- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
3.2. Буып-түйетін материалдар
Өндіріс көлемінің ұлғаюы және тағам өнімдері ассортиментінің көбеюі қолданылатын қаптау материалына және қаптау жабдықтарына қатаң талап қояды. Дәстүрлі материалдар қатарына: ағаш, қағаз, көп қолданыстағы полимер және басқа таза материал немесе қағаз, картон, алюминий фольгасы қоспасымен біріккен материалдар жатады. Қағаз этикетка және орау үшін қолданылады: этикеткалық және парафиндік негізге бөлінеді. Тағам өндірісінде негізгі қағаз маркалары: ОДПЭ -22 , ОДПЭ – 25 және ОДП -22 қолданылады.
ОДПЭ -22 өнімнің сыртқы түрін орау үшін рулонды түрде, ал ОДП -22 парафиндік рулоны ішінен қаптау үшін өндіреді. Этикеткалы негізгі қағазға А,Б,В маркасы қолданылады. Оның күміс түстес және жылтырақ түрлері бар.
Өнімнің кейбір түрлерін қаптау үшін фольга қолданылады. Оны алюминий жұқа қабатынан арнайы маркалармен шығарады. Үстінің жағдайына қарай фольгаларды:
ФГ – тағамдық тегіс фольга;
ФЛ –жылтырлатылған түссіз фольга;
ФО – әртүрлі түсті боялған фольга;
ФТ – тығыздалған фольга;
ФОТ – боялған тығыздалған, комбинирленген фольга түріне бөледі.
Қазіргі кездегі көп қолданыстағы буып-түйетін материалдарға, жұмсақ, жартылай қатты және қатты, полимер капшықтар және осылардың қосындысынан жасалған комбинирленген материалдар жатады.
Қаптау кезінде мұндай материалдарды қолдану өнімнің сақтау мерзімін ұзартады, өндірісте және сату кезіндегі санитарлық гигеналық талаптарды сақтайды, өнімнің өздігінен бұзылуын азайтады. Полимерлі және басқа да қаптау материалдарына қойылатын талаптарға: өнімнің түрі, сақтау мерзімі және жағдайы жатады. Барлық қаптау материалдарына: санитарлық-гигиеналық, технологиялық, микроорганизмдер мен көгергіштерге тұрақты, сондай ақ жоғары әсемділік қасиеті сияқты талаптар қойылады.
Целлофан. Икемділікті болдыру үшін 12% глицерині бар, гидратцеллозды қабықшадан тұрады. Қабықшасының қалыңдығы 0,03 – 0,065 мм дайындалады. Целлофан жоғары механикалық беріктікке, ол мөлдір, жарыққа тұрақты, майға тұрақты болады және құрғақ күйінде төмен газөткізгіштікке ие.
Бұл пленкалар желімденеді, жақсы боялады, баспаны жақсы қабылдайды. Целлофанның кемшіліктеріне термопісірудің мүмкін еместігі және жоғары гигроскопиялылығы жатады. Қарапайым целлофанмен қапталған ылғалдылығы жоғары тағам өнімдері сақтау кезінде ылғалды жоғалтады, ал құрғақ өнімдер ылғалдылығы жоғары атмосферада сақталса, ылғалданады. Суөткізгіштігін төмендету және термопісіруге тұрақты қасиеттер беру үшін целлофанды түрлі лактармен жабады. Нитролакпен өңделген целлофан кондитерлік бұйымдарды, жеңіл жүгеріні, дәмдеуіштерді, макарон өнімдерін, балық кулинариясын, балқытылған майды, құрғақ сүтті және ылғалдылығы 15%-дан аспайтын басқа да өнімдерді қаптауда қолданылады.
Полиолефиндерден алынатын пленкалар. Төмен қысымды полиэтилен, жоғары қысымды полиэтилен. Полипропиленнен алынатын пленкалар тағам өнімдерін қаптау үшін кеңінен қолданылады.
