- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
Асқазан ойық жара ауруы дегеніміз - асқазанның ішкі қабатында өлі еттің пайда болуы. Негізінде жастар ауырады 20 - 40 жасқа дейін. Көбінесе ер адамдарда байқалады. Асқазан ауруларының ішінде бірінші орында гастрит, ал екінші орында асқазан ойық жара ауруы болады.
Этиологиясы. Асқазан ойық жара ауруының дамуына гелиобактер пилори деген микроб әсер етеді деген шешім бар. Ол қарында тіршілік етіп, асқазанның сөл бөлу қабілетін күшейтіп, ондағы тұз қышқылы деңгейін мөлшерден тыс арттырып жіберетіні белгілі.Микроб асқазан кілегей қабығын біртіндеп зақымдап, ойық жараның түзілуіне әкеліп соғады. Асқазан ойық жара ауруының пайда болуына нейрогуморалдық бұзылыс маңызды орын алады. Күйзеліс, ренжіс орталық жүйке жүйесінің қозуын шақырады. Ал бұл вегетативтік жүйке жүйесін қоздырып, қан тамырларын жиырады. Осының әсерінен асқазанның қоректену дәрісі бұзылып жергілікті жерде ишемия пайда болып жараға әкеліп соқтырады. Сонымен қатар аурудың дамуына әсер ететін мәмбірлерге жатады: дұрыс тамақтанбау, химиялық және механикалық тітіркендіретін тағамдар, шылым шегу, ішімдік, созылмалы гастрит, әсіресе сөлі жоғары түрі. Дәрі - дәрмектерді дұрыс қолданбауда әсер етуі мүмкін. Жара асқазанның әр жерінде пайда болуы мүмкін, бірақта кіші дөңесінде жиірек кездеседі.
Патоморфологиялық анатомиясы. Жергілікті өзгерістеріне байланысты келесі түрлері болады:
жай жара түрі – бұл жара қоршауындағы қабыну дәрісінің байқалмауы;
каллезденген түрі – бұл жараның қоршауындағы қабыну дәрісінің өрістеніп байқалуы;
асқазандағы ойық жара тесіліп, көрші жатқан ағзалармен бітелуі;
асқазандағы ойық жараның тесілуі.
Емлесі. Жекеше (бір жара) немесе көпше (бірнеше жара) түрлері бар. Жараның көлеміне байланысты ұсақ және ірі болады. Орналасуына байланысты кіші және үлкен дөңесте орналасқан; асқазанның шыға берісінде, жоғары бөлігінде, асқазанның күмбез бөлігіндегі орналасқан түрлері болады.
Клиникалық бейнесі. Ұзақ жыл жүреді. Көктемде күзде өршиді.Негізгі белгісі іштің ауырсынуы болып табылады. Асқазан ойық жара ауруында эпигастрий маңайы ауырады, ал ұлтабар жара ауруында ауырсыну көбінесе кіндік түбінде білініп, сырқаттың жауырынының астына әсер етеді. Ойық жара ауруының ерекшеліктері:
ауырсыну жергілікті түрде білінеді;
ауырған жерін науқас саусағымен шұқып көрсетеді;
іштің ауырғаны тікелей тамақтану тәртібімен байланысты;
бұл мерзімді, көктемде және күзде қозып отыратын ауру.
Ауырсыну жараның орналасуына байланысты. Егер ол асқазанның шыға берістегі антральды бөлігінде немесе ұлтабар сағасында болса, аш қарын кезінде және тамақтанғаннан кейін 1,5 –2 сағат өткен соң асқазан тұсы күйіп ауырып мазаны алады. Аурудың түнде қатты ұстап, ұйқыдан мезгілсіз оятатын кездері де бар. Жара асқазанның жоғары бөлігінде , яғни кіре
17 сурет. Асқазан (2, 3) және ұлтабар (1)ойық жарасы ауруларындағы ауырсыну аймақтары.
берісінде болса науқас ас іше бастағаннан-ақ ауыра бастайды. Ол әсіресе ащы және ыстық тамақтар ішкен кезде күшейе түседі. Ауырсыну сезімі өңеш бойына, жүрек тұсына таралады, төс ұшының асты сыздайды. Асқазанның күмбез бөлігіндегі жара асқазанды сыздатып, түйілтіп ауыртады. Ол көбінесе ас қабылдағаннан кейін 20-30 минут өтісімен білінеді.Тамақтанғаннан соң үнемі кекіру, лоқсу, ауыздың су татып тұруы да осы кеселге тән көріністер. Асқазан ойық жара ауруында іштің ауырғаны тамақтан кейін аз уақыт өткен соң байқалады (ерте ауырсыну), ал ұлтабар жара ауруында тамақтан кейін 3 - 4 сағат өткен соң ауырады (кеш ауырсыну). Негізінде асқазан жара ауруында ауырсыну ашқарынға немесе түнгі уақытта білінеді. Тамақтанғаннан кейін ауырсыну басылады. Қыжылдау және құсу белгілеріде жиі кездеседі. Құсықтан кейін науқастың жағдайы жақсарады, өйткені асқазан қышқыл сөлінің жараға деген әсері азаяды. Асқазан және ұлтабар ойық жара ауруларында аурудың белгілері қатты білінеді. Пациент жұмысқа деген қабілетінен айырылады. Асқазан ойық жара ауруында сырқат ашуланшақ, ұйқысы бұзылады, тілі уылған, эпигастрий маңайында немесе кіндік түбінде ауырсыну білінеді. Үлкен дәреті көбінесе кідіріп қалады. Қарт адамда клиникалық бейнесі білінбей өтуі мүмкін. Сырқаттың жалпы түрі өзгермейді.
Дерт анықтамасы. Жалпы қан анализінде қан аздық білінеді, лейкоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы қалыпты түрде 40 - 60 бірлік, бос қышқылы 20-40 бірлік, ал байланысқан қышқылы 20-30 бірлік. Асқазан ойық жара ауруында осы көрсеткіштердің бәрі артады. Нәжісті жасырынды қанға тексергенде Грегерсен сынамасы
18 сурет. Асқазан ойық жарасының рентгенограммасы.
жағымды болып білінеді (нәжісте қан табылады). Рентген көрінісінде жара болған жерге барий құйылып, ”ойыс” белгісі байқалады. Фиброгастроскопияда жараны көзбен көріп, көлемін, орналасуын, жараның түрін анықтайды. Биопсия арқылы асқазан ойық жара ауруын асқазан қатерлі ісігінен айырады.
Асқынулары. Асқазаннан қан кету, теспелеу, пенетрацияға ұшырауы, қақпаның қатаюы, аурудың қатерлі ісікке ұшырауы.
