Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Негізгі клиникалық белгілері

Әрбір аурудың клиникалық көрінісі патологиялық дәрістің сипаттамасымен және қандай да бір буындарға оның таралуымен анықталады. Бірақта әртүрлі буын зақымдануларының жалпы бірнеше

белгілері бар. Буынның ауырсынуы – буын ауруларының негізінен басты белгісі деп айтуға болады. Ауырсыну буындардағы патологиялық дәріспен (шеміршек, синовалды қабат, буын қалтасы), сонымен қатар буын айналасындағы тіндердің, сіңірлердің, сіңір ылғалдаушылардың зақымданулары мен шақырылады. Ауырсынудың пайда болуына механикалық мәнбірлерде нақты әсер етуі мүмкін, яғни буындарға физикалық күштің түсуі, сіңір байламдарының созылуы, синовиалды қабаттың сүйектегі өсінділер - остеофидтер мен тітіркенуі және буынның өзінде немесе буын айналасындағы тіндерде қабыну дәрісінің дамуы. Ауырсыну уақытына және пайда болу жағдайына, ұзақтығы мен интенсивтігіне байланысты бөлінеді.

Буынның ісінуі буын зақымданғанның екінші маңызды белгісі болып табылады. Ол буынды қоршап тұрған синовиалдық қабатпен жұмсақ тіндерде қабыну ісігі пайда болуымен түсіндіріледі, ал кейбір жағдайларда буынның қуысында сары судың пайда болуына байланысты. Буынның ісінуі және де синовиалды қабаттың гипертрофиясы мен буын маңындағы тіндердің фиброзды – қатаюы буын пішінінің өзгеруіне әкеп соғады. Буынның қисаюын, пішінінің өзгеруін сүйектердің өсулері, буын шетіндегі сүйектердің деструциясы, бұлшық ет байлам аппараттарының зақымданулары және шығып кетулермен түсіндіруге болады. Оған тән мысал ретінде ревматоидты артриттегі саусақтардың қисаюы және де қолдың дисталдық фаланга аралық буын маңайында сүйек өсінділерінің пайда болуын айтуға болады (Бушар түйіндері). Зақымданған буынның үстіндегі теріде қабыну дәрісі дамығанда дене қызуы көтеріледі. Тері түсінің өзгеруіне (қызаруына) де көңіл бөлу керек.

Буындардағы қозғалыстың шектелуі – ондағы патологиялық өзгерістің дамуының ең маңызды белгісі. Буындардың ішінде фиброзды және сүйек өсінділерінің пайда болуы буындардағы қозғалыстың толық шектелуіне әкеледі (шорбуын). Буындардағы сіңір байлам аппаратының зақымдалуы, буын қапшықтарының, кілегей қалталардың бұлшық ет шандырларының зақымданулары да буын ауруларының белгілеріне жатады. Бұндай зақымданулар буынды сипағанда ісінумен, ауырсыну мен байқалады. Буындардың патологиялық өзгерістерінде бұлшық еттің семуі және әлсіздігі білінеді. Кейбір жағдайларда бұлшық еттердің семуі ауырған буындағы қозғалыстың шектелгенінде пайда болады (мысалы жамбас сан буынның зақымдануында санның бұлшық етінің семуі). Кейбір жағдайларда буында дамитын қабыну дәрісі буынның жанында жатқан бұлшық еттерді де зақымдайды, қабыну дәрісі ұзаққа созылғанда бұлшық еттердің сему дәрісіне ұшыратады. Қабынуы бар буын ауруларында науқастардың дене қызуы көтеріледі, ал буындардағы алмасу – дистрофиялық өзгерістерде дене қызуы қалыпта. Буындардың қабыну сырқаттарының қозу кезеңінде қанда нейтрофильді лейкоцитоз байқалады, сонымен қатар фибриноген деңгейі жоғарылайды, ақуыз фракциясы өзгереді, ЭТЖ артады.

Бақылау сұрақтары

  1. Тірек қимыл аппаратының ауруларына жалпы түсінік беріңіз.

  2. Сырқаттардың клиникалық белгілерін айтып шығыңыз.

  3. “Артрит” және “артроз” терминдеріне түсінік беріңіз.

  4. Сырқаттарға дерт анықтама жүргізгенде қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістерін қолданады?