Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері

Әсер ететін мәнбірлер

Кома алдындағы жағдайдың белгілері

  1. Ем тәртібін сақтамау

  2. Психикалық қозу

  3. Физикалық күш түсу

  4. Жұқпалар, улану

  1. Шөлдеу

  2. Қозғалысының шектелуі

  3. Құсу, лоқсу

  4. Бастың, іштің ауыруы

  5. Тәбеттің жоғалуы

Мейіркештің тактикасы

ТЕЗ АРАДА ДӘРІГЕРДІ ШАҚЫРУ!

Команың белгілері

Емі

  1. Терінің және шырышты қабаттардың құрғауы

  2. Аузынан ацетон иісінің шығуы

  3. Тахикардия

  4. Шулы дем алу

  5. Артериялдық қан қысымының төмендеуі

  6. Көз алмасы тонусының төмендеуі

  7. Гипергликемия

  8. Глюкозурия

  1. Тез арада әсер ететін жәй, мөлдір инсулин әзірлеу. Тері астына және көк тамырға дәрігердің нұсқауы бойынша егу

  2. Уыттануға қарсы ем жүргізу

Команың бұл түрі біртіндеп дамиды. Естен танарда оған кома алдындағы жағдай тән болады. Алдын ала сездірушілер мыналар: тамаққа тәбеті шаппайды, басы ауырады, босаңсиды, әлсізденеді, шөлдейді, зәрі көбейеді, іші ауырады. Содан кейін науқас адам есінен танады.

Аузынан ацетон иісі шығады, терісі құрғайды, көз алмасының бұлшық еттері босаңсиды, рефлекстері төмендейді.

Дем алуы қатты, шулы, сирек (Куссмауль демі). Жүректің жұмысы нашарлайды, қанның қысымы төмендейді, тамыр соғуы жиілейді, әлсізденеді. Қанда қанттың және кетон заттардың мөлшері көбейеді, науқастың қаны қоюланады. Зәрдің мөлшері азаяды, тіпті анурия да байқалуы мүмкін.

Гипогликемиялық кома - қантты сусамырда байқалатын команың екінші түрі.Бұл жағдай қандағы қанттың мөлшері тез төмендеп кеткенде пайда болады. Ол науқас адам мезгілінде тамақтанбаса, ауыр физикалық күш түссе немесе қант мөлшерін азайтатын дәрілердің мөлшері асып кеткенде байқалады.

16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері

Себептері

Кома алдындағы жағдайдың белгілері

  1. Тамақтану тәртібін сақтамау

  2. Инсулинді керекті мөлшерден асырып алу

  3. А уыр физикалық күш түсу

  1. Әлсіздену

  2. Бозару

  3. Бұлшық еттің қатаюы

  4. Тершеңдік

  5. Қозу, дененің дірілдеуі

Мейіркештің тактикасы

  1. Тез арада дәрігерді шақыру

  2. Науқасқа тәтті шәй немесе 1- 2 түйір қант беру

Команың белгілері

Емі

  1. Тез арада білінуі

  2. Көз қарашығы кеңейген

  3. Тершеңдік

  4. Брадикардия

  5. Қан қысымының төмендеуі

  6. Гипогликемия

  7. Тырысыу

  1. Дәрігер келгенше тәтті шәй, қант беру

  2. Дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға 40% және 5% глюкоза ерітіндісін егу,адреналин ерітіндісін,преднизолон қолдану

Бұл жағдайда қанда глюкоза күрт азайып, ми торшаларының көректену дәрісі бұзылады. Күтпеген жерден науқас әлсіреп, қол мен аяқтары дірілдеп, тілі байланып қалуы мүмкін. Тамаққа тәбеті ашылып, терлегіш келеді. Жүйкесі қатты қозып, есіріп, дер кезінде есінен танады. Бұлшық еттердің тонусы жоғарылап тырысып қалады. Көз жанары қимылсыз, жағы қарысып, сіңірі тартылады. Қанда глюкозаның мөлшері 3,3 ммол/л төмендейді.Зәрде глюкоза және ацетон байқалмайды.

