- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
Қара бидай қамырын дайындау кезінде негізгі міндет қамырда жеткілікті тез қышқыл жинақталуды қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да қара бидай қамырында қышқыл түзгіш бактериялардың мөлшерінің ашытқы клеткаларымен салыстырғанда 60-80 есе көбеюіне қолайлы жағдай туғызылуы керек. Мұндай жағдайға қамырды ашымалда дайындау кезінде қол жеткізуге болады.
Сол себепті қарапайым қара бидай ұнынан қамыр илеу:
Ылғалдылығы 50% шамасында болатын қою ашымалда (головка);
Ылғалдылығы 60% қою емес ашымалда (квас);
Ылғалдылығы 70%-дан 80%-ға дейінгі сұйық ашымалда жүргізіледі.
6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
Жаңа ашымал дайындау Ашытқы – Аралық – Негізгі (өндірістік ашымал) ашымалдарды дайындайтын толық өсіру циклі бойынша жүргізіледі.
Өсіру циклі бойынша ашымал дайындаудың (100 г ұнға өндірістік қою ашымал дайындау) рецептурасы және режим параметрлері 33-кестеде келтірілген.
33-кесте. Қою ашымал дайындаудың рецептурасы және режимдері
Рецептура және режим |
Ашымал |
|||
Ашытқы |
Аралық |
Негізгі |
Өндірістік |
|
Алдыңғы дайындалған өндірістік ашымал Ашытқы ашымалы Аралық ашымал Негізгі ашымал Ұн Су Престелген ашытқы Бастапқы температурасы, 0С Ашу ұзақтығы, сағ Соңғы қышқылдығы, град |
1,0 - - - 2,8 2,6 0,1 25-26 3,5-4,5 9-11 |
- 6,5 - - 6,5 5,0 - 26-27 4-4,5 11-13 |
- - 18,0 - 22,2 15,8 - 27-28 4-4,5 13-15 |
- - - 56,0 68 45,5-46 - 28-30 3,5-4 13-16 |
Өндірістік қою ашымалдың ылғалдылығы 50% шамасында болады. Қысқартылған өндірістік циклде, қамырды 2 фазада дайындайды: өндірістік қою ашымал (головка) және қамыр. Өндірістік қою ашымал үздіксіз дайындалады. Дайын болған ашымалдың бір бөлігі қайтадан ашымал дайындауға жіберіледі, ал қалған бөліктерінен қамыр иленеді. Қою ашымалда қамыр дайындаудың өндірістік циклінің режимі және рецептурасы (100 г ұнға) төмендегі кестеде келтірілген.
34-кесте. Қою ашымалда қамыр дайындаудың рецептурасы және режимдері
Рецептура және режим |
Өндірістік ашымал |
Қамыр |
Өндірістік қою ашымал, кг Ұн, кг Су, кг Тұз, кг Бастапқы температурасы, 0С Ашу ұзақтығы, сағ Соңғы қышқылдығы, град |
15 18 13 - 28-29 3,5-4,0 13-16 |
46 74 Есеп бойынша 1,5 3-31 1,5-1,75 10-12 |
Қою ашымалда қамыр дайындау үздіксіз және үздікті іске асырылуы мүмкін. И8-ХТА-6 қамыр дайындау агрегатын қолданып қамырды қою ашымалда үздіксіз дайындау әдісі кең тараған (41-сурет).
41-сурет. Үздіксіз жұмыс істейтін И8-ХТА-6 немесе И8-ХТА-12 бункерлі агрегатында өте қою ашымалда қара бидай және қара бидай-бидай ұнынан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы:
1 - Ш2-ХДМ мөлшерлегіш станция; 2 - И8-ХТА-12/1 қамыр илегіш машина; 3 - И8-ХТА-12/3 ашымал итергіш; 4 - И8-ХТА-12/2 немесе И8-ХТА-6/2 ашымал ашытуға арналған бункер; 5 – ашымал мөлшерлгіш; 6 - И8-ХТА-12/5 қамыр итергіш; 7 – Ш2-ХДМ мөлшерлегіш станция; 8 - И8-ХТА-12/6 қамыр ашытатын астауша; 9 – «Кузбасс-68-2М» қамыр бөлгіш машина
И8-ХТА-6 агрегатында қамыр дайындау кезінде ашымалдың 40-50% жаңа ашымал дайындауға, қалғаны қамыр илеуге жіберіледі.
Ашымал су, ұн және дайын ашымалдан И8-ХТА-12/1 машинасында үздіксіз 5-7 мин иленеді. Иленген ашымал итергіштен құбыр арқылы айналмалы тарпаның көмегімен ашытылатын бункердің бос секциясына тиеледі. Белгілі кезеңнен кейін секцияның екінші бөлігі, содан кейін тиеу ритмі тең болатындай қалған секциялар ашымалға тиеледі.
Соңғы секцияны тиегенде бірінші секция түсіріледі. Барлық секцияны тиеудің кезеңі ашымалдың ашу ұзақтығына тең болуы керек. Ашыған ашымалды түсіру бункер түбіндегі лопасты итергіштің көмегімен бір бөлігі 40-50% бір құбыр арқылы қамыр илеу машинасына жіберіледі, ал қалған бөлігі құбыр арқылы жаңа ашымал үлесін дайындау үшін илеу машинасына қайтады.
Қамыр илеу үшін ашымалдан басқа су, ұн, тұз ерітіндісі және рецептура бойынша қарастырылған басқа да шикізаттар қосылады. Қамыр 5-7 мин иленіп, лопасты итергіш арқылы құбырмен ашыту ыдысына (мысалы, И8-ХТА-12/6) жіберіліп, сол жерден бөлшектеуге түседі.
Қара бидай ұнынан қамырды үздікті тәсілде дежада дайындағанда, әдетте 3 (немесе 4) бөлікке бөледі. 1/3 (1/4) бөлігін қайтадан су мен ұнды қосып жаңартып, ашымалдың жаңа партиясын дайындайды. Ал қалған 2 (3) бөлігінде 2 (3) дежа қамыр дайындалады.
