- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
Қара бидай ұнының бидай ұнымен салыстырғанда, нанның сапасына әсер ететін көптеген ерекшеліктері бар.
Ең алдымен, қара ұнда желімшенің жоқ болуы себебінен, қамырдың физикалық-механикалық қасиеттері нашар болады. Қара ұн ақуызы пептидтеніп бөртеді, оның бір бөлігі жабысқақ коллоидты ертіндіге айналып, қамырдың сұйық фазасына негіз салады. Осы фазада пептидтелген шырыштар, еритін декстриндер қант, тұз т.б суда еритін заттар болады. Онда аздап крахмал түйіршіктері, кебек, нашар бөрткен ақуыздар да болуы мүмкін. Сондықтан қара ұннан иленген қамыр жабысқақ, созылғыштығы, серпімділігі нашар болып келеді.
Қара бидай қамырының реологиялық қасиеті оның сұйық фазасының тұтқырлығымен анықталады. Қара бидай қамыры тұтқырлығы жоғары, серпімділігі төмен, созылуға қабілетсіз, иілгіш қасиетке ие.
Қара бидай қамырының реологиялық қасиетіне ондағы петидтелген және органикалық ісінген ақуыз заттарының қатынасы айтарлықтай әсер етеді.
Қара бидай ұны қамырының қышқылдығы жоғары, оның ішінде сүт қышқылы өте көп болады. Осы қышқылдықтың /рН 4,2-4,4/ жоғары болуы ақуыздың бір бөлігін пептидтендіріп, қалғанын бөртіп, қамырдың физико-механикалық қасиеттерін біраз жақсартады. Одан асып кетсе, ақуыздың пептидтенуі біраз нашарлайды.
Сондықтан да қара бидай қамырының жоғары қышқылдығы, әсіресе, онда сүт қышқылдарының болуы қара бидай қамырының реологиялық қасиетін жақсартады. Жоғары қышқылдылықты қамтамасыз ету ақуыз заттары төмен мөлшердегі қара бидай ұнынан қамыр илеу кезінде алынады. Мұндай қамырда жеткілікті жоғары қышқылдылық болмаса сұйық фазаға пептидтелген ақуыздың көп бөлігін өткізуді қамтамасыз ете алмаған болар еді.
Егер қамырдың қышқылдығы шектен жоғары болып кетсе немесе ақуыз заттарының пептидтелуі шектен тыс жоғарылап кетсе онда қамыр сұйылып, жайылып кетеді, домалақ нандардың пішін ұстап тұру қабілеті төмендеп кетеді.
Бірақта қамырдың қышқылдығы оның ақуыз заттарының жеткілікті деңгейде пептидтелуімен қатар α-амилазаның да әрекеттерін әлсіретеді. Оның өзі қамыр ашығанда пайда болатын декстриндердің мөлшерін азайтып, оның жабысқақтығын біраз төмендетеді. Сондықтан да нанның жұмсақ ортасының жабысқақтық және мыжылғыштығын азайту үшін қара бидай қамырының қышқылдығын 12 град жеткізеді.
Қамырдың қышқылдығын осы деңгейге жеткізу үшін оған ашытқымен қатар, қышқылдандыратын бактерияларды қосады. Осы бактериялардың мөлшерін көбейту үшін қара бидай қамырын ашымал қосып ашытады.
Қара бидай қамырын дайындауда жоғары және тез қышқылдылықты қамтамасыз ету үшін қара бидай ашымалында қышқыл түзгіш бактериялар ашытқы клеткаларынан әлдеқайда жоғары болуы керек.
Мұндай қатынастағы қара бидай қамырын алу үшін ашытқы мен қышқыл түзгіш бактерияларын ұн мен судан аяқ асты (жоспарсыз) ашыту жолымен де алуға болады.
Алайда, қара бидай қамырын бұлай дайындау ұзақ әрі көбінесе, ұнның мөлшері немесе қатынасы бойынша ауыспалы микрофлорасына қатысты болар еді. Сондықтан қара бидай қамырын дайындау алдында спецификалық қышқыл түзгіш бактерияларды және ашытқыларды қосу ыңғайлы.
Ал ең қарапайымы - қара бидай қамырын бір фазалы түрде дайындау, илеу кезінде белгілі қатынаста ашытқының ашуын қоздырғыштар мен қышқыл түзгіш бактерияларды қосу. Ол үшін престелген ашытқымен қатар престелген немесе құрғақ қышқыл түзгіш бактерия түрлері қажет.
Қара бидай қамырында ашытқы мен қышқыл түзгіш бактериялардың мұндай қатынасы қамырды ашымалмен дайындау кезінде алынады.
Өндірістік жағдайда ашымалмен қара бидай қамырын илеу үшін ашымалды үздіксіз дайындап, ол үздіксіз жұмсалып отырылуы қажет.
А
шымал
қою, қою емес және сұйық болып бөлінеді.
Белсенді ашытқыш микрофлоралары және
қышқылы көп ашымалдың белгілі бөлігін
қосып қамыр ашытқанда көп қышқыл береді.
Қалған ашымалдың бір бөлігін алып қалып,
оған ұн мен су қосып, жаңа ашымал
дайындайды. Белгілі уақыт ашытылғанда
ашымалда қышқылдық пен ашыту микрофлоралары
қалпына келіп қамырға қосуға дайын
тұрады (39-сурет).
39-сурет. Қара бидай қамырын ашымалда дайындаудың сызбасы
Осындай қарапайым екі фазалы циклде (ашымал-қамыр) қара бидай қамырын дайындау, ашымалды үздіксіз жаңартып отыру «қысқа өндіріс циклі» деп аталады.
Ол цикл үш сатылы да болуы мүмкін. Үздіксіз жаңартылып отыратын ашымалдың жеке үлесіне ашытпа дайындауға да болады. Ашытпа ашып болған соң оған қамыр иленеді.
Екі және үш фазалы өндірістік циклде жұмыс істеу үшін керекті мөлшерде дайын ашымал болуы керек. Жаңадан өндірістік ашымал дайындау үш фазада жүргізіледі.
Оның бірінші сатысында аз мөлшерде ұн, су және алдыңғы дайындаудан қалған ашымалдың бір бөлігін араластырып, кейде оған өте аз мөлшерде ашытқы қосып, біраз ашытып, оны жаңартады. Ол біраз ашыған соң оған қосымша ұн қосып жаңартады. Бұл ашымал дайындаудың екінші сатысы. Оны тағыда бірнеше сағат ашытады. Одан соң оған көп мөлшерде ұн қосып ашытады. Бұл үшінші сатысы. Осы алынған үшінші ашымал өндірістік ашымал болып табылады, бұл өндірістік айналымда қоланылады. Сонда осы ашымалда аздап спирттік божу клеткалары, көбірек қышқылдандыру бактериялары болады.
Осы дайын ашымалға қамыр илейді. Бұл төртінші – қамыр илеу сатысы. Осындай жолмен қара бидай қамырын дайындау 4 фазадан тұрады: бірінші ашымал - екінші ашымал - үшінші ашымал (өндірістік ашымал) – қамыр.
Өндірістік ашымалды қосқанда қамырдың көлемі ғана үлкейіп қоймай, сонымен қатар қажетті қатынаста қышқыл түзгіш бактериялар жинақталып, қышқыл мөлшері өседі. Өндірістік ашымалдың қышқылдығы әдетте, қамырдың соңғы қышқылдығынан жоғары болады. Керекті мөлшерде өндірістік ашымалды алған соң белгілі уақыт ішінде қысқартылған өндірістік цикл бойынша, екі фазамен (ашымал-қамыр) жұмыс жүргізіледі.
Егер нанның немесе ашымалдың сапасы нашарлай бастаса, (қышқылжинақталу жылдамдығы немесе көтерілу күші төмендесе), онда қайтадан таза көбейтіндіні алып, ашымал дайындаудың І сатысынан бастайды.
Қара бидай ашымалын дайындау 40-суретте келтірілген сызба бойынша жүргізіледі. Дайын ашымалдың түрлеріне қарай қасиеті 32-кестеде келтірілген.
40-сурет. Қара бидай және қара бидай-бидай ұнынан қамыр илеу әдістері
32-кесте. Қара бидай ашымалы қасиетінің көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы |
Ашымал қасиетінің көрсеткіштері |
|||
Қою |
Сұйық |
|||
Қайнатпа қосылмаған |
Қайнатпа қосылған |
КСҚА |
||
Ылғалдығы,% |
48-50 |
69-75 |
79-80 |
69-71 |
Соңғы қышқылдығы, град |
14,0-15,5 |
9-13 |
9-13 |
18-22 |
Бастапқы температурасы, 0С |
25-28 |
28-30 |
31-33 |
38-41 |
Көтерілу күші, мин |
18-25 |
25-35 |
20-30 |
- |
Тәжірибелерде қара бидай қамырын қысқартылған өндірістік циклде ашымалдың сапасы нашарлаған жағдайда ғана жаңартып отырып, айлар бойында дайындауға болатындығы көрсетілген.
