- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Ревматоид артриті
Бұл дәнекер тінінің барша жүйесін қамтитын созылмалы, тоқтаусыз меңдеп отыратын жұқпа - аллергиялық ауру. Оның негізгі клиникалық белгісі буындардың қабынуы. Ревматоидтық артритінің бір ерекшелігі – оның зақымдамйтын буыны қалмайды. Ең ұсақ буындардан (саусақ буындары, жақ буыны, башпай буындарының) бастап, ірі буындардың (тізе, ұршық, омыртқа буындарының) қай – қайсысын болса да күрделі өзгерістерге ұшыратады да, олардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Ұзақ уақыт ауырған буындардың сиқы кетіп, қисайып, жуандап, шорланып түрлері өзгереді. Қимыл аумағы азаяды, қуаты келмейді. Ревматоидтық артрит жиі мүгедектікке әкеп соғады. Көбінесе жастар ауырады, әсіресе әйелдердің көбірек ауыратыны байқалады. Ревматоидтық артритте бүкіл мүшелер және тіндер зақымданады яғни ол буындар жүрек, өкпе, бүйрек т.б.
Этиологиясы. Әлі күнге дейін белгісіз болып отыр. Дегенмен, ағзадағы созылмалы ошақты жұқпалардың ревматоид артритінің басталып кетуіне түрткі болатыны көптен белгілі. Сонымен қатар аурудың дамуына аутоиммундық серпілістер әсер етеді. Ғылыми бақылаулардың нәтижесінде осы аутоиммундық серпілістердің және соған байланысты өзгерістердің бірімен бірі қатынасымен үдере меңдеп отыратын зақымданумен қабыну дәрістерінің негізгі желеушісі екені анықталып отыр. Бұл дәрістер тек буындарды ғана зақымдап қоймайды, дәнекер тіні бар мүшеледі түгелдей кеулеп зардаптайды. Сөйтіп ревматоид артритімен ауырған адамның бүкіл денесінде ауруға шалдықпайтын бірде бір мүше не жүйе қалмайды, тамыр атаулының бәрі түгелдей дерлік қабынып кетеді.
Патогенезі. Буындағы патологиялық өзгерістер негізінен мыналарға саяды: әуелі қабынудың нәтижесінде іркілдек грануляция ағзалары көбейеді де, буын шеміршегін күйретіп жібереді, сүйектің эпифизі бұзыла бастайды. Буын шеміршегінің бұзылуына оны қоректендіріп тұратын синовий сұйықтығы айналысының немесе дифузиясының кемуі де себеп болады. Буын шеміршегінің құруы мен қабыну дәрісінің дамылсыз дамуы буын сүйектерінің жабысып, қозғалмай қатып қалуына (аниклоз) әкеп соғады. Кейбір буындар ұясынан шығып, кейбірі тарылып (контрактура) қалады. Бұл дәрістерге демеуші болатын мәнбірлер – буын қалтасы мен буын айналасындағы сіңірлер, бұлшық еттердің патологиялық өзгерістері.
Жіктелуі. Сырқаттың клиникалық белгілеріне қарай бірнеше түрлері байқалады. Көп кездесетін түрі - буын түрі (80 %). Мұнда аурудың басты белгісі – буынның қабынуы мен өзгеруі (деформация). Келесі түрі буын висцералды түрі. Висцералды дегеніміз – ішкі ағзалардың зақымдануы деген сөз. Сондықтан аурудың бұл түрімен ауырғанда буынмен қоса жүректің (перикардит), өкпенің (плеврит), немесе бүйректің (гломерулонефрит) және тағы да басқа ағзалардың ауыру дәрісіне жалғасуы мүмкін. Кейде ревматоид артриті басқа да жүйелі аурулармен (мысалы, ревматизммен, артроздармен) қосарласуы ықтимал. Бұл ревматоидтық артриттің үйлестірімделген түрі. Сонымен қоса аурудың ювенилді түрі де кездеседі. Бұл түрімен 16 жасқа дейінгі балалар ауырады.
Клиникалық бейнесі. Сырқат уыттану белгілерімен басталады: әлсіздік, басының ауруы, шаршағыш, тамаққа тәбетінің тартпауы, дене қызуының көтерілуі, ұйқысының бұзылуы. Сырқаттың негізгі белгісі ұсақ саусақ пен башпай буындарының зақымдануы. Буындар зақымдануының өзіндік ерекшеліктері бар. Негізінде қос буындар ісініп, қызарып, ауырсынады. Сырқатқа тән белгі таңертең төсектен тұрғанда науқастың тұла бойы ауырлап, буын – буыны құрысып қалады. Буынның ауырсынуы түннің екінші жартысында және таңертең қатты мазалайды.
35 сурет Ревматоидтық
артриттегі білезік буындарының зақымдануы
Күндіз және кешке қарай ауру басылады. Таңертең буынның құрысуы неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым аурудың меңдеуі басым деген сөз. Сырқаттың алғашқы кезеңінен бастап ақ буын қозғалысы азая бастайды. Буынның толық жазылып бүгілуі қиындап, азапқа айналады. Сырқаттың буынның айналасындағы бұлшық еттер семи бастайды. Өйткені ревматоид артриті тек буындарды ғана зақымдап қоймай, басқа ағзаларға да әсер етеді. Мысалы, бауыр мен көк бауырдың ұлғаюы, нағыз терінің қабынуы тағы басқа да жүйелік аурудың белгілері де пайда бола бастайды. Ревматоид артритіне тән белгілердің бірі – ревматоид шорлары деп аталатын белгі. Олар әсіресе шынтақ буынның үстінде пайда болады. Бұл байланған шорлар өкше сіңірінің үстімен желке шандырынан табылуы мүмкін. Оларды саусақпен басып қарағанда қаттылау, жылжымалы келеді. Көлемі онша үлкен емес, 0,2 – 2 см шамасында болады да ауырмайды. Ревматоид артриітінің клиникалық белгілері де аурудың асқынған кезеңінде айқын көріне бастайды. Буындардың түрі бұзылып, деформацияға ұшырайды. Саусақтар қисайып, қол буындары түгелдей
36 сурет Ревматоидтық артриттегі білезік буындарының
деформацияларының түрлері.
өзгеріске түседі. Екі қолдың басы екі жаққа қарай мыжырая қисайып, морждардың қалақшаларына ұқсап кетеді. Осылай деформацияға ұшыраған қол буындары өз қызметін атқарудан қалады. Онымен қоса буындардың көбі тартылып, кейбірі бітіп анкилозға ұшрайды. Саусақ сүйектері қысқарып, сыртындағы терісі жиырылып кетеді. Сонымен қатар үлкен буындарда патологиялық өзгерістерге ұшырайды. Сөйтіп, ревматоидтық артриттегі буын өзгерістеріне жатады: остеопороз, буын жықпылының тарылуы, буынның бір – біріне жабысып, қатайып, анкилоздың дамуы. Ревматоид артритінің шарықтау кезеңінде көптеген ішкі мүшелер мен тамырдың зақымдануы да қатар келіп отырады. Тамырлардың қабынуы ревматоид артритіне тән белгілердің бірі деп есептелінеді. Сырқаттың меңдеуіне байланысты буын қызыметінің жетіспеушілігінің үш сатысын бөліп қарау керек. Оның бірінші сатысында (ҚЖ1) науқас адам белгілі қиындықтармен болса да мамандығына байланысты еңбекпен айналыса алады. Екінші сатысында (ҚЖ2) – науқас адам еңбекке жарамсыз болып қалады, бірақ өзіне қызмет көрсете алады. Үшінші сатысында (ҚЖ3) науқас өз бетімен қызмет етуден қалып, кісі қолына қарап қалады.
Дерт анықтамасы. Диагноз қоюға науқастың шағымдары маңызды роль атқарады: қос, ұсақ буындардың зақымдануы, ревматоид шорларының білінуі, таңертеңгі буындардың құрысып – тырысуы. Осымен қатар диагнозды қоюға зертханалық тексерітер көмектеседі: қанда фибриногеннің деңгейі көбейеді, С - реактивті ақуыз білінеді, синовиалды сұйықта ревматоидтық мәнбір табылады. Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістерінде, яғни буындардың рентген суретінде буын бетінде “өрнек” пайда болып, остеопороз, анкилоз белгілері анықталады. Буын шеміршегі бұзылады, сүйектің эпифизі өзгереді. Шеткі буындардың жағдайын бағалау үшін радиоизотопты әдіспен қолданады. Зақымданған буынға неғұрлым радиобелсенді зат көп жиналса, соғұрлым ревматоид артриттің белсенділігі жоғары болып табылады.
Асқынуы. Зақымданған буындарда жылауықтар пайда болады. Бұл буындар жиі ойнамалы түрде шығып кетеді. Мойын буындарының зақымдануы миға әсер етуі мүмкін. Сырқаттың ең нақты асқынуы буындардың шорлануы, өйткені олар жиі мүгедектікке әкеп соғады. Сырқаттың висцералды түрінде қан аздық, бүйректе амилоидоз дамиды. Ұзақ емделген науқастарда дәрілердің жағымсыз әсері білінеді.
Емі. Бұл сырқат дами беретін, қозып және қайталап отыратын ауру. Сол себептен ревматоид артритін емдеу оңай шаруа емес. Қазіргі уақытты ешқандай арнаулы ем жоқ. Сырқатты толық жазылдырып жібере алмайды. Сондықтан ем жинақты болу керек, аурудың түріне, кезеңіне және белсенді дәрежесіне байланысты болу керек. Пайдаланылатын дәрілердің өзі алуан түрлі. Негізінен дәрі – дәрмектердің мына топтарының емдік қасиеттері дәлелденген деп есептеуге болады: қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер: стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (аспирин, пирозолон қатарындағылар – бутадион, реопирин, бруфен, индометацин және т.б.);
стероидты гормон препараттары (преднизолон, дексаметазон, гидрокортизон, кеналог, дексазон және т.б.); алтын препараттары (кризанол, санокризин). Иммун жүйесін тежеу үшін делагил, плаквенил дәрілерін қолданады (қандағы лейкоциттердің мөлшерін бақылаумен). Дәрілерді әртүрлі жолмен пайдаланады: ішу, егу, буынның ішіне жіберу, фонофорез, ионофорез арқылы және түрлі комбинациялар қолдануға болады. ревматоид артритін емдегенде дәрілермен қоса физиотерапиясында кеңінен қолданады. Емдік дене шынықтыру анкилоздардың пайда болуына кедергі жасайды. Сырқаттың ерте кезінен бастаған жөн. Кейінгі уақытта хирургиялық және радиоизотоптық әдістердің де емге қолданылып жүргенін айта кеткен абзал. Мысалы, хирургиялық тәсілмен буынның синовий қабығын сылып тастау (синовийэктомия) немесе алтынның радиоизотоптық препаратын буынның ішіне жіберу. Сырқаттың беті қайтқан кезінде (ремиссия) курорттармен санаторийлерге барып емді жалғастыру ләзім (Мойылды, Арасан – Капал, Жартас т.б.).
Алдын алуы. Бұл сырқаттың алдын алу үшін жарақаттанудан сақтанып, уақытында ошақты жұқпаларды емдеп отыру керек. Дене шынықтырудың да маңызы өте зор.
