Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilim-Baiysbaeva-Nan-onimderi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері

Наубайхана өндірісінде тауық жұмыртқасы және жұмыртқа өнімдері – меланж, жұмыртқа ақуызы, саруызы және жұмыртқа ұнтағы қолданылады.

Жұмыртқа жақсы эмульгатор және көбіктендіргіш болып табылатын толыққұнды ақуыз және майдан тұрады. Оны қамырға қосады және пісіру алдында қамыр дайындамаларының бетін жағуа қолданады.

Тауық жұмырқасының массасы - 40-60 г, қабығының массасы – 5-8 г, ақуызы – 23-34 г, саруызы – 12-18 г. Рецептурада бір жұмыртқаның салмағы 40 г, ал 25 жұмыртқаның салмағы 1 кг есептеледі.

Жұмыртқаның сапасы 27583 МЕМСТ талабына сай болуы керек.

Наубайхана өндірісінде қойылған талаптарға сай, жұмыртқаның сақталу мерзімі 25 тәуліктен, тоңазытқышта 90 тәуліктен көп емес, 35-тен 45 г. салмақтағы майда жұмыртқалар қолданылады.

Жұмыртқаны басқа өнімдерден жеке 0..-2 0С температурадағы, ауасының салыстырмалы ылғалдығы 85-88% болатын тоңазытқышта 3 ай сақтайды.

Меланж (ТШ 10.02.01.70-88) - қабығынан ажыратылған саруызбен ақуызды араластырып, сүзіп алып, -18 оС температурада мұздатылған өнім.

Меланждың ылғалының массалық үлесі 75%-дан көп емес, майы – 10%-дан, ақуыз заттары – 10%-дан кем емес, қышқылдығы – 15 град. көп емес болуы керек. Меланж - -5..-8 оС температурада 6 ай сақталады.

Жұмыртқа ұнтағын (2858-82 МЕМСТ) жұмыртқа массасын 130-135 оС температурада шашыратып кептіру арқылы алады. Жұмыртқа ұнтағының ылғалдығы 6-9%, ерігіштігі 85%, қышқылдығы 10 град. көп емес болуы керек. Жұмыртқа ұнтағы 278 г ұнтақпен 722 мл суды араластырғанда қайта қалпына келеді.

Жұмыртқа ұнтағы темір банкілерде, фанер бөшкелерге, қағаздан жасалған қаптар мен жәшіктерге салынады. Жұмыртқа ұнтағын температурасы 10-15 оС қараңғы, құрғақ жерде сақтайды.

2.2.5. Уыт

Уыт деп белгілі температура мен ылғалдылықта арнайы жағдайда өндіріліп өңделіп алынған дәнді дақыл өнімін айтады. Наубайхана өндірісінде уыттың: ферменттелген және ферменттелмеген қара бидай (ұсақ ұнтақталған) 29272 МЕМСТ, сыра қайнататын арпа (ҰСТ 18-305-77) және тағамдық уыт сығындылары және арпа- уыты (ТШ 10.04.06.114-88) түрлері қолданылады.

Ферменттелген қара бидай уытын қара бидай және қара бидай мен бидай ұны қоспасынан дайындалатын нанның жұмсақ ортасының түсін, иісін және дәмін жақсартқыш қоспа ретінде қолданылады. Ол московский наны, бородинский қара наны, карельский, чайный, любительский, т.б. нан түрлерін шығаруда қолданылады.

Қара бидай уытының ылғалдылығы 10% -дан аспауы, сығынды массасы 42% - дан аз болмауы, қышқылдылық натрий концентрациясы 1 моль/дм3 100 г құрғақ затқа есептегенде гидроокис ерітінділерінің 35 см3 аспауы тиіс.

Сыра қайнататын уыттың алу әдісіне қарай екі: кәдімгі уыт (ақшыл және күңгірт) және арнайы (карамельді және сыра қайнататын жженка) түрі болады.

Наубайхана өндірісінде қант түзілу қабілеті төмен ұндардан алынатын нанның сапасын жақсарту үшін бидай ашымалы, сұйық ашытқы дайындау кезінде ұнды қайнатпаның қантталуына белсенді α-амилазаның әсер етуіне қабілетті ферменттелмеген уыт (ақ, ферменттелген уыт) қолданылады.

2.2.6. Жаңғақтар

Наубайхана өндірістерінде жаңғақ тазартылып, ұсақталған түрде кейбір өнімдердің бетін әрлеуде қолданылады.

Жаңғақтың мынадай түрлері: (16831 МЕМСТ) бойынша тәтті миндаль дәні, (16833 МЕМСТ) грек жаңғағының дәні, 16835 МЕМСТ фундук дәні қолданылады. Сондай ақ (17112 МЕМСТ) арахис (бұршақ) пен (12095 МЕМСТ) кунжут тұқымы пайдаланылады. Жаңғақтар 25 кг-дық 10131-78 МЕМСТ бойынша фонер жәшіктерге, 20 кг-дық 13511 МЕМСТ бойынша картон жәшіктерге салынады. Қорап бүтін, берік, таза, құрғақ, иіссіз болу керек.

Жаңғақтың сапасы: сыртқы түрі, дәнінің массасы, ылғалдығы, жетілуі, қоспалар мөлшері, сынған және ащы жаңғақтың мөлшері, зиянкестермен зақымдалуы, көгеруі, қышқыл дәмділігі көрсеткіштері бойынша нормаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]