірісі өнімдері: Құрғақ ақуыз қоспасы (малдың құрғақ ағартылған қаны және құрғақ майсыздандырылған сүт) |
1-2 |
Нанның лизин, триптофан бойынша аминқышқылдық скорының жақсаруы |
Балық ұны, балық концентраты |
2-3 |
Ақуыз заттардың, фосфор, кальций, витамин мөлшерінің артуы |
1 |
2 |
3 |
Өсімдік текті шикізаттар |
||
Дәнді және бұршақ өнімдеір шикізаты: Бидай кебегі Қара бидай кебегі Бүтін дән ұны Бидай ұрығы Сұлы ұны Арпа ұны Жүгері ұны Үрме және ірі бұршақ ұны Ас бұршақ ұны Амарант ұны |
7-30 10-20 100 5-15 10-20 10-30 5-15 5-7 2-3 5-15 |
Нан калориясының төмендеу; Нанның тағамдық талшықтармен баюы; Ақуыз, витаминдер, минералды заттар, тағамдық талшықтар мөлшерінің артуы; Нанның дәмі мен хош иісінің жақсаруы; Нан шығымының артуы
|
Күріш ұншығы |
1-3 |
Қантталған ферментативті жартылай фабрикаттарды дайындау; Кептірілген және престелген ашытқылардың белсенділігін жоғарылату; Ашытуды қарқындату |
Май өнеркәсібінің екінші өнімдері: Ақуызды ұн Соя, күнбағыс, мақта шроттарының изоляттары мен концентраттары |
1-3
1-5 |
Нанның ақуызбен баюы; Нанның ескіруінің баяулауы |
Фосфатидті концентраттар |
0,3-1,0 |
Нанның полиқанықпаған майлы қышқылдармен баюы; Су-май эмульсияларын дайындау; Қамырдың реологиялық қасиеттерінің жақсаруы; Нан ескіруі баяулап, сақтау мерзімінің ұзаруы |
Көкөністер мен жемістерден өңделген өнімдер: Алма
|
10-20 4-10 1-4 |
Ашытуды қарқындату; Қамырдың реологиялық қасиеттерінің жақсаруы; Нан сапасының жақсаруы; Нанның пектин және минерал заттармен, витаминдермен баюы |
Асқабақ өнімдері
|
20-30 4-7 1-5 |
Нанның пектин заттармен, макро және микроэлементтермен,, каротиноидтармен, витаминдермен баюы; Сұйық ашытқы қасиеттерінің жақсаруы
|
Сәбіз пюресі |
1-5 |
|
1 |
2 |
3 |
Картоп жармасы |
2-5 |
Қамырдың реологиялық қасиеттерінің жақсаруы; Нан шығымының артуы; Ескірудің баяулауы |
Теңіз орамжапырағы |
0,1-0,5 |
Нанның йодпен, минералды заттармен баюы; Диеталық сұрыптарды дайындау |
Пектин |
0,3-0,5
|
Қамырдың реологиялық қасиеттерінің жақсаруы; Нан шығымының артуы; Ескірудің баяулауы; Улы элементтердің, радионуклидтердің адсорбциялануы |
Микроб текті шикізаттар |
||
Сыра және нан пісіру ашытқыларының автолизаттары |
1-5 |
Нанның ақуызбен, аминқышқылдарымен, витаминдермен баюы; Ашытуды қарқындату |
Экзополисахаридтер |
0,5 |
Қамырдың реологиялық қасиеттерінің жақсаруы; Нан шығымының артуы; Ескірудің баяулауы |
Нан пісіру саласында шикізаттың жаңа түрлерін жасау және қолдану жөніндегі кешенді зерттеулерге қарамастан, шикізат нарығын кеңейту және биохимиялық модификациялаудың, жаңа функционалдық қасиеттердің, құрылымдық компоненттердің өзара әрекеттесуін зерттеудің негізінде оның потенциалын арттыру мәселесі көптеген ғылыми ұжымдар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының назарында болуын жалғастыруда. Осы бағыттың өзектілігі шикізатты өңдеудің қазіргі әдістерінің дамуымен, ұнның наубайханалық қасиеттерінің тұрақсыздығы және наубайханалық шикізат сапасының төмендеуінің жалпы әлемдік тенденциясымен, арта түскен талаптармен және дайын өнімнің қауіпсіздік критерийлерімен, өнім өндірушілер арасында нарықтық қатынастардың пайда болуымен расталып отыр. Бұл факторлар сапасы жақсартылған, оның ішінде экологиялық қолайсыз жағдай қалыптасып отырған аудандарда, дұрыс тамақтануға арналған нан-бөлішке өнімдерінің ассортиментін дамыту және жетілдіру қажеттігіне негізделіп отыр.
