Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.

1. а) қалқанша безі; б) ұйқы безі; в) бүйрек үсті безі; г) ана безі;

қосымша жауаптары болуы мүмкін; сілекей безі, гипофиз, гипоталямус.

2. г);

3. а) преднизолон; б) дексаметазон; г) гидрокартизон; т.б.

жауаптар болуы мүмкін.

4. г);

5. а) ультрадыбыспен зерттеу;

б) тіннің гистологиялық тексерісін жүргізу (биопсия алу);

в) сканирлеу жүргізу;

6. а)

7. а) экзофтальм; б) тахикардия; в) қалқанша безінің көлемінің үлкеюі;

г) сескеншектік; д) дене қызуының көтерілуі; е) терлегіштік;

ж) мазасыздық, арықтау; т.б. жауаптар болуы мүмкін.

8. анық білінеді;

9. б);

10. а);

11. 1 – а, е; 2 – б,в,г,д;

12. б);

13. б);

14. йод;

15. гликемия;

16. глюкозурия;

17. а)

18. б);

19. а) шөлдеу (полидипсия); б) қомағайлық (полифагия);

в) зәрдің көп мөлшерде шығуы (полиурия); г) арықтау; д) терінің

қышуы;е) ұсақ тамырлардың зақымдануы; т.б. жауаптар болуы мүмкін.

20. б);

21. б);

22. І типті (инсулин қажет ететін диабет), ІІ типті (инсулин қажет етпейтін

диабет);

23. а) комалар; б) гангрена; в) жүрек жеткіліксіздігі; в) ұсақ тамырлардың

зақымдануы (ангиопатиялар);

24. б);

25. 1 – а,б,д,е,ж; 2 – в,г,з;

26. а);

27. а) мөлшерін анық санай білу; б) тері астына егу; в) инъекциядан

кейін пациентті нақты түрде тамақтандыру; г) инъекция жасайтын

жерді спиртпен сүртпеу немесе спиртпен сүрткеннен кейін кептіріп егу

(спирт инсулиннің әсерін жояды);

28. в);

29. б);

30) инсулиннің 1 мл – 40 бірлік болады.

ІХ – ТАРАУ

Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік

Буын аурулары өте көп, бірақ осы көптеген ауруларды қарастыратын болсақ, бір өте маңызды жағдайды есте ұстаған жөн: аурулардың бір бөлігі өз бетіеше ауру болып табылса, басқа бір бөлігі қандай да бір аурудың белгісі болып табылады. Бірінші жағдайда буын аурулары бүкіл симптоматиканы білдіреді: буынның ағымы мен болжамы, буынның зақымдануларының мінездемесімен байқалуына байланысты, ал барлық емдік шаралар бірінші орында буындардағы патологиялық дәрісті басуға бағытталған. Екінші жағдайда буынның зақымданулары қандайда бір аурудың тек қана белгілері болып табылады. Бірақта аурудың ағымы, оның болжамы сияқты буын зақымдануымен емес негізні ауруы бойынша анықталады және барлық емдік шаралар осы ауруды емдеуге бағытталады. Осы тарауда жеке ауру болып табылатын буын аурулары қарастырылады. Барлық буын аурулары буындарда болатын патологиялық дәрістің сипаттамасы бойынша екі үлкен топқа бөлінеді: артриттер мен артроздарға. Артрит – бұл сырқат негізінен буынның синовиалды қабатында дамитын, буын шеміршегінде және буын айналасындағы тіндерде болатын қабыну дәрісі. Кейде буынның қуысында қабынудан пайда болған сұйықтықтар болады. Мұндай аурудың мысалы ретінде ревматоидты артритті айтуға болады. Артроз – бұл сырқаттың негізінде алмасу – дистрофиялық дәрістер және де шеміршектің семуі, сүйек тінінің сиреуі (остеопороз), сүйек тініндегі жаңадан пайда болған түзілістер, тіннің, буынның, буын қабыршағының айналасына кальций тұздарының жиналуы жатыр. Оның мысалы ретінде деформацияланған остеоартрозды айтуға болады.