- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
Наубайханалық ашытқылар – нан өнімдері өндірісіндегі негізі шикізат болып табылады. Ашытқылардың технологиялық және функционалды рөлі – спирттік ашу барысында бөлінетін көміртегі диоксидімен қамырдың қопсуына, сондай-ақ қамырға белгілі бір реологиялық қасиет беруге, және нан-тоқаш өнімдеріне тән хош иіс пен дәмнің түзілуіне қатысатын этанолдың және басқа да реакция өнімдерінің түзілуіне негізделген.
Наубайханалық ашытқылардың түрлері
Нан-тоқаш өнімдері өндірісінде қамыр көміртегі диоксиді және этанолдың бөлінуімен спирттік ашуды тудыратын ашытқылармен қопсытылады.
Наубайхана өндірісінде –престелген наубайханалық ашытқылар, спирт өндірісінің ашытқылары, құрғақ ашытқылар, ашытқы сүті, тез еритін жоғары белсенді ашытқылар, сұйық ашытқылар және т. б. қолданылады.
Престелген наубайханалық ашытқы
Престелген наубайханалық ашытқылар – Saccharomyces cerevisiae ашытқы саңырауқұлақтарының техникалық таза дақылы болып табылады. Ол ылғалдылығы 65-75% қалыпталған брикеттерде, арнайы қоректік орталарда қарқынды аэрация жағдайында, престеу немесе вакуумдау тәсілі арқылы бөлінетін тауарлық ашытқыларды алғанға дейін аналық және себінді ашытқы биомассасын тұрақты көбейтіп, өсіріледі.
Престелген наубайханалық ашытқылардың сақтау мерзімі – жасалынған күннен бастап 12 тәулік мерзімді құрайды.
Спирт зауытында өндірілетін престелген ашытқылар – ферменттердің жоғарғы мальтазды және зимазды белсенділігіне ие және мальтозаның ашуына тез бейімделеді, осының нәтижесінде қамыр дайындаудың бастапқы сатысында қарқынды спирттік ашу процесі жүрумен ерекшеленеді. Осыған байланысты оларды қолдану барысында белгілі бір іс-шаралардың жүргізілуі: ашытпаның және қамырдың ашу ұзақтығын қысқарту, ашытпаның немесе қамырдың температурасын төмендету, сүт сарысуын немесе ашыған жартылай фабрикаттарды қосу талап етіледі.
Құрғақ наубайханалық ашытқы
Құрғақ наубайханалық ашытқылардың екі сұрыбын: жоғарғы және І-ші сұрып, сондай-ақ бір сұрыпты «Экспресс» ашытқысын өндіреді.
Құрғақ наубайханалық ашытқы өндірісі үшін өнімділігі жақсы және көмірсулардың қоры болып табылатын трегалазаны көптеп жинақтау қабілетіне ие ашытқы штамдары қолданылады. Жинақталған көмірсулар қоры биомассаның құрылуына және ішкіжасушылық осмотикалық қысымның: Saccharomyces cerevisiae 616, ЛВ–7, 93, раса 14. штамдары реттелуіне жұмсалады.
Жоғарғы сұрыпты құрғақ ашытқылар тек оралған және герметикалық қапталған түрде дайындалады.
Қапталған құрғақ ашытқылар салмағы 1000-2000 г қаңылтыр банкілерде немесе Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсат етілген тасымалдау барысындағы сақталуын қамтамасыз ететін қаптау материалдарында және техникалық шарт бойынша тағам өнімдерін қаптауға арналған комбинирленген материалдан дайындалған пакеттерде шығарылады.
Герметикалық ыдысқа қапталған жоғарғы сұрыпты құрғақ ашытқылардың сақтау мерзімі дайындалған күннен бастап 12 ай, ал І сұрып – 5 ай.
Көтерілу күші 70 минутқа тең 1 кг престелген ашытқылардың орнына құрғақ ашытқыларды 500 г мөлшерде қолданады.
