- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Бақылау сұрақтары
Ревматоид артритінің негізіне жалпы түсінік беріңіз.
Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді атаңыз.
Ревматоид артритіне тән клиникалық белгілерді атаңыз.
Буын қызметінің жетіспеушілігі (ҚЖ) неше дәрежемен өтеді?
Зертханалық тексерісте қандай өзгерістер байқалады?
Сырқаттың негізгі емдік қағидасын айтыңыз.
Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
Дәнекер тіннің диффузды аурулары – бұл шығу тегі бір, морфологиялық өзгерістері жақын және клиникалық көріністері ұқсас аурулар тобы. Бұл аурулардың себептері әлі белгісіз. Тұқым қуалаушылық ерекше орын алады. Сырқаттың дамуына әртүрлі мәнбірлер әсер етеді: жұқпалы қоздырғыштар, күнге қыздырыну, екпелер және т.б. Жалпы сырқаттың даму механизіміне аутоиммунды дәріс жатады, яғни лимфоцидтердің өз антигендерін тануы. Нәтижесінде антиген – антидене субстраты құрылып, тіндерге жабысып оларды зақымдайды. Сөйтіп тамырларда, буындарда, бүйректе және басқа жүйелерде, мүшелерде қабыну дәрісі дамиды. Тамыр қабырғаларының зақымдану нәтижесінде қанның торшы элементтерінің агрегациясы артып, оның реологиялық қасиеттері төмендейді. Бұл құбылыстың соңы қан айналысының бұзылысына және қан ағысының азайып тіндердің гипоксиясына әкеп соғады. Қан айналу бұзылысының дамуы дәнекер тіннің диффузды ауруларының дамуына әкеп соғады. ДТДА клиникалық көрістерінің әртүрлілігімен сипатталады, онда ішкі мүшелер мен тамырлардың зақымдануы және қайталану ағымы ремиссия және қозу мен кезектеседі. Оның тобына жүйелі қызыл жегі, склеродермия (жүйелі терінің қатаюы), дерматомиозит, түйінді периартериит жатады. Бұл аурулардың әр қайсысы өзіне тән ауру түрі мен ерекшелінеді және жалпы белгілерімен қоса арнайы клиникалық белгілерімен, асқынуымен, ағымының ерекшелігімен мінезделеді.
Жүйелі қызыл жегі
Сырқат ДТДА түрлеріне жатады және өзіне тән клиникасымен, иммуналогиялық және морфологиялық белгілерімен ерекшелінеді. Бұл өте күрделі сырқат. Оның латын тіліндегі аты “Lupus”, яғни “қасқын” деген мағына береді. Сонау кезден бұл термин адам денесіндегі жараларды атауға қолданылған.
Этиологиясы мен патогенезі. Осы уақытқа дейін жүйелі қызыл жегі қоршаған ортаның әртүрлі мәнбірлері әсерінен пайда болатын себептері көп ауру деп есептелінген. Дәрілік заттарға, ошақты жұқпалы қоздырғыштарға және тағы басқаларға ерекше көңіл бөлініп келген. Қазіргі кезде бұл мәнбірлерді аурудың себебі емес, тек қана осы кезге дейін жасырын өткен ауруды шығаруы немесе қоздыратыны белгілі болды. Жүйелі қызыл жегінің негізінде иммунитеттің үлкен сілкініске ұшырауы жатыр. Нәтижесінде тән иммунитеті өз ДНК – сына, яғни өз геніне қарсы күреседі. Бұның салдарынан барлық мүшелер және тіндер қабынуға ұшырайды. Сырқаттың дамуына тұқым қуалаушылық маңызды роль атқарады (жанұяда бірнеше адамның ауырғаны кездеседі).
Клиникалық бейнесі. Жүйелі қызыл жегі көптеген клиникалық синдромдармен сипатталады. Буын синдромы барлық науқастарда кездеседі. Буынның сырқырауы өткір және созылмалы көп буындардың қабынуы түрінде кездеседі. Буынның сырқырауы (артралгиялар) ассиметриялы және жиі бұлшық еттердің сырқырауы мен байланысады. Қарағанда ұсақ буындарда, әсіресе фаланга аралық буындарды бүккенде
37 сурет Жүйелі қызыл жегі сырқатына тән белгі: шектелген, қызарған қанатқа ұқсас симптом (“көбелек қанаты”)
ауырсыну сіресімдер (контрактуралар) байқалады. Жедел көп буындардың қабынуында зақымданған буындарда ісікпен шектелген қызару байқалады. Көбінесе саусақ буындары, білезік, тізе, тобық буындары зақымдалады. Буындар қисаймайды. Көзбен қарағанда буын өзгерістері мен ауырсыну сезімінің айқындығы сәйкес келмейді. Созылмалы артрит созылмалы ағыммен өтіп, соңында орнына келмейтін өзгерістер дамиды.
