- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
Қара бидай ашымалында ашытқы мен қышқыл түзгіш бактериялар бар. Қара бидай ашымалында ашытқы өндірістік циклдің бірінші фазасында оларды қоспаса да кездеседі. Бұл ашымалға ұн, су немесе ауамен түсіп, қолайлы қоректік орта болып табылатын ашымалда көбейетін ашытқылар.
Қара бидай ашымалындағы ашытқы микроорганизмдерін зерттеумен бірқатар зерттеушілер айналысады. Қара бидай ашымалында Sacch. сerevisiae және әртүрлі жабайы ашытқылармен қатар Sacch.minor. ашытқысы да кездеседі. Олар - көбею температурасы омтимал 25оС және қышқылдығы 9-12 град ұсақ, домалақ немесе сопақша келген ашытқылар. Олар глюкоза, фруктоза, сахарозаны ашытады, бірақ мальтозаны ашытпайды. Алайда, көп зерттеушілердің айтуынша ашытқының бұл түрі қара бидай қамырына тән, бірақ таралуы, ашу уақыты, ашу қарқындылығына қарай негізгі орынды жоғары қышқылдыққа икемделген үлкен клеткалы, сопақша формалы ашытқы. Sacch. сerevisiae алады.
Ашымал мен қамыр микроорганизмдерін зерттеу барысында зерттеушілер осы нысандардан әртүрлі қышқыл түзгіш бактериялардың өкілін бөліп алған.
Бұл анықталған айтарлықтай өзгермелілікті қамырда және ашымалдағы қышқыл түзгіш бактериялардың физиологиялық және биохимиялық қасиеті және морфологиялық көрсеткіші деуге болады.
Бұл қышқыл түзгіш бактериялардың қасиеті мен белгілері ашымалға енгізудің жағдайы мен құрамына, культивирлеу және бөлініп алынған бактерияны зерттеу кезіндегі қабылданған бөліп алу әдісіне, орта құрамына, жағдайына, өнімнің жасына байланысты өзгеріп отырады.
Қара бидай ашымалы мен қамырының қышқыл түзгіш бактерияларын классификациялаумен көптеген зерттеушілер, соның ішінде Кнудсен, Селибер, Шпихер және т.б айналысқан.
Қара бидай ашымалы мен қамырына тән қышқыл түзгіш бактериялар, негізінен 2 топқа бөлінеді:
Гомоферментативті, сүт қышқылының негізін құрайтын, сүт қышқылды бактериялары.
Бұл топта сүт қышқылды бактериялармен қатар қышқыл түзгіш бактериялардың негізгі санын құрайтын ұшқыш қышқыл (негізінен сірке қышқылы) түзеді. Бұл бактериялардың газ түзу қабілеті жоқ. Бұл топ бактериялары екі топшаға бөлінеді. Біріншісіне температуралық оптимумы 25-35оС мезофильді бактериялар Lactobacillus plantarum жатады.
Екінші топшаға оптимумы 40-55оС термофильді бактериялар жатады. Бұларға Дельбрюктің бактериясы жатады. Бұл бактериялар ашымал мен қамырда тек қышқыл түзу рөлін атқарады. Ал қамырды қопсытуға қатыспайды, себебі газ түзбейді.
Сүт қышқылымен бірге көп мөлшерде ұшқыш қышқылдар (негізінен сірке қышқылы) және газ (негізінен көмірқышқыл газы) және аз мөлшерде спирт түзетін Гетероферментативті, сүтқышқылды бактериялар.
Бұл топтағы бактериялардың оптимум температурасы 30-35оС аралықта. Бұл бактериялар ашымал мен қамырда қышқыл түзумен қатар, қара бидай қамырының қопсуы кезінде маңызды рөл атқаратын энергетикалық газ түзгіш болып та табылады.
Ашымал мен қамырда түзілетін сірке қышқылының негізгі саны, осы бактериялардан түзіледі.
