- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
Өткір бүйрек жеткіліксіздігі дегеніміз кенеттен күрт басталалып, өте тез дамитын бүйрек жұмысының жеткіліксіздігінің және олигуриямен, азотемиямен, су электролит алмасуының бұзылуымен сипатталатын жағдай.
Этиологиясы. Бұл аурудың себебіне жарақат шогы, күйіктің шогы, көп мөлшерде қанның кетуі, миокардтың өлі етенуі, тоқ жарақаты әкеліп соғады. Сонымен қатар ауыр металдармен, сілті қышқылдарымен, метил спирттің ерітіндісімен және кейбір дәрі – дәрмектердің түрлерімен (барбитураттар, хинин тобының дәрілері, пахикарпин) уланулары жатады. Өткір бүйрек жеткіліксіздігі бүйрек тамырларының және зәр жолдарының бітеліп қалған жағдайларында да дамуы мүмкін. Кейде септикалық жағдайда бүйректің өткір жеткіліксіздігімен аяқталуы мүмкін.
Патогенезі. Сырқаттың дамуында ишемия мәнбірі алғашқы қатарда орын алады. Ағза көп мөлшерде сұйықтарды жоғалтқан жағдайда жүрек жұмысы әлсізденеді; шок, есенгіреу жағдайларында бүйрекке қан аз мөлшерде барады да бүйректің қан айналымы төмендейді. Осының әсерінен қанды сүзу, қайта сіңіру қызметтері бұзылады. Жағымсыз улы бөгде заттар бүйректің торшаларын зақымдап, өлі еттенуіне әкеледі, бүйрек арналарының аноксиясы пайда болады. Осы айтып шыққан өзгерістер өткір бүйрек жетіспеушілігін тудырады, бірақ көптеген жағдайда бұл серпіліс қалпына келуге бейімделген.
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың өту ағымында төрт кезең айқын түрде байқалады: шоктық кезеңі, зәрдің азаюымен және тоқтауымен (олигоанурия) сипатталатын кезеңі, диурездің қалпына келетін кезеңі және сырқаттан айығу кезеңі (бүйректің жұмысы қалпына келу кезең). Алғашқы кезеңінде өткір бүйрек жеткіліксіздігіне әкеліп соққан шоктың белгілері білініп, қан қысымы төмендейді, тахикардия, ауырсыну сезімі сезіледі. Тамыр соғуы жиілейді, әлсізденеді. Екінші өршу кезеңінде зәрдің мөлшері азаяды немесе мүлдем зәр шығуы жоғалады. Ағзада әртүрлі керексіз қалдықтар, жағымсыз заттар жиналып, орталық жүйке жүйесін, басқа да ағзадағы мүшелерді уландырып, олардың атқару қызметін бұзады. Осы кезде науқас әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, басының ауруы, құсу, ауызынан амиак иісінің шығуына шағымданады. Орталық жүйке жүйесі зақымданған науқастарда енжарлық, бағыт – бағдардан адасуы, сезімінің тез қозып, тез әсерленуі, сіңірлері тартылуы, денесінің құрысып тырысуы байқалады. Жүрек қан - тамыр жүйесі зақымдалғанда науқастарда тахикардия, аритмия, қан қысымының көтерілуі, жүрек аймағының ауырсынуы білінеді. Науқасты тыңдағанда перикардтың қажалған дыбысы естіледі, жүректің шекараларының ұлғайғандығы анықталады. Ас қорыту жүйесінің зақымданып, бұзылу белгілеріне лоқсу, құсу, тамаққа деген тәбетінің жоғалуы, кейбір кезде іштің өтуі және үлкен дәретінің қара түсті (мелена) болуы мен сипаталады. Осымен бірге бауыр жеткіліксіздігі дамыған жағдайда терісінің сарғаюы білінеді. Науқастың өкпесі сусінділеніп, ентігу, жөтел, демікпе белгілерімен сипатталынады. Бұл кезеңнің ең бастысы олигурия және анурия. Тәуліктегі зәрдің мөлшері 20 мл ден 300 мл ге дейін, ал зәр салмағы төмендейді (1003 – 1008 дейін). Зәрдің түсі лайлы, қоңырқай немесе “еттің жуындысы” тәрізді болады. Зәрдің тұнбасының құрамында көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер, мочевина анықталады. Жалпы қан анализінде анемия, лейкоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Биохимия қан анализінде қалдық азоттың мөлшері көбейеді, ал мочевина мөлшерінің көрсеткіші оданда жоғарғы көрсеткішке жетеді. Қанда ацидоз дамиды. Бүйректің сутегі иондарды шығаруының бұзылуы, қанда қышқыл қалдық заттарының жиналғандығы көрінеді. Анурия, олигурия кезеңі 5 – 10 күннен, 30 күнге дейін созылуы мүмкін. Диурез біртіндеп алғашқыда 500 мл ге дейін көтеріледі, одан соң тәулігіне 2000 мл дейін мөлшері жетіп, көтеріледі. Осының яғни, зәр мөлшерінің көбеюі салдарынан өткір бүйрек жеткіліксіздігінің үшінші полиурия кезеңіне ауысып, науқастың жағдайы жақсара бастайды. Патологиялық өзгерістері біртіндеп жоғала бастайды. Диурездің мөлшері 3000 мл дейін көбейеді. Төртінші кезеңі қалдық азотпен мочевина мөлшерлерінің қалпына келу белгісі науқастың айығу дәрежесіне жеткендігін түсіндіреді. Бұл кезеңінің өту уақыты 3 айдан бастап, 12 айға дейін созылады. Бұл кезде бүйректің сүзу қызметі қайтадан қалыпына келе бастайды.
Дерт анықтамасы. Сырқаттың дерт анықтамасын қою мақсатында келесі жайларды ескере отырып: аурудың күрт басталуы, зәрдің мүлдем тоқтап, жүрмей қалуына, биохимия анализіндегі мочевина мен азоттың қалдық мөлшерлерінің көбеюі, ағзадағы гемостаздың өзгеруі және ауруға әкеліп соққан шоктың мәнбірлеріне сүйене отырып, диагнозды қоюға болады.
Емі. Науқасқа 1 емдәм тағайындалады. Бұл емдәмнің түрінің құрамында құнарлы тағамдар болмауы тиіс және ақуыздың мөлшері 20 – 40 г - нан аспауы керек. Егер науқас тамақтанбаса көк тамыр арқылы 40% глюкоза ерітіндісін енгізеді. Науқасты бүйрек ауруларын емдейтін ауруханадағы нефрология бөлімшесіне жатқызып, ем арнайы түрде көрсетіледі. Егер сырқат жарақаттың әсерінен болса, онда науқасты жансыздандыру керек, ал егер қан мөлшерін көп жоғалтқан болса, онда көп мөлшерде коллоид ерітінділерін, эритроциттердің салмағын енгізіп қан көлемін жеткілікті түрде толтыру керек. Уыттануу шогы кезіңде унитиол, гемосорбция, гемодиализдерді қолданып, науқастың асқазаның 5% унитиол ерітіндісімен жуу. Жұқпа кезіңде бактерияға қарсы ем шаралары жүргізіледі. Аурудың олигурия, анурия кезеңінде науқастың салмағын өлшеп, су баланысын қадағалап отыру қажет. Регидронды ауыз арқылы немесе көк тамырға, Рингер ерітіндісін енгізеді. Су баланысын қалыпта ұстап тұру керек. Қандағы кальцийдің мөлшері азайғанда 10% - 20мл кальций глюканат ерітіндісін қолдану қажет. Ацидозды жою үшін натрий гидрокарбонат ерітіндісін көк тамыр арқылы жібереді. Уыттануды жою мақсатымен су - электролит баланысын қалыптастырады, қанды қалдық улы заттардан тазартып, тиімді нәтижелі ретінде гемодиализді, гемосорбцияны, плазмаферезді қолданады.