Тері синдромы негізінде бет терісінің зақымдануы мен сипатталады. Науқастың мұрнында және бетінің ұшында қызарған ошақтар білінеді, шеттері жиектелген қанатқа ұқсас (“көбелек қанаты”). Ауыз қуысының кілегей қабатында бөртпелер болады, еріндері ісіп, қызарады, қабыршақтанып кейіннен өзгеріске ұшырайды. Жиі шаштары түсіп, тырнақ сынғаштық, ойықтар болады. қолдың саусақтары мен аяқтың бармақтарының басында аздап ісінген ұсақ қызарған дақтар байқалуы мүмкін (қылтамырлардың қабынуынан). Жүйелі қызыл жегіде буын және тері зақымдануымен қатар өкпе қапқа және перикардқа сары судың жиналуы байқалады. Өкпе қаптың қабынуында (люпус - плеврит) кеуде қуысында ауырсыну, құрғақ жөтел, ентігу білінеді. Тыңдағанда өкпе қабының үйкелген дыбысы естіледі. Жүректің сыртқы қабаты зақымдалғанда (люпус - кардит) кеуде тұсы ауырып, ентігу пайда болып, жүректің жиі соққаны естіледі. Тыңдағанда жүрек дыбысының топастанғаны және жүректің сыртқы қабатының тұрақты емес үйкелген шуы естіледі. Жүрек зақымдалғанда оның бүкіл қабаттарында өзгерістер болады. Миокардитте қабыну ошақты және диффузды түрде кездеседі. Науқастар жүректің қатты соққанына, жүрек тұсының ауыруына, жағымсыз сезімге, күш түскендегі ентігуге шағымданады. Қарағанда жүрек дыбысының әлсіздігін, жүрек көлемінің ұлғайғанын, жүректің ұшында немесе өкпе артериясының үстінде систолдық шуды байқайды. ЭКГ ның тістері төмендейді. Жүректің өткізгіштік қызметінің бұзылғаны байқалады. Жүйелі қызыл жегідегі эндокардит екі жақтаулы қақпақшаның ақауының дамуына әкеп соғады. Оны тыңдағанда естіп, рентгендік суретте көруге болады. Өкпе қабынуы (люпус - пневмонит) кеуде қуысының ауруы, құрғақ жөтел, күш түскенде немесе тыныш тұрғанда ентігу белгілерімен сипатталады. Тықылдатқанда төменгі бөлікте дыбыстың қысқарғаны анықталады, ал тыңдағанда ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенде өкпе суретінің күшейгені, диафрагманың жоғары тұрғандығы байқалады. Пневмосклероз дамып өкпе – жүрек жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін. Жүйелі қызыл жегі де ас қорыту мүшелерінің зақымдалуы диспепсиялық өзгерістермен білінеді, сирек түрде перитонит белгілері ұстама түрде байқалуы мүмкін. Бауыр жиі аздап ұлғаяды, сипағанда сезімталдығы жоғарылайды. Сол кезде көк бауыр да сипағанда білінеді. Аурудың созылмалы түрінде Шегрен синдромы байқалады: ол көздің кілегей қабаттарының құрғауы, құрғақ ауыздың уылуы мен жақ асты бездерінің ісінуімен сипатталады. Науқастардың көбісінде бүйрек зақымдалады және көптеген жағдайларда аурудың болжамын анықтайды. Бүйректің зақымдалуы (люпус - нефрит) гломерулонефритпен нефротикалық синдроммен білінеді. Диффузды гломерулонефрит зәрде ақуыз, қан пайда болуымен білінеді. Әрі қарай артериялды қан қысымы көтеріліп көз түбінің өзгерістері болады. Нефротикалық синдром зәрде көп мөлшерде ақуыздың болуымен, сонымен қатар қанда ақуыздың азаюымен, ісіктермен білінеді. Зәрдің тұнбасында балауызды цилиндрлер, бөлек жүрген май тамшылары байқалады. Нефритте бүйректің сүзу қызметі төмендейді. Қызыл жегідегі бүйрек зақымдалуы бүйрек жеткіліксіздігіне әкеледі. Орталық жүйке жүйесімен шетті жүйке жүйелерінің зақымданулары мидың әртүрлі бөліктерімен ми қабаттарындағы тамырлар зақымдану белгілерімен байқалады. Жиі эпилепсиялық құрысып – тырысулар, психикалық бұзылыстар кездеседі. Сырқаттың жалпы белгілерімен қоса арықтау, әлсіздік, тез шаршағыштық, дене қызуының көтерілуі науқастардың көбісінде байқалады. Қанда қан аздық, лейкопения, тромбоцитопения байқалады, ЭТЖ үнемі көтеріңкі. Ақуыз алмасу бұзылыстары қандағы протеин, фибриноген құрамының көбеюіне әкеледі. Қызыл жегіде қанда қызыл жегілік торшаларды (LE – торшалары) табудың дерт анықтамалық маңызы зор.
Дерт анықтамасы. Қызыл жегі клиникалық белгілеріне сүйене отырып қояды. Дерт анықтамалық белгілер екі топқа бөлінеді: үлкен және кіші. Үлкен дерт анықтамалық белгілеріне “көбелек қанаты”, артрит, өкпе қабынуы, нефрит, LE – торшалары, гемолитикалық қан аздық жатады. Кіші дерт анықтамалық белгілеріне дене қызуының көтерілуі, арықтау, саусақтағы қылтамырлардың қабынулары, терідегі өзгерістер, өкпеге сары судың жиналуы, лимфа бездерінің шошынуы, миокардит жатады.
Емі. Қызыл жегінің емі