Қара бидай қамырында және ашымалында екі топтың қышқыл түзгіш бактерияларымен қатар сүт қышқылы бактериялары, ұшқыш қышқыл және газ түзетін (сутегі, азот және диоксид көміртегі) басқа топ бактериялары да кездеседі.
Алайда, ашымалды жаңарту және қамырға ұн қосу кезінде енетін бұл бактериялар ашымал үшін тән емес. Ашымалға үздіксіз қосылу кезінде бұл бактериялар басылып, бастапқы екі топ бактериялар әсерінен ығыстырылады.
Қара бидай ашымалы мен қамырындағы микроорганизмдердің жеке түрлерінің рөлі неде деген көптеген ортақ сұрақтар туындайды.
Ашымалда дайындалған қара бидай қамырын қопсытуда гетероферментативті сүт қышқылды бактериялары және ашытқының рөлі қандай?
Кейбір зерттеушілер (мысалы Холлигер және В.А.Николаев) қышқыл түзгіш бактериялардың қамырды қопсытудағы рөлінің соншалықты маңызды екенін теріске шығарды. Олардың айтуынша, қара бидай қамырының қопсуын толықтай қамырдағы ашытқыдан бөлінетін көмірқышқыл газы қамтамасыз етеді.
Көптеген зерттеушілер ашытқылардың қамырды қопсытудағы рөлін құптай отырып, осы процесте қышқыл және газ түзгіш бактериялардың да айтарлықтай рөлінің бар екендігін айтады.
Шынында да қара бидай ашымалын әдеттегі температурада (30оС жоғары емес) дайындағанда микроорганизмдер құрамына ашытқылармен бірге энергетикалық газ түзгіш шын емес (неистинные) сүт қышқыл бактериялары да кіреді. Осы бактериялар саны ашытқы клеткаларының санынан бірнеше есе көп.
М.Ф. Попов (1884 ж.), В.Л. Омелянский (1924 ж.) Г.Л. Селибер және олардың қызметкерлері зертханалық жағдайда қара бидай қамырының қышқыл және газ түзгіш бактериялары көбейтінділерімен ғана дайындау нәтижесінде қанағаттанарлықтай қопситынын көрсеткен. Бұл бағыттағы жұмыстар тек зертханада ғана емес, өндірістік жағдайда да Е.А.Гладковый және П.М. Плотников, М.И.Княгиничев, З.И.Шмидт зерттеуімен жүргізілді.
Осы зерттеулерде ашымалды да қамырды да жоғарғы температурада: Гладковый - 33-34оС, Плотников, Княгиничев және Шмидт - 35-37оС дайындаған.
Нанның дәмі сүт қышқылы, сірке қышқылы және т.б қышқылдардың санына ғана емес, олардың қатынасына да байланысты екені белгілі. Нандағы жалпы қышқылдардың мөлшерінен сірке қышқылының үлесі көп болса, оның дәмі өткір болып кетеді. Бірақ сірке қышқылы өте аз болса да, әсіресе қарапайым ұннан дайындалған қара бидай нанының дәмі жеткіліксіз болады. Қара бидай нанының жалпы қышқылдығында сірке қышқылы 20-40% шамасында болу керек.
Егер ұшқыш қышқылдар 30%-дан жоғары болса, онда нанның дәмі орташа титрлеуде қышқылдылық дұрыс болғанына қарамастан өткір қышқыл болады.
Қара бидай нанындағы қышқылдың масалық үлесінің 8% құрайтын янтарь, алма, шарап, лимон қышқылдарының оның дәміне әсері әлі анықталмаған.
Сүт қышқылы қара бидай қамырының реологиялық жағдайына және ақуыз пептизациясына жақсы әсер етеді. Сондықтан тәжірибе жүзінде сүт және сірке қышқылы қатынасын реттеп тұратын әдістерді қолдану маңызды.