Бақылау сұрақтары:
Наубайхана өндірісінде ұндардың қандай түрлері қоланылады?
Наубайханалық бидай ұнының әртүрлі сұрыптарының негізгі сапа көрсеткіштерінің ерекшеліктері қандай?
Сұрыбына байланысты бидай ұнының химиялық құрамы несімен ерекшеленеді?
Бидай ұнының сапасы қандай наубайханалық қасиеттермен байланыстырылады?
Бидай ұнының газ түзілу қабілетін және оны анықтайтын факторларға сипаттама.
Ұнның көмірсу-амилаза кешенінің жағдайын бағалағанда газ түзілу қабілеті қандай әдістер бойынша анықталады?
«Ұнның күші» деген түсініктің мәні неде және ұнның әртүрлі күшіне байланысты ұнның сипаттамасы?
Ұнның күші және олардың сипаттамасы қандай факторларға байланысты болып келеді?
Ұнның күшін анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?
Ұнның наубайханалық қасиеттерін анықтауда ұнның ірілігі көрсеткішінің маңызы қандай?
Нан дайындау барысында ұнның күңгірттену себептері неден тұрады?
Зертханалық сынақ нан пісіру әдісінің мәнісі неде?
Қазақстанда нан пісіруге қара бидайдан ұн тартудың қандай түрлері жүзеге асырылады?
Нормативтік құжаттамада (МЕМСТ) қара бидай ұнының сапасының қандай көрсеткіштері ескерілген?
Ұнның сұрыбына байланысты наубайханалық қара бидай ұнының химиялық құрамының айырмашылығы неден тұрады?
Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза және ақуыз-протеиназа кешендерінің қасиеттері бидай ұнынан несімен ерекшеленеді?
Қара бидай ұнының түсі мен ірілігі көрсеткіштерінің оның наубайханалық қасиеттерін анықтаудағы маңызы.
Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеттерін анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?
Қара бидай-бидай ұнының қандай сұрыптары жасап шығарылған және олардың сипаттамасы?
Тритикале дәнінің наубайханалық қасиеттерінің ерекшеліктері қандай, тритикале ұнының химиялық құрамының бидай және қара бидай ұнынан ерекшеліктері?
Наубайхана өндірісінде ашытқылардың қандай түрлері қолданылады?
Ашытқылардың ашыту белсенділігі көрсеткішін анықтауда не нәрсе теориялық алғышарт болып табылады және оның мәнісі неде?
Тағамдық ас тұзының қандай сұрыптары мен түрлері нан дайындауда қолданылады?
Өндірістің технологиялық қажеттіліктеріне суды пайдаланған кезде қойылатын талаптар немен регламенттеледі?
Нан дайындауда құрамында қант бар өнімдердің қандай түрлері пайдаланылады?
Наубайхана өндірісінде май өнімдерінің қандай түрлері қолданылады?
Жұмыртқа өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар.
Шикізаттың дәстүрлі емес түрлерін пайдаланудың себебі неде және оның наубайхана өндірісінің технологиясы үшін мүмкіндіктері қандай?
Қандай ингредиенттер тағамдық қоспаларға жатады?
Сүт сарысуы нан дайындау барысында қандай мақсатта қолданылады?
Қандай дәмдеуіштердің және химиялық қопсытқыштардың түрлері бар?
Уыт дегеніміз не? Ол қандай өнімдер үшін қолданылады?
3-тарау. НАУБАЙХАНА ӨНДІРІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАР
