- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
Туберкулез – бұл өзіне тән жұқпа түрімен қоздырылатын жұқпалы сырқат. Қазіргі кезде дүние жүзінде туберкулездің ашық түрімен сырқатталынған 15 млн адам бары анықталған. Жыл сайын 4 млн адам туберкулезбен ауырса, оның ішінде 0,5 млн сырқат өлімге ұшырайды. Қазірге дейін туберкулез сырқатының мәселесі анық шешілген жоқ. Туберкулез ауруы ерте заманнан келе жатқан сырқаттардың біріне жатады.
1882 жылы Роберт Кох осы аурумен сырқатталынған науқастың қақырығынан туберкулез бацилласын тапқан. Сондықтан туберкулез таяқшасы – Кох бацилласы деп аталады. 5-6 айға дейін қақырықтағы таяқша өзінің күшін сақтайды, және де қақырық кеуіп кеткен жағдайда ол өз күшін жоймайды. Туберкулез жұқпасы көбінесе қақырықтан, іріңнен, үлкен дәреттен жұғуы мүмкін. Кейбір жағдайларда туберкулез ауруы адамдарға малдардан да жұғады.
Сырқаттың жіктелуі:
І топ. Балалармен жас өспірімдердің туберкулезбен улануы.
ІІ топ. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі: бірінші туберкулездік жиынтығы, кеудедегі лимфа түйіндерінің туберкулезі, ошақты өкпе туберкулезі, фиброзды – кавернозды өкпе туберкулезі, циррозды өкпе туберкулезі, туберкулезді плеврит, жоғарғы тыныс ағзасының туберкулезі, өкпенің инфильтративтік туберкулезі, өкпе туберкуломасы.
ІІІ топ. Басқа ағзалардың туберкулезі: ми қабының туберкулезі, ішектің, іш пердесінің туберкулезі, жыныс, зәр шығару ағзаларының туберкулезі, тері, тері асты майының туберкулезі, шеткі лимфа бездерінің туберкулезі, көздің туберкулезі, сүйектің туберкулезі.
Сырқаттың дамуы. Кейде таяқша ағзаға түссе де адам ауырмауы мүмкін. Бұл ағзаның қорғаныс күшіне байланысты. Туберкулезбен зақымдану 2 жолмен өтеді: алғашқы зақымдану, екіншілік зақымдану.
Алғашқы зақымдану көбінесе жас өспірімдерде кездеседі. Ағзаға енген жұқпа өкпені қабындырады, бірақ қабыну ошағы алғашқыда біліне қоймайды. Ал екіншілік зақымдануда ағзаның күші әлсіреген кезде пайда болады. Қайталанып зақымдану (реинфекция) бұрынғы қабынған ошақты қайтадан қоздырады. Соның салдарынан эксудативтік туберкулез дамиды.
Сырқаттың өту ағымында 2 кезең байқалады. Қозу, ыдырау кезеңі және тыртықтану, сорылу кезеңі. Қозу, ыдырау кезеңінде қақырықта туберкулез таяқшасының анықталуы (ВК+) және анықталмауы (ВК-) мүмкін.
Клиникалық бейнесі. Өкпе туберкулезінің негізгі белгілерінің бірі – дене қызуының көтерілуі. Көбіне дене қызуы көтерілгенде науқас өз жағдайында болып жатқан патологиялық өзгерістерге мән бермей тұмау, өткір респираторлы сырқат деп ойлайды. Дене қызуы өте жоғарғы көрсеткішке дейін жетіп, 2-3 аптаға созылады да содан соң 37,2 – 37,4 болып төмендейді. Кейде дене қызуы бір көтеріліп, бір түсуі мүмкін. Көбіне дене қызуының көтерілуі кешкісін білінеді. Сондықтан дене қызуын әрбір 2 – 3 сағат сайын өлшеп отыруы керек. Дене қызуының тым көтерілуінен науқас қатты шаршағыш болады, тәбеті төмендейді, тершең келеді, арықтайды. Осындай патологиялық өзгерістер бола тұра, сырқаттанушылар өздерін әлсіреп, шаршаған деп ойлап дәрігерге тексерілмейді. Кейінірек жауырын тұсы аурады және жөтел пайда бола бастайды. Сырқаттың ерекшеліктерінің бірі – жөтелдің мінездемесі. Басқа өкпе қабыну ауруларынан айырмашылығы – ол аурудың бастапқы кезеңінде жөтелдің баяу білінуі, науқасты тым мазаламайтындығы, уақыт өте келе жөтел үсті – үстіне үдей түседі. Басында науқастың жөтелі құрғақ болады, бара – бара қақырық іріңді болып келеді, соңында қан аралас болуы мүмкін. Туберкулездің алғашқы кезеңінде объективті тексергенде ешқандай өзгеріс байқалмауы мүмкін, ал егер өзгеріс біліне қалған жағдайда ол өзгерістер сырқаттың ауырлығына сәйкес келмейді. Тек қана сырқаттың созылмалы түрінде науқастың терісі, шырышты қабықтары көкшіл болады, уыттану белгілері айқын білініп, науқас арықтайды. Белсенді туберкулездің негізгі белгісі көкірек торшаларының ауырсынуы болып табылады. Перкуссия жасағанда күңгірт дыбыс шығады. Аускультацияны өткізгенде кеудедегі бұғананың алдын және астын, жаурынның үстін және арасын тыңдайды. Себебі көбінесе өзгерістер өкпенің осы жерлерінде көп кездеседі. Обьективті тексеріс кезіңде анықталған өзгерістік мәліметтер өкпе туберкулезінің түріне, ағымына, кезеңіне байланысты. Емделмеген жағдайларда асқынулар тез арада дамып, өкпе-жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғады.
Жалпы қан анализінде белсенді туберкулезде лейкоцитоз болуы мүмкін. Туберкулездің фиброзды – кавернозды түрінде қанда лейкоцитоз, эозинофилия білінеді. Сонымен қатар сырқаттың белсеңді түрінде қақырығын тексергенде ВК (+) анықталады. Спирография, пневмотахометрия әдістерін қолдана отырып, өкпе сиымдылық көрсеткіштерінің төмендегенін анықтауға болады. Рентген суретінде сырқаттың ағымына, түріне, даму кезеңіне байланысты өзгерістерді байқауға болады. Туберкулезбен сырқаттанатын науқастар аурудың ағымына, түріне, асқынуларына байланысты 4 дәрежеге бөлінеді. Неғұрлым дәреже сатысы жоғары болса, соғұрлым науқастардың жағдайы ауырлай түседі.
Асқынулары. Сырқаттың ағымында жиі кездесетін асқынуларға өкпеден қан кету, пневмоторакс, өкпе – жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, көкірек және бронх жыланкөздері, амилаидоз жатады.
Туберкулезді анықтау және диагноз қоюдағы ерекшелігі.
Балалар мен жасөспірімдерді туберкулезге тексергенде өткізілетін Манту сынамасының мәні өте зор. Теріні спиртпен сүрткен соң, тері ішіне 0,1 мл туберкулин ертіндісін жібереді. (1 : 1000). Дәрі еккен жер 72 сағаттан кейін 5мм ден артып қызарып іссе ағзада туберкулез таяқшасы бар дегенді білдіреді. Сырқаттың белсеңді түрінде қақырықты бактериологиялық тексеру маңызды болып табылады. Қақырықты үш күн бойы қайталап тексерген жөн. Құрал - жабдық аппарат арқылы тексерістердің ішінде жиі қолданатын әдістерге рентген сәулесімен тексеру, томография және т.б. жатады.
Емі. Өкпе туберкулезінің қазіргі кездегі емдеу қағидасы кешенді түрде өткізіледі. Анықтап айтқанда ағзаның қорғаныс күшін жоғарлатып, қабынуға қарсы арнаулы антибактериялдық, дезинтоксикациялық, десенсибилизациялық, симптомға қарсы жүргізілетін ем болып табылады. Кешенді емнің бірі – құнарлы тамақтану. Тамақ құнарлы, ақуыз, витаминге бай болуы керек. Туберкулезде ақуыз мөлшері 200гр, май 60 – 80гр, көмірсу 300 – 500гр, тұз 8 гр болуы керек. Сонымен қатар кальцийді, фосфорды, В – витаминін тағам құрамында көбейту керек. Арнаулы тағайындалатын антибактериялдық дәрі – дәрмектерге ПАСК, этамбутол, изониазид, фтивазид т.б. жатады. Бұл препараттар ұзақ уақытқа тағайындалған түрінде қолданылады. Туберкулездің емі дәрежесіне байланысты, яғни туберкулездің емі қазіргі кездің жаңа көз қарасына сай ДОТС стратегиялық бағдарламасы бойыннша емін қолданады. ДОТС стратегиялық бағдарламасымен туберкулездің емі ауруханада 2 айдың ішінде қарқынды химиялық арнаулы дәрі – дәрмектермен жүргізіледі. Содан кейін ауруханадан шығып амбулаторлық түрде емді жалғастырады. Жалпы емдеу уақыты 2 айдан 4 айға дейін созылады. Туберкулезді емдеу кешеніне хирургиялық тәсілдер де жатады.
Алдын алуы. Екі түрде өтеді: арнайы және арнайы емес. Туберкулездің алдын алуында санитарлық – гигиеналық жұмыс жүргізу арнайы емес түріне жатқызады. Туберкулездің жұқпалы түрімен сырқаттанатындардың үйінде дезстанция мен бірлесе отырып жан – жақты зарасыздандыру шаралары жүргізіледі. Сырқат адам үйінде қалған жағдайда зарасыздандыру күнде жасалып отырады. Міндетті түрде жұқпаға қарсы ағзаның иммунитетін көтеру үшін БЦЖ вакцинасы жаңадан туғандардың бәріне жаппай егіліп, әрбір 5 жылда қайталанып отырады. Бұл арнайы алдын алу түріне жатады. Туберкулез қауіпін тудыратын сырқаттардың жан ұясына химиялық алдын алу жүргізіледі. Екі – үш айлық мерзімде химиялық дәрілерді қолданады.
Бақылау сұрақтары
Туберкулез сырқатына анықтама беріңіз.
Сырқаттың қоздырғышын атаңыз.
Сырқаттың жіктелу тәртібінің тізімін беріңіз.
Өкпе туберкулезінің клиникалық бейнесін айтып шығыңыз.
Өкпе туберкулез сырқатының соңы қандай асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін?
Туберкулездің дерт анықтамасын жүргізу үшін қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері қолданылады?
“ВК +”, “ВК –” сынама белгілерін қалай түсінесіз?
Сырқаттың емдік қағидасының негізі.
Алдын алу шараларына түсініктеме беріңіз.