Қамырда қажетті сүт және сірке қышқылының қатынасын алудың ең тиімді түрі ашымал дайындау кезінде белгілі қатынаста шын және шын емес (истинные и неистинные) сүт қышқылды бактерияларының таза көбейтінділерін қосу. Осындай ашымалда қамырды өндірістік циклде дайындау кезінде бірінші бірнеше күнде шынында да ондағы енгізілген қышқыл түзгіш бактерия көбейтінділерінің берілген қатынасы сақталып тұрған.
3-4 күннен кейін қамырдағы сүт және сірке қышқылының қатынастары әдеттегі, аяқ астынан дайындалған ашымалға жақын болған.
Сондықтан ашымалдағы микроорганизмдердің құрамын және қышқылдың қатынасын реттеудің уақытқа қарай тұрақты және тиімді әдісі бұл ашымал дайындау режимін өзгерту болып табылады. Мысалы, ашымалда ұн мен су мөлшерін өзгерту арқылы сүт және сірке қышқыл қатынасын өзгертуге болады. Ашымалда су ұнға қарағанда аз, консистенциясы бойынша мықты болса, қышқыл түзу жылдамдығы және жалпы қышқылдықтағы сірке қышқылының үлесі жоғары келеді.
Ашымалға қышқылға тұрақты ашытылған ашытқы қосу, қышқыл түзуді тездетеді, ал керісінше, сірке қышқылының үлесін төмендетеді. Бұл ашымалда көмір қышқылының жинақталуы мен көміртек диоксидінің түзілуіне байланысты.
Қара бидай ашымалының микроорганизмдерінің құрамы мен қасиетінің және олардағы ашу кезіндегі бөлінетін өнімдердің қатынасының өзгеруінің тиімді әдісіне температураның өзгеруі жатады. Ашымалдың ашу температурасы 25-40оС жоғарыласа, қышқыл түзу тезірек жүріп, сүт қышқылды бактериялардың қатынасы өседі.
Ашымалдың температурасының жоғарылауы термофильді сүтқышқылды бактериялардың көбеюі мен өмір сүруіне өте қолайлы орта тудырады.
Жоғары температурада ашытқы клеткаларының өлшемі кішірейіп, белсенділігі төмендеп кетеді. Ашытқы клеткаларының мөлшері де ашымалдың көлеміне қарай өзгереді.
Селибер ашымал микроорганизмдерінің көптеген түрлерінің өзара қатынасын қарастыра келе, қоректік ортада әртүрлі мөлшерде және қатынаста болатын ашытқы және В тобындағы қышқыл түзгіш бактериялардың бірігіп культивирленуінің әсер етуі әртүрлі болады деп тұжырымдаған. Бірінде ортақ қатынастағы культивирленген микроорганизмдерде ашытқылардың көбею коэффициенті төмендесе, ал кей жағдайда төмендемейді.
Қышқыл түзгіш бактериялардың көбею коэффициенті әртүрлі топтағы ортақ ашытқылармен культивирлегенде барлық жағдайда төмендеген. Бұл жұмыста Селибер соңғы бұзылған ашытқы клеткаларының сүт қышқылды бактерияларының жоғары температурада тікелей пайдасыз қоректенудің (паразитирования) жүретіндігін көрсеткен.
Селибердің пайымдауынша, белгілі қатынаста ашытқы мен қышқыл түзгіш бактериялардың бірге культивирленуі ашытқы мен бактерияның көбею коэффициентін төмендеткенімен, қоректік ортада қышқыл жинақталуды тездеткен. Бұл ашытқы мен бактерияның бірге өмір сүруі ашытылатын микроорганизмдердің көбею жылдамдығының мәні зор ашымалда емес, олардың көбеюінің мәні жоқ соңғы фаза – қамырда маңызды болып табылады.
Қара бидай қамырына тән ұзақ немесе аз уақыт культивирлену кезіндегі қышқыл түзгіш бактериялар ұнның өзіндік емес микроорганизмдерін толықтай ығыстырып жібереді. Бұл жердегі негізгі фактор ашымалдағы жоғары мөлшердегі сүт қышқылы болып табылады.