Тез еритін (инстантты) ашытқылар
Тез еритін (инстантты) ашытқылар – қамырға қосар алдында регидратациялауды талап етпейтін сахаромицеттердің белгілі бір штамдарын заманауи шарттарға сай дақылдандырып кептіру әдісі арқылы, әрі қорғаушы қоспаларды немесе эмульгаторларды қосу арқылы дайындауға негізделген жоғарғы белсенді құрғақ ашытқылар.
Ашытқы сүті
Ашытқы сүті – дақылдық сұйықтықты сепаратордан өткізу арқылы алынған, наубайханалық ашытқылардың техникалық таза дақылының сулы суспензиясы болып табылады.
Құрғақ заты 25% ашытқыға есептелеген 1 л ашытқы сүтіндегі концентрленген ашытқының массасы 450 г аз болмауы керек.
Сұйық ашытқы
Сұйық ашытқы нанның сапасын жақсартқыш зат ретінде немесе қамырды биологиялық қопсыту мақсатында қолданылатын, сахаромицет ашытқылары өсірілген термофильді сүтқышқылды бактериалармен ашыған, қантталған қайнатпа негізінде нан зауыттарының өзінде дайындалатын жартылай фабрикат.
Ашытқылардың әртүрлерін қолдану тиімділігі ашытқының технологиялық, биологиялық және физиологиялық қасиеттеріне байланысты қоршаған ортаның параметрлері әсер ететін қанттардың ашуының негізгі кинетикалық заңдылығын білумен негізделеді.
Наубайханалық ашытқылардың қасиеттерін анықтау
Наубайханалық ашытқылардың қамырды қопсыту қабілеттілігі олардың ферменттік кешенінің белсенділігіне, ашитын қанттардың және ашытқы клеткаларының тіршілік әрекетінің процестеріне қатысатын заттардың бар болуына, сонымен қатар технологиялық процестің параметрлеріне байланысты болып келеді.
Наубайхана өндірісі тәжірибесінде ашытқылардың технологиялық қасиеттері олардың ферменттік белсенділік әдістері бойынша бағаланады, ол әдістерді келесі топтарға бөлуге болады:
- көміртек диоксидінің мөлшері бойынша (манометриялық және волюмометриялық әдістер);
- қанттардың ашу жылдамдығы бойынша (қамырдың белгілі бір биіктікке көтерілуінің ұзақтығы бойынша, көміртек диоксидінің белгілі бір мөлшерінің бөліну ұзақтығы бойынша);
- басқа да тәсілдер (ашытқылардың қышқылдығы, осмосезімталдық көрсеткіші, протеолитикалық ферменттердің белсенділігі бойынша және т.с.).
Бүгінгі таңда елімізде 171—81 «Наубайханалық ашытқылар» мемлекеттік стандарты бойынша престелген ашытқының сапасын:
- органолептикалық (дәмі, түсі, иісі, консистенциясы);
- физикалық-химиялық (ылғалдылығы (75%-дан көп емес), көтерілу күші (70 мин-та 70 мм дейін көтерілу), шығарған күнгі қышқылдығы және 12 тәу. сақтаудан кейінгі (35 оС температурада) өз сапасын жоғалтпай ұстап тұру қабілеті) көрсеткіштермен регламенттейді.
Ашытқының көтерілу күшінің технологиялық мәні зор. Бұл көрсеткіш 280 г наубайханалық ІІ сұрып бидай ұны, 160 мл 2,5%-дық тұз ерітіндісі және 5 г ашытқыдан қамыр илену арқылы анықталады. Иленген қамырға батон сияқты пішін беріліп алдын ала қыздырылып, өсімдік майымен майланған белгілі көлемдегі ыдысқа салынады. Ыдысқа тігінен 70 мм ұзындықтағы қашықтан планка салынады. Сосын ыдыстағы қамырды 35 оС температурадағы термостатқа салып, қамырды ашытып планканың ұзындығына қарай көтерілу уақытын анықтайды. Көтерілу уақыты минутпен есептелініп, ашытқының көтерілу күшінің көрсеткіші болып табылады. Осы уақыт аз болса, ашытқының божу белсенділігі жақсы болады.
Сапасы қанағаттанарлықтай ашытқы 70 минуттан аспайтын көтерілу күшіне ие болуға тиіс екендігін ескере отырып, осы көрсеткішті анықтаған кезде ұнның өз қанттарының ашыту қабілеттілігі анықталады, бұл ашытқы ферменттерінің тек зимаздық кешенінің белсенділігін сипаттайды. Көтерілу күші ашытқы клеткасының барлық ферменттік жүйелерінің, оның ішінде индуцияланатын фермент болып табылатын және глюкоза мен сахароза тапшылығы кезінде және осы дисахаридпен түйіскеннен кейін мальтоза болған кезде ашытқылар секреттейтін α-глюкозидазаның белсенділігін адекватты бағалайтын, айтарлықтай объективті көрсеткіш болып есептеле алмайды.
Ашытқылардың биотехнологиялық қасиеттері - ашытқылардың ұнды жартылай фабрикаттың жетілуі кезінде олардың қасиеттерінің және нан сапасының қандай да бір көрсеткіштерінің қалыптасуына ықпал ететін және процестің белгілі бір ұзақтығын негіздейтін метаболизм өнімдерін бөліп шығарумен сипатталады.
Шикізаттың потенциалды қасиеттерін анықтау және нанның ең жақсы сапасына қол жеткізу үшін жартылай фабрикаттардың жетілуін оптимумға дейін жеткізген жөн. Процестің оптималдығының критериі оларда газ түзілу жылдамдығының максимал көрсеткіші болып табылады.
Ашытқылардың биотехнологиялық қасиеттерін бағалау үшін белгіленген рецептура бойынша, ашытпасыз қамыр дайындайды (г): I сұрыпты бидай ұны – 25,0; ылғалдылығы 75% пресстелген ашытқы – 0,625; ас тұзы – 0,375; қамырдың 44,5% ылғалдылығына есептелген су. Қамыр илеудің соңында оның температурасы 32 °С болуы тиіс. Қамырды 32 °С температурада термостатталған микрогазометрге орналастырады және оның ашу уақытының тең аралықтары арқылы 32 °С температура кезінде газ түзілу жылдамдығын анықтап отырады. Анықтауды екінші экстремумнен кейін газ түзілу жылдамдығының тұрақты төмендеуіне қол жеткізгенше жүргізіп отырады.
Ашытқының сапасын қамыр ашыған кезде газ түзілудің максималды жылдамдығына жеткенше бөлініп шыққан көміртек диоксидінің көлемі және ашыту белсенділігінің шамасы бойынша бағалайды және 760 мм сынап бағанасы қысым кезінде 1 г жаңадан себілген ашытқыға СО2 «см3» - пен көрсетеді.
Ашытпасыз тәсілмен дайындалған қамырдың газ түзу жылдамдығы кинетикасының қисығы 15 суретте келтірілген, бұл суреттен қамырдың жетілу процесін (қамыр дайындамаларын тұрғызу сатысын қоса отырып) τopt дейін жүргізу қажеттігі, ал ашытқылардың ашу белсенділік көрсеткішінің ашыту басталғаннан τopt дейін бөлініп шыққан көміртек диоксидінің мөлшерін қосатындығы келіп шығады.
15-сурет. Ашытқылардың ашу белсенділігін анықтау кезіндегі қамырдағы газ түзілу жылдамдығының динамикасы
Нанның меншікті көлемі мен нан жұмсағының жалпы мыжылғыштық көрсеткіштерінің арасындағы және ашытқылардың ашу белсенділігінің көрсеткішімен корреляция коэффициенті тиісінше +0,90 және +0,78 құрағандығы анықталды; нанның үлестік көлемі мен ашытқының көтерілу күші көрсеткіштері арасында корреляция коэффициенті – 0,44 құрады.
Осы әдісті қолдану, көтерілу күшін анықтаумен қатар, ашытқылардың мальтаза белсенділігін талдауға және ескеруге, әрі олардың биотехнологиялық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Кебу ашытқылардың сапа көрсеткіштері қойылған стандарт бойынша: жоғары сұрыпты кептірілген ашытқының ылғалдығы 8%-дан аспайтын, көтерілу күші – 70 минутқа дейін, сақталу мерзімі 12 айдан кем болмау керек.
І сұрыпты кептірілген ашытқының ылғалдығы 10%-ға, көтерілу күші 90 минутқа дейін, сақталу мерізімі 5 айдан кем емес.
Кебу ашытқының көтерілу күші де қамырдың көтерілуінің тездігімен 171-81 МЕМСТ анықталады. Айырмашылығы ашытқының сынамасы 2,5 г, алдын ала тұрғызылу (белсендендіру), ұн мен судан кішігірім үлес дайындап 35 оС температурада, 30 минутта анықтау.
Наубайханалық кебу ашытқының тауарлық жарлығына, буылып-түйілуіне және сақтау жағдайына (15 оС-төмен емес), тасымалдануына да талаптар қойылған.
Ашытқы сүтінің органолептикалық көрсеткіші арқылы дәмі, иісі, түсі және консистенциясы анықталады.
Ашытқы сүті ерітіндісіне қосылатын ашытқы МЕМСТ бойынша мына талаптарға сай: тығыздалған ашытқының ылғалдығы 75%-дан көп емес, көтерілу күші 75 минуттан көп емес болуы керек.
2.1.10. Ас тұзы
Ас тұзы өте аз мөлшерде басқа да тұз қоспасы бар табиғи хлориді натрий (NaCl).
Тұз суда жақсы ериді. Жоғары температурада оның ерігіштігі аздап жоғарылайды.
Нан өндірісінде қолданылатын ас тұзының сапасы 13830-91 МЕМСТ талабына сай болуы керек. Тұз өзінің сапасына қарай экстра, жоғары, бірінші және екінші сұрыпқа бөлінеді. 12-кестеде сұрыптар бойынша ас тұзының сапа көрсеткіштері келтірілген.
12-кесте. Ас тұзының сапа көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы |
Сұрыптар үшін норма |
|||
экстра |
жоғары |
бірінші |
екінші |
|
Құрғақ затқа есептегендегі натрий хлорының массалық үлесі,% кем емес |
99,7 |
98,4 |
97,7 |
97,0 |
Құрғақ затқа есептегендегі суда ерімейтін заттардың массалық үлесі,% көп емес |
0,03 |
0,16 |
1,45 |
0,85 |
Ылғалдың массалық үлесі,% көп емес пісірілген тұз |
0,1 |
0,70 |
0,70 |
- |
Тас тұзы |
- |
0,25 |
0,25 |
0,25 |
Өздігінен тұнған және тұндырылған тұз |
- |
3,20 |
4,00 |
5,00 |
Нан пісіруге көбінесе, бірінші және екінші сұрыптары қолданылады.
Жоғары, І және ІІ сұрып тұздарда сұр, сары және күлгін реңдер жіберіледі.
МЕМСТ-та тұздағы Ca, Mg, Fe2O3 және Na2 SO4 максималды жіберілетін мөлшері қарастырылған. МЕМСТ-та тұз ұсақкристалды – іріктелген, ұсақталған, ұсақталмаған: түйіршіктелген, дән жармасы және дән сияқты түрде шығарылады. Тұздың жеке сұрыптарына оның ірілігін негіздейтін ұнтақтың: №0,1,2 және 3 нөмірі берілген