Зертханалық және құрал - жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері. Қант сусамырын айқындау үшін қандағы және зәрмен бөлінетін глюкозаның тәуліктік мөлшерін анықтау қажет. Аш қарында сау адамның қанында 3,3 – 5,5 ммоль/л (60 – 100мг %) глюкоза болады. Қалыпты түрде ол зәрмен бөлінбейді. Қант сусамырына шалдыққан адамдардың қанында глюкоза тым көбейіп 7,7 ммол/л артады (гипергликемия), зәрмен бірге шығады (глюкозурия). Осы себептен зәрдің салмағы жоғарлайды. Қант сусамырының асқынған кезінде кетонемия мен кетонурия байқалады, тіндерде қышқыл заттар көбейіп, ацидоз дамиды. Қант сусамырының латентті жасырынды түрін анықтау үшін глюкозаға толеранттылық сынағы қолданылады. Аш қарында глюкозаның мөлшерін анықтап алып, науқасқа 75 гр глюкоза ішкізу керек. арнаулы уақыттан кейін қандағы глюкозаның мөлшері анықталады. Сау адамның қанындағы глюкозаның мөлшері 1 сағаттан кейін 9,9 ммольден, ал 2 сағаттан кейін 7,3 ммоль/л – ден артпауға тиісті. Егер глюкозаның мөлшері бұдан жоғары болса, зерттелген адам қант сусамырының жасырынды түрімен сырқат болғаны. Тағайындалған инсулиннің мөлшерін анықтау үшін науқастың бір тәулік бойы қандағы (гликемиялық сынақ) және зәрдегі (глюкозуриялық сынақ) көрсеткіштерін табады. Сканирлау және ультрадыбыс әдістерін жүргізе отырып, ұйқы безінің көлемін, Лангерганс аралшасындағы торшалардың жағдайын, қабыну дәрісінің айқындығын байқауға болады. Қан тамырларының зақымданып, қан айналысының бұзылғанын электрофизиологиялық тәсілдермен (электрокардиограмма, реовазограмма) анықтауға болады.