Төмен қысымды полиэтиленнен алынатын пленка жоғары эластикалыққа,70°С температураға дейінгі аязға тұрақтылыққа, 60°С температураға дейін қышқылдарға, сілтілерге және көптеген органикалық еріткіштерге тұрақтылыққа ие болады. Пленка оңай термопісіріледі.
Полиэтиленді пленканың кемшіліктеріне төмен механикалық беріктігі, ескіруге қабілеттілігі, төмен жылутұрақтылығы, біршама ауаөткізгіштігі және майдың құрамы жоғары өнімдерді қаптауға жарамсыздығы жатады, себебі, майды тотығудан сақтай алмайды.
Төмен қысымды полиэтиленнен дайындалатын пленка нан пісіру, кондитерлік, сүт, шарап ашыту, балық өнеркәсіптерінің өнімдерінің кең ассортиментін, көкөністер мен жемістерді, тағамдық концентраттарды, мұздатылған өнімдерді қаптауда қолданылады.
Жоғары қысымды полиэтиленнен дайындалған пленка төмен қысымды полиэтиленнен алынатын пленкаға қарағанда, көбірек қаттылық пен созу кезіндегі беріктікке ие, төмен дәрежеде газөткізбейтіндігімен және 110°С дейінгі жылутұрақтылықпен ерекшеленеді.
Полипропиленнен алынатын пленка механикалық беріктігі, газ- және буөткізгіштігі бойынша полиэтиленді пленкадан жақсы. Полипропиленнің термотұрақтылығы – 135-140 °С, бұл пленканы онымен бірге қыздырылатын кулинарлық бұйымдарды қаптау үшін қолдануға мүмкіндік береді. Полипропиленнің кемшілігі төмен аязға тұрақтылығы -15 °С жуық және ескіруге төмен тұрақтылығы болып келеді.
Пластификацияланбаған поливинилхлорид пленкасы – кең таралған полимерлік материалдан алынатын пленка жоғары механикалық беріктікке, қаттылыққа, майға тұрақтылыққа және жоғары химиялық тұрақтылыққа ие, аздап бу- және газөткізгіштікпен сипатталады. Ол оңай қалыптанады, желімденеді, пісіріледі. Жануар майларын қаптауға, ағаш жәшіктер мен бөшкелерде аралық қабаттар ретінде қолданылады. Физиологиялық зиянсыз.
Пластификацияланған поливинилхлорид пленкасы. Материалдың эластикалығын арттыру және оның шынылану температурасын төмендету мақсатында поливинихлоридке пластификаторлар енгізіледі (шамамен 40%). Бірақ олар материалдың кейбір қасиеттерін – жылутұрақтылығын, механикалық тұрақтылығын және химиялық тұрақтылығын төмендетеді. Бұдан басқа пластификаторлар құрамында майы бар өнімдермен жанасқан кезде жуылып тасталады және өнімнің құрамына өтіп кетеді. Сондықтан бұл материал майсыздандырылған ірімшік, қант және ұнды қаптау үшін қолданылады.
САРАН типті пленкалар – поливинилхлорид пен қанықпаған қосылыс – винилиденнің сополимері. Саранды пленка өте эластикалы, мөлдір, беті жылтыр және үзу мен бүгуге берік болып келеді. Ол улы емес, су және иіс өткізбейтін материалдарға жатады.
Бұл қасиеттер саранды өнімдерді вакуум астында немесе инертті газ – азот немесе көміртек диоксиді (көмірқышқыл газы) атмосферасында қаптау үшін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл оның тағам өнеркәсібінде қолданылуын негіздейді.
Плиофильм құрамында пластификаторлардың әртүрлі мөлшері бар табиғи каучуктың гидрохлориді түрінде болады. Ол мөлдір, иілгіш, май өткізбейтін, улы емес болып келеді. Мұздатылған және гигроскопиялы өнімдерді, жемістерді, ет және кулинарлық өнімдерді қаптау үшін пайдаланылады.
