- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
Наубайхана кәсіпорындарында пештен шығарылатын өнімдерді контейнерлерге, ағаштан жасалған вагонеткаларға, пластикалық астаушаларға, сөрелерге орналастырады. Нан және бөлішке өнімдерін қаптау, сақтау және тасымалдау МЕМСТ 8228-56 бойынша, ал тоқаш өнімдерін – МЕМСТ 7128-91 бойынша, ал кепкен нан өнімдерін қаптау, сақтау және тасымалдау МЕМСТ 8494-96 бойынша іске асырылады. Сондай-ақ бұл іс-шара орнатылған тәртіп бойынша бекітілген және келісілген нормативті құжат бойынша жүзеге асырылады.
Сауда желілеріне жөнелткенге дейін дайын өнімді сақтау – кәсіпорынның салқындату бөлімшесінде және экспедицияларда жүргізіледі. Салқындату бөлімшесі және экспедиция жарықтандырылып, сорып шығарылатын вентиляциямен жабдықталуы тиіс. Олар таза болуы, онда өнімдер мен материалдар сақталмауы керек. Барлық пісіп шыққан өнімдерді астаушаларға тігінен, жанынан салып салқындатады. Үлкен салмақты өнімдерді үшбортты, ал ұсақ өнімдерді төртбортты торлы астаушаларға жайғастырады.
Кәсіпорынның салқындату бөлімшесіндегі және экспедициядағы өнімдерді максималды сақтау мерзімі, оларды сату немесе олардың жарамдылығы нормативті және техникалық құжатнамада көрсетілген.
39-кесте. Нан өнімдерін сауда орындарына тарату және сақтаудың максималды жіберілетін мерзімі
Өнімнің аталуы |
Өндірісте тұрудың максимал мерзімі, сағ. |
Сауда орнына жіберудің мерзімі, сағ. |
Қарапайым қара бидай наны Қарапайым бидай наны Қара бидай-бидай наны Қарапайым қара бидай-бидай наны Кебексіз қара бидай наны Сұрыпты бидай және қара бидай ұндарының наны |
14 14 14 14 14
10 |
36 24 36 24 36
36 |
Еленген қара бидай және бидай ұндарынан дайындалған салмағы 200 г-нан жоғары нандар |
10 |
24 |
Салмағы 200 г және одан да төмен ұсақ өнімдер (ірі тоқаштар) |
6 |
16 |
Қапталған қара бидай және бидай наны |
36 |
|
Қапталған бидай наны Сақтау мерзімі 3 тәулік Сақтау мерзімі 7 тәулік |
24 36 |
|
Өнімді салқындату бөліміне, экспедицияға немесе тапсырыс берушіге жіберер алдында - өнімнің сыртқы түрі бойынша сорттау және өндірілген өнімнің есебі міндетті түрде әкімшіліктің бақылауынан өтеді.
Өндірісте нанның сақталу мерзімі пештен шыққан кезден бастап өнімді дүкендерге жөнелткенге дейінгі уақыт болып табылады. Қапталған өнімдерді сақтау мерзімі өндірісте қаптаған уақыттан бастап есептеледі. Сақталу ұзақтығы осы көрсетілген мерзімнен асып кеткен өнімдер ақаулы немесе қайта өңделетін болып табылады.
Кәсіпорындарда органолептикалық көрсеткіштер бойынша өнімнің сапасын жүйелік бақылауды контролерлер немесе осы қызмет жүктелген тұлғалар жүргізеді, ал нан пісіретін орындарда – бұл қызметті осы міндет жүктелген жұмысшылар немесе технологтар орындайды. Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша өнім сапасын бағалау – кәсіпорын зертханасында, зертхана болмаған жағдайда өнім сапасын бағалау осы құқыққа ие басқа бөлімшелердің зертханасында жүргізіледі.
Шетелдердегі көптеген мемлекеттерде және біздің елімізде нан өнімдерінің негізгі бөлігі қапталған түрде шығарылады. Бұл өнімнің ерте кеуіп кетуін болдырмауға, балғындығын сақтау есебінен оның сапасын жақсартуға, өнімді сақтаудың санитарлы-гигиеналық талаптарын жоғарылатуға, өнімді ерте мерзімде өткізуге және өнімді сату барысында өнімге тартымды келбет беруге мүмкіндік береді.
Нан-бөлішке және кондитерлік өнімдерді қаптау үшін – жоғарғы билік органдарымен рұқсат етілген және техникалық құжаттар мен нормативті талаптарға сәйкес келетін, сондай-ақ өнімді сақтау мен тасымалдау барысындағы өнімнің бүтіндігін қамтамасыз ететін қаптау материалдары қолданылады.
Қазіргі таңда нан-бөлішке өнімдерін қаптау мақсатында түрлі қаптаушы пленкалар: полиэтилендік (тығыздығы төмен немесе жоғары), полиэтилендік термотұрақты, полипропилендік және т. б. пленкалар пайдаланылады.
Сақтау мерзімі ұзақ нан өнімдерді қаптау үшін – су және буөткізгіштікті төмендетуге мүмкіндік беретін құрамында қағаз, полимер және арнайы жабындысы бар көпқабатты қаптау материалдары қолданылады. Қаптау материалдарын таңдау барысында оның сипаттамасы (қалыңдығы, газөткізгіштігі, буөткізгіштігі және басқа барьерлік қасиеттер), қаптау технологиясы, жабдықты қаптау түрі және т.б. ескеріледі. Буып-түю сақтау кезіндегі нанның сапалық көрсеткіштеріне әсер етеді. Қапталған өнімді шығару жөнінде шешім қабылдаған бастапқы 3-4 сағатта өнім суығанда 1 кг өнім 25-30 г ылғалын жоғалтады. Егер ыстық күйінде оралса, бұл ылғал қаптама ішінде жиналып, қабығы суланып, деформацияланады, сондықтан өнімді буып-түймес бұрын міндетті түрде суыту қажет. Зерттеу жұмыстарына негізделе отырып, МемНӨҒЗИ (Ф. М. Кветный және т.б. 1995 ж) нан-тоқаш өнімдерін суыту, сақтау және тасымалдау жөніндегі нұсқауларды әзірледі.
МемНӨҒЗИ мәліметтері бойынша массасы 0,6-1,0 кг қалыптағы қара бидай және бидай ұнынан жасалған өнімнің жұмсақ ортасы 100-120 минут ішінде 35-36оС дейін суытылады, қара бидай және бидай ұнынан жасалған домалақ нан массасы 0,6-1,0 кг болғанда 80-100 минут ішінде 30-34оС дейін, массасы 0,3-0,5 кг бидай ұнынан дайындалған батондар 60-70 минут ішінде 30-34оС дейін суытылады.
Массасы 0,4 кг нан-бөлішке өнімдерін 30-36оС дейін арақашықтығы бір-бірінен 15-25 см болатын жүк таситын вагонеткаларда суыту ұсынылады. Бұл вагонеткалар салқындату бөлімінде орналасады.
Тез арада суытуды қолдану өнімнің суыту ұзақтығын төмендетеді, сондықтан пісірілген өнімдерді 0,2-0,3 м/с жылдамдықпен ауаны тез арада желдету арқылы ашық конвейерлі жүйелерде суыту ұсынылады. Ұсақ даналы ұн өнімдерін ерекше сақтықпен суыту қажет. Салмағы жеңіл, аз болғандықтан (0,05-0,2 кг) олар тез суиды (25-40 минут ішінде) және өндіріс орнында қысқа мерзімде осы өнімдерді буып-түю мүмкіндігі бола бермейді. МемНӨҒЗИ кәсіпорындарда осындай өнімдерді буып-түю алдында суытатын арнайы камераларды құруды ұсынуда. Суыту режимі буып-түю материалына тәуелді болады. Өнімді қағаз пакетке орағанда өнімді суыту қажет болмайды, себебі қағаз су буын жақсы өткізеді. Бұл жағдайда да пакет қағаздарға оралған өнімнің сақтау мерзімі ұзартылмайды.
Буып-түйілген өнімдердің белгілі бір сақтау мерзімі болады. Олардың сақталуы буып-түю материалының қасиеті және буып-түю машинасының конструкциясына байланысты келеді. Сақталу мерзімі 4 тәулікке дейінгі өнімдерге қалыңдығы 0,008-0,012 мм болатын пакеттер немесе полимерлі материалдар қолданылады.
Сақталу мерзімі 7-10 тәулікке дейінгі өнімдерді буып-түю үшін қалыңдығы 0,02-0,04 мм полимерлі пленкаларды қолданған дұрыс. Оларда кептірілу 3-4 есеге дейін азаяды.