Емі. Қант сусамырының бірнеше емдік қағидалары бар. Негізгі қағидасының бірі емдәм тәртібін сақтау. Егер науқас адам өзін - өзі тежеп, қажетті емдәмді ұстамаса, басқа қолданған дәрілердің әсері дұрыс болмайды. Емдәмнің басты шарты – ішетін тағамның құрамында сіңімді көмірсулардың аз немесе мүлде болмауы. Оның есесіне тамақтың құрамында көкөністер, витаминге мол жидектер болғаны жөн. Науқас адам аз – аздан, күніне 4 – 5 рет тамақтанғаны жөн. Науқастың тәуліктік қорегінің құрамындағы ақуыз, май және көмірсуларының ара қатынасы физиологиялық талапқа сай болуы тиісті. Қант сусамырында тағамдардың құрамында өте сіңімді көмірсулар (бал, қант, қантты шырындар, тәтті нандар, картоп т.б.) болмағаны жөн. Емдәмнің әсері болмағанда қант сусамырының негізгі ем қағидасы қандағы глюкозаны азайтатын дәрілерді қолдану. Оларға бигуанидтер мен сульфаниламидтер тобының дәрі-дәрмектері жатады. Бигуанидтер глюкозаның ішекте сіңірілуін азайтып, адамның тәбетін кемітеді, глюкогенез дәрісін бәсеңдетеді. Бигуанид дәрілеріне адебит, силубинретард, глюкофаг, диформен жатады. Сульфаниламид дәрілері ұйқы безіндегі В – торшалардың инсулин түзі қабілетін күшейтеді. Сонымен қатар олар бауырда гликоген түзілуіне әсер етеді. Сульфаниламид дәрілеріне бутамид, букарбан, манинил, глюреном жатады. Қант сусамырының инсулинге тәуелді түрінде міндетті түрде инсулинмен қолданады. Инсулин қолданылатын жағдайлар: инсулин тәуелді қант сусамыры, кетоацидозды жағдай, басқа ауру қосарланғанда, науқасқа ота жасағанда, басқа дәрілердің әсері болмағанда. Инсулин емі үш басты қағидаға негізделеді: инсулин жеткіліксіздігін реттеу, зат алмасу дәрісінің өзгерістерін қалпына келтіру, аурудың асқынуларының алдын алу. Бұл жұмыс нәтижелі болу үшін сырқатқа ұшыраған науқас өз ауруын, емдәм, қимыл жағдай тәртібін біліп, өзін - өзі бақылай алу керек. Қандағы қанттың мөлшерін кемітетін дәрі – дәрмектермен қолдану ережелерін жақсы білгені жөн. Сонымен қатар шұғыл жағдайларда науқас және оның туыстары дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсете білу керек. Инсулиннің тәуліктік мөлшерін анықтау үшін қандағы және зәрдегі глюкозаның шамасын білу қажет. Кейінгі кезде қанттың қандағы деңгейін жедел анықтау үшін әртүрлі түсті жолақтарға негізделінген глюкомерт құралы, ал аурулардың инсулинді өздері дұрыс мөлшермен берілуіне шприц - қаламсап қолданылады. Керекті инсулиннің мөлшері былайша есептеледі: қандағы 8,33 ммоль / л – ден жоғары глюкозаның әрбір 0,28 ммоль/л инсулиннің 1 бірлігі қажет. Инсулиннің 1 бірлігі қандағы қанттың мөлшерін 2,2 ммоль/л азайтады. Инсулиннің күндізгі және түнгі мөлшерінің ара қатынасы 2:1 шамасында болуы қажет. Науқастың инсулинді неше рет қабылдауы тағайындалған инсулиннің түріне байланысты: әсері қысқа мерзімді инсулин күніне тері астына 3 – 4 рет беріледі, орташа әсерлі инсулин күніне 2 рет беріледі. Оны қысқа немесе ұзақ әсерлі инсулинмен бірге қолданылады. Ұзақ әсерлі инсулинді тәулігіне 1 рет беріп, оған қоса тамақ ішер алдында қысқа әсерлі инсулинді берген жөн. Кейінгі кезде бір шпирцке қысқа мерзімді және ұзақ әсерлі инсулинді қосып сорып алып енгізеді. Инсулин қабылдайтын науқастардың қанындағы қант мөлшерін бақылап отырған жөн. Сонымен қатар қант сусамырына шалдыққан науқастар тұрмыс тәртібін сақтау тиіс.Қазіргі кезде бұл сырқаттармен және олардың туыстарымен “Диабет мектептерінде” ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Инсулин терапиясының ережелері ұсынылады(егу уақытының тәртібі, керекті мөлшерін анықтау, егу технологиясы).

Болжамы. Сырқат қозып отыруға бейімделген. Дұрыс емделмеген жағдайда, тұрмыс, тамақтану тәртібін сақтамаған науқастарда әр түрлі асқынулар дамып өміріне кедергі болуы мүмкін.

Бақылау сұрақтары

  1. Қант сусамыр ауруына жалпы түсінік беріңіз.

  2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді атаңыз.

  3. Сырқаттың жіктелу тәртібінің тізімін беріңіз.

  4. Қант сусамыры ауруының негізгі клиникалық көрінісі немен сипатталады?

  5. Сырқаттың ағымында қандай асқынулар кездеседі?

  6. Диабеттік команың даму себептеріне не жатады?

  7. Қант сусамырының негізгі емдік қағидасын айтыңыз.

  8. “Инсулинге тәуелді”, “инсулинге тәуелсіз” терминдерін қалай түсінесіз?

  9. Гипергликемиялық және гипогликемиялық комаларда шұғыл жәрдем қағидасы немен сипатталады?

  10. Қандағы қанттың мөлшерін азайтатын дәрілерді атап шығыңыз.

Семіздік

Семіздік дегеніміз тері асты май қабатында, көбінесе іш аймағында, шүйдеде, жамбаста, төсте, мойында, сонымен қатар шажырқайда, эпикардта (жүректің семіздігі), бүйрек маңында майдың мөлшерден тыс жиналуы.