Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilim-Baiysbaeva-Nan-onimderi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру

Ашытпалы және ашытпасыз әдіспен бидай қамырын дайындауда престелген ашытқымен үнемдеу ашытқыны алдын ала белсендендіру арқылы жүргізілуі мүмкін.

Престелген ашытқы дайындау өндірісінде ашытқы клеткаларын өсіру күшейтілген аэрация жағдайында қоректік ортада жүргізіледі. Сондықтан ашытқының ішкі құрылымы және онымен байланысты ферментті кешені негізінен аэробты жағдайларда культивирленген. Бұл жағдайда ашыту мүлдем жүрмейді. Ашытпада немесе қамырда ашытқы анаэробты жағдайға түседі, сондықтан да ол тыныс алудан ашуға тез ауысады. Осы сәтте ашытқы клеткаларының ішкі құрылымы қалыптаса бастайды. Клетканың ферментті кешені де өзгере бастайды, яғни пайда болу және тіршілік ету жағдайларына бейімделеді. Ашытқы клеткаларының тыныс алу сатысынан ашу сатысына өту, белгілі бір уақыт пен жағдайды керек етеді.

Ашытпаның немесе қамырдың ашу процесін тездету мақсатында ашытқылардың тыныс алу сатысына өтуі осы процесс үшін құрамы бойынша оптимал, аздаған мөлшердегі қоректік ортада алдын ала жүргізіледі. Осы дайындалған алдын ала фазада, яғни ашытпалы немесе ашытпасыз қамыр дайындауда престелген ашытқыны белсендендіру жүреді.

Ашытқылар тыныштық жағдайдан белсенді жағдайға ауысып, тыныс алудан ашуға көшеді де оның мальтаздық белсенділігі жоғарылайды. Ашытқыларды алдын ала белсендендіру жөніндегі сұрақтар А. Г. Ринзбург басшылығымен МТӨТИ–ның нан технологиясы кафедрасында зерттеліп, талқыланған.

Престелген ашытқыларды белсендендіру негізінен ашытқының белсенуі үшін қоректік орта дайындау арқылы жүргізіледі, осы ортада престелген ашытқыны біркелкі, «белсенді фазада» 30-32оС температурада 1-2 сағат ұстап тұрады.

Қоректік ортаны дайындау негізінен мына ретпен жүргізіледі: ұн және су қайнатпасын алу үшін 50-60оС ыстық қайнатпаға бидай ұнының тиісті мөлшерін және соя ұнының аздаған мөлшерін қосып, үздіксіз араластыра отырып, 30-32оС температурада салқын судың тиісті мөлшерін қосады. Осы қоректік ортаға үздіксіз араластыру барысында үгітілген престелген ашытқыны қосады.

Алдын ала белсендендірілген ашытқыны қолдану престелген ашытқының шығынын 25-40%-ға төмендетіп, ашытпаның ашу ұзақтығын 30 мин қысқартуға мүмкіндік туғызады.

Белсенді фазада ашытқылардың көбеюінің жүрмейтіндігі белгілі болған.

Әр 100 кг ұннан қамыр алу үшін кететін шикізаттар шығыны:

Ашымал дайындау үшін

Шикізаттар атауы

Мөлшері

Бидай ұны, кг

1,3 – 2,0

Ыстық су (95-98 0С), л

4,0-6,0

Ақ уыт, кг

0,2

«Белсенді фаза» дайындау үшін

Қайнатпа, кг

5,5-8,2

Суық су, л

5,5-5,7

Бидай ұны, кг

1,3-2,0

Соя ұны, кг

0,5

Престелген ашытқы

Рецептура бойынша барлығы

Қамырдағы ұн массасына шаққандағы престелген ашытқының рецептура бойынша мөлшері неғұрлым аз, көтерілу күші төмен болса, оның белсенуі жақсы жүреді. Қамырды ашытпасыз әдіспен дайындағанда престелген ашытқының белсену тиімділігі ашытпалы әдіске қарағанда жоғары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]