Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері

Науқастың шағымдары

Қарағанда

  1. Бастың қатты ауырсынуы, әсіресе қарақұс пен самайда

  1. Құлақтың шулауы

  1. Лоқсу, құсу

  1. Бастың айналуы

  1. Жүрек маңайының ауырсынуы

  1. Көз көру қабілетінің нашарлауы

  1. К ейбір жағдайларда мұрыннан қан кету

  1. Бетінің қызарыуы

  1. Көз тамырларының қанталауы

  1. Жүрек соғысының жиіленуі

  1. Қан қысымының шамадан тыс көтерілуі

  1. Науқастың беймазалануы

  1. Т амыр соғысының күшеюі

Мейіркештің әрекеттері

  1. Дәрігерді шақыру

  1. Науқасты физикалық және психикалық тыныштандыру: бөлмедегілерден тыныштық сақтауын сұрап, жүйкеге әсерін тигізетін мәнбірлерді жою (ән, қатты жүру, жарық сәуле, қатты сөйлеу)

  1. Желкесіне қыша қою, аяғына ыстық емшараларды қолдану

  1. Әзірлеп қою: шприцтерді, қан қысымын төмендететін, тыныштандыратын дәрілерді

  1. Науқастың жалпы жағдайын қадағалап отыру: қан қысымын өлшеу, демін, тамыр соғуын санап, анықтау

  1. Мейіркеш дәрісін жүргізе отырып, науқастың бақылау құжатын толтыруы тиіс

Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі

І кезең. Пациенттің мәселелерін табу.

Пациенттің нақты мәселелері:

  • жүрек маңайының ауырсынуы;

  • ентігу, тұншығу;

  • ісіктің білінуі;

  • жүрек соғуының бұзылуы;

  • іш қуысына сары судың жиналуы (асцит);

  • бастың ауыруы, бастың айналуы;

  • естен тану;

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

  • аурудың қайталама ұстамасы;

  • тұншығудың әсерінен өлім сезімінің пайда болуы;

  • жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі;

  • төсек тәртібін сақтау мен орындау мақсатында, қозғалыстың аз болуына мәжбүрлейді;

  • мүгедектікке ұшырау;

  • дәретке өз бетімен отыра алмау жағдайы;

ІІ –ші кезең. Мейіркеш диагнозын қою.

Қан айналу қызметінің бұзылуымен байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелерге сүйене отырып қойылады.

ІІІ – ші кезең. Күтім шараларын жоспарлау.

Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

  • жүрек маңайындағы ауырсынуды басу;

  • бастың ауырғанын басу;

  • демікпені басу;

  • естен тану жағдайында көмек көрсету;

Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

  • қан қысымды қалыпқа келтіру;

  • жүрек маңайындағы ауырсынуды болдырмау;

  • ауруханадан шығару мезгіліне қарай ентікпені басу және болдырмауға тырысу;

  • науқас жағдайын ісікке дейін жеткізбеу;

  • емдәмді қатаң түрде сақтауға дағдылату;

  • ауруханадан кейін науқас өзінің қозғалу тәртібі туралы мағұлмат алады;

  • шұғыл жағдайларда өзіне өзі көмек көрсете алады;

Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.

Мейіркештің араласулары:

  • тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, науқастың тексерістеріне қатысу;

  • тәуелсіз – науқастың жағдайын қадағалап және бақылау: ыңғайлы жағдай көрсету, демін, тамыр соғуын санау, дене қызуын, қан қысымын өлшеп бақылау құжатына тіркеу;

  • бір – біріне тәуелділік қатынастар – жеке бастың гигиеналық тазалығын сақтау, науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау, қолданған емнің әсерлігін бағалау, науқаспен және оның туыстарымен педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.