- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
Наубайхана өндірісінде пастерленген сиыр сүті, майы алынбаған құрғақ сиыр сүті, майсыз құрғақ сиыр сүті, қоюлатылған сүт және сүт өнімдері: сүзбе, қаймақ, сүт сарысуы, тағамдық казециттер және т.б. қолданылады.
Пастерленген сиыр сүті (МЕМСТ 13277) майлығы 3,2 және 2,5%, ақуызды майлылығы 1,0 және 2,5% және майсыз болады.
Сиыр сүтінің құрамына су, ақуыз, май, сүтті қант (лактоза), минералды заттар, ферменттер және витаминдер кіреді. Сиыр сүтін 8 оС аспайтын темературада 36 сағаттан асырмай сақтайды.
Пастерленген сиыр сүтінің физикалық-химиялық көрсеткіші 14-кесте келтірілген.
Майы алынбаған құрғақ сиыр сүті (4495 МЕМСТ) өңделу әдісі бойынша білікті кептіргіште шашыратып, қабықшалы кептірілген күйде болады.
Құрғақ сүт гигроскопиялы болып келеді, сондықтан оны төмен температурада (10-12 оС) ауасының салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан аспайтын құрғақ жерде сақтау керек.
14-кесте. Пастерленген сиыр сүтінің физикалық-химиялық көрсеткіштері
Сүт өнімдері |
Көрсеткіш нормасы |
|||
Майлылығы,% кем емес |
Тығыздылығы г/см3 кем емес |
Қышқылдығы, 0Т көп емес |
Температура, 0С көп емес |
|
Пастерленген, майлылығы 3,2% |
3,2 |
1,027 |
21 |
8 |
Пастерленген, майлылығы 2,5% |
2,5 |
1,027 |
21 |
8 |
Ақуызды, майлылығы 1% |
1,0 |
1,037 |
25 |
8 |
Ақуызды, майлылығы 2,5% |
2,5 |
1,036 |
25 |
8 |
Майсыз |
- |
1,030 |
21 |
8 |
Құрғақ сүт физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша жоғары, бірінші сұрыпқа бөлінеді (15-кесте).
15-кесте. Құрғақ сүттің физикалық–химиялық көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы |
Құрғақ сүт үшін норма |
|||
Майлылығы 20% тасымалдағыш қорапта |
Шашыратылған |
Қабықшалы тасымалдағыш қорапта |
||
Тұтынушы қорабында |
Тасымалдағыш қорапта |
|||
Ылғалдылдың массалық үлесі,% көп емес |
4,0 |
4,0 |
4,0 |
5,0 |
Майлылығы,% кем емес |
20,0 |
25,0 |
25,0 |
25,0 |
Еру индексі, см3, жоғары сұрып үшін 1 сұрып үшін |
0,3 0,4 |
0,1 - |
0,3 0,4 |
0,3 1,5 |
Қышқылдығы 0Т, көп емес |
21 |
17 |
21 |
21 |
Тазалығы, төмен емес |
11 |
1 |
11 |
11 |
Майсыз құрғақ сиыр сүтін (10970 МЕМСТ) пастерленген сүтті кептіру арқылы алады. Ол құрғақ ұнтақ күйде, яғни түсі шашыратып кептірілгенде – ақ крем түсті, ал, қабықшалыда – кремді болады. Иісі мен дәмі сүтке тән, бөгде дәмсіз және иіссіз болуы керек.
Майсыз құрғақ сүттің физико-химиялық көрсеткіштері 16-кестеде келтірілген.
16-кесте. Майсыз құрғақ сүттің физикалық-химиялық көрсеткіштері
Көрсеткіш атауы |
Өнім үшін норма |
|
Тұтынушы қорабында |
Тасымалдағыш қорапта |
|
Ылғалдығың массалық үлесі,%, көп емес Шашыратылған сүт Қабықшалы сүт |
4,0 - |
5,0 5,0 |
Майлылығы,%, көп емес |
1,5 |
1,5 |
Ақуыз үлесі,%, кем емес |
32,0 |
- |
Локтоза үлесі,%, кем емес |
50,0 |
- |
Еру индексі см3, көп емес Шашыратылған сүт Қабықшалы сүт |
0,2 - |
0,4 1,5 |
Қышқылдығы 0Т, көп емес |
20 |
21 |
Тазалығы, төмен емес |
1 |
11 |
Қалайы үлесі,%, көп емес |
0,01 |
0,01 |
Мыс үлесі,%, көп емес |
0,0013 |
0,0013 |
Қоғасын |
жіберілмейді |
жіберілмейді |
Наубайхана өндірісінде, сонымен қатар нан-бөлке өнімдерінің кейбір түрлерін шығаруда майлылығы 18%, 9%, 5%, 2% сүзбе және майсыз сүзбе қолданылады.
Қаймақтың: диеталық майлылығы 10%-дық, майлылығы 15%, 20% және 25%-дық түрлері болады. Қаймақтың сапасы қышқылдылық көрсеткіші бойынша бағаланды. Ол диеталық қаймақ үшін 70-100 0Т, 15 және 20%-дық майлылықтағы қаймақ үшін 65-100 0Т, 25% -дық майлылық үшін 60-100 0Т дан тұрады.
Қоюлатылған сүт консервілері – 1923 МЕМСТ банкідегі стерилденген қоюлатылған сүт, 2903 МЕМСТ қантпен қоюлатылған майы алынбаған сүт, 4771 МЕМСТ қантпен қоюлатылған майсыз сүт, МЕМСТ 4985 қантпен қоюлатылған кілегейлі болады.
Қоюлатылған сүттің ылғалдығы: майы алынбаған қантты – 26,5%, майсыз қантты – 30%, стерилденген банкіде – 25,5%-дан; сахарозаның массалық үлесі -43,5-44,0%, қышқылдығы 48-60 0Т дан көп емес болуы керек.
Наубайхана өндірісінде сүттің екінші өнімі сүт сарысуы қолданылады. Сүт сарысуы - ірімшік, сүзбе, казеин жасау өндірісіндегі жанама өнім.
Өндірілетін өнімнің түріне қарай сүт сарысуы – ірімшік, сүзбе, казеин сарысуы; концентрленген сүт сарысуы – ірімшік, ашыған ірімшікті, сүзбе; қоюлатылған сүт сарысуы – ірімшік, ашыған ірімшікті, сүзбе; ашытылған сүт сарысуы – ірімшік, сүзбе; гидролизденген қоюлатылған сүт сарысуы – ірімшік, сүзбе; құрғақ сүт сарысуы – шашыратып және қабықшалы кептірілген ірімшік, шашыратып кептірілген сүзбе болып бөлінеді.
Сүт сарысуында көп мөлшерде сүтқышқылды бактериалар болады, сондықтан ол тез бұзылатын, тез қышқылданып кететін өнімге жатады. Оны темературасын 8 0С-тан асырмай сақтап, тез қолданылуы тиіс (12-24 сағ ішінде). Қоюлатылған сарысуды осындай темературада 10 күн, ал, құрғақ сарысуды 20 0С температурада 6 ай сақтауға болады.