Эскаплен – СКИ-3 синтетикалық каучугінің гидрохлоридінен алынатын пленка. Өзінің механикалық және физикалық-химиялық қасиеттері бойынша плиофильмнен кем түспейді.
Соңғы уақытта өнімдерді қаптау үшін көпқабатты комбинирленген материалдар үлкен маңызға ие бола бастады, олардың құрамында түрлі полимерлік пленкалар өзара немесе қағазбен, картонмен, фольгамен құрастырылады. Екі түрлі полимерлік пленкалардың қосылуынан тұратын комбинирленген материалдарға целлофан – полиэтилен, целлофан – саран, лавсан – полиэтилен жатады. Олар әрбір жеке алынған компоненттерінің қасиеттерін ұштастырады. Мысалы, целлофан – полиэтилен пленкасы целлофанның жоғары механикалық беріктігін, газ өткізбейтіндігін, баспа бояуларын қабылдау қабілетін, полиэтиленнің суға тұрақтылығымен, ылғал өткізбейтіндігін, аязға тұрақтылығын, иілгіштігін және термопісірілгіштігін ұштастырады.
Сондай-ақ фольга мен пленканың комбинациялары көп түрлі болады.
Фольганы полиэтиленмен қайталап немесе бір жағынан лакпен жабады. Мұндай фольга механикалық беріктікке ие болып, термопісіруге жарамды және кондитерлік бұйымдарды қаптау үшін қолданылады.
Үшқабатты қаптағыш материалдар қағаз–фольга–полиэтилен және целлофан – фольга – полиэтилен тағамдық концентраттарды, ерігіш кофені, құрғақ ашытқыларды және басқа гигроскопиялық өнімдерді, сондай-ақ ұзақ уақыт сақталатын өнімдерді қаптау үшін қолданылады.
Қатты және жартылай қатты ыдыстарды – бөтелкелер, флакондар, стакандарды дайындау үшін төмен және жоғары қысымды полиэтилен, полипропилен, пластифицирленбеген қатты поливинил-хлорид қолданылады.
Тараның герметикалығын қамтамасыз ету, пакеттер, пачкалар, қораптар дайындау, этикеткаларды жабыстыру үшін желімдер қолданылады.
Желімдеу процестері 12-30 °С (суық желімдеу), 40-70 °С (жылы) және 80°С және одан жоғары (ыстық) температурада жүргізіледі.
Шығу тегі бойынша желімдер:
жануар текті желім – сүйектік, альбуминді, казеинді, балықтық;
өсімдік текті желім – крахмалды, декстринді, пектинді, өсімдік-ақуызды, өсімдік шайырлары, табиғи каучук;
шығу тегі минералды – силикатты, сондай-ақ цементтер мен замазкалар;
химиялық желімдер – түрлі синтетикалық шайырлардан, целлюлозадан, синтетикалық каучуктен алынатын және басқа топтарға бөлінеді.
Тағам өнеркәсібінде осы аталған желімдердің түрлері қолданылған кезде негізгі гигиеналық талаптарына, оның қалдық мөлшерлерінің тағам өнімдеріне түскен жағдайда адам ағзасы үшін зиянсыз болуына жауап беруі керек.
Бақылау сұрақтары:
Наубайхана өндірісінде қандай жуатын құралдар қолданылады?
«Дезмол» деген қандай құралға жатады? Оны қандай мақсатта қолданады және оның құрамы қандай?
Католит деген не? Оған сипаттама бер.
Наубайхана өндірісінде қандай залалсыздандыратын заттар қолданылады?
Хлорлы суды қандай әдістермен дайындайды?
Нан өнімдерін қаптауда қандай буып-түю материалдары қолданылады?
4-тарау. ШИКІЗАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСКЕ ДАЙЫНДАУ
Наубайхана өндірісінде ұнды, ашытқыны, тұзды, қантты, және т.б. нан пісіру үшін қолданылатын шикізаттарды белгілі бір уақыт ішінде ғана сақтайды. Ал, кейбір наубайханалық шикізаттар дайындық операцияларын жүргізуді талап етеді.
