Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)

Өкпе эмфиземасы - өкпенің тінін ауа кернеп, өкпе альвеолардың іші кеңейіп, ауаға толып, өкпе көлемінің ұлғаюымен сипатталып өтетін патологиялық дәріс. Өкпе эмфиземасы өту түріне қарай жедел және созылмалы болады, таралу ерекшелігіне қарай диффузды және шектелген болып бөлінеді.

Этиологиясы және патогенезі. Эмфиземаның дамуына кеуде қуысындағы қысымның жоғарлауы, тыныс жолдарының зақымдалуы себеп болып табылады (созылмалы жөтел, сыртқы тыныс аппаратына күш түсу). Көбінесе өкпе эмфиземасы өкпенің созылмалы сырқаттарының салдарынан дамиды. Бронхылар тарылса дем шығару дәрісі қиындап, тыныс алуға қатысатын бұлшық еттерге қосымша күш түседі. Ауа алмасуы нашарлап, оттегі азаяды, ағзада көмірқышқылының мөлшері артады. Альвеолардың іргелері керіліп, серпімділігі төмендеп қан ағысы бәсеңдейді. Сонымен қан айналымы және газ алмасуы бұзылып, тыныс алу жеткіліксіздігі туындайды. Өкпе керіліп көлемінің ұлғайғаны анықталады. Осы өзгерістердің салдарынан тыныс алу дәрісі бұзылады, кіші қан айналым шеңберіне күш түседі, оң жақ жүрекше мен қарынша гипертрофияға ұшырайды. Соңынан созылмалы өкпе-жүрек жетіспеушілігі дамиды.

Клиникалық бейнесі. Өкпе эмфиземасында сырқаттарда тыныс алу жеткіліксіздігі байқалатындықтан, ағзаға оттегі жеткілікті түрде қамтамасыз етілмейді. Тыныс алу жеткіліксіздіктің ең алғашқы болып және тұрақты белгісі ретінде – ентігу болып саналады. Осымен қатар эмфиземаға әкеліп соқтырып отырған негізгі сырқаттың белгілері біліне бастайды. Эмфиземаның бастапқы сатысында ентікпе күш түскенде ғана білінеді, ал соңынан тыныштықта да пайда болуы байқалады. Көбінесе ентігу экспираторлық түрде білінеді (ауа жұту кезеңі белсеңді, ал сыртқа шығаруы - белсеңсіз).

Қарағанда. Тыныс алуы әлсіреп, дем шығару кезеңі ұзақтығы артады. Науқас жөтелетіндігіне, ентігіне шағымданады. Көкірегінің алғы – артқы өлшемі ұлғайып («бөшке тәрізді көкірек») құрсақ үсті бұрышы кеңейген, бұғаналық ойыстар жазылып, тегістелген. Қабырға аралықтары кеңейген. Тықылдатқанда перкуторлық қорап тәрізді дыбыс естіледі. Тыңдағанда өкпеде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі, жүректің үндері әлсірейді, ІІ-ші тон өкпе артериясында қатты естіледі. Кіші қан айналым шеңберінде қысымы көтеріледі.

Жалпы қан анализінде эмфиземаға әкеліп соқтырған сырқаттарға сәйкес өзгерістер білінеді. Рентген сәулесімен зерттегенде өкпенің жалпы бейнесі айқын көрінеді (өкпе көрінісінің бейнесі жоғарылайды, диафрагма деңгейі төмендейді). Спирография, пневмотахометрия әдістері өкпенің сиымдылық көрсеткішінің төмендегенің анықтайды. Сыртқы тыныс аппаратының жұмысын тексергенде өкпеде қалдық ауа көбейіп, дем алу жиілеп, минуттық ауаның көлемі артқаны анықталады.

Емі. Біріншіден эмфиземаны тудырып отырған негізгі сырқатқа бағытталған ем жүргізіледі, сол сырқатты емдеп, тыныс алу жеткіліксіздігінің алдын алған жөн. Қабыну дәрісін басу үшін антибиотиктерді тағайындап, бронхтардың өткізгіш қызметін жақсарту үшін бронхыларды кеңейтетін дәрі – дәрмектерді қолданады (эуфиллин, эфедрин, теофедрин). Қақырықты жұмсартып түсіретін емде тиімді болып келеді. Өкпе – жүрек жеткіліксіздігінде денедегі артық сұйықтарды зәр айдайтын дәрілер арқылы шығарып, жүректің жиырылу жұмысын жүрек гликозидтерімен күшейтіп, барынша қалпына келтіруге тырысу керек. Симптомға қарсы ем ретінде оттегіні алмастырушы терапиясының әдістерін қолданады.

Алдын алуы. Тыныс алу ағзаларының сырқаттарын дер кезіңде анықтап, қажетті емін жүргізуі тиіс. Дене шынықтыру, жағымсыз қылықтардан арылуға дағдыланған жөн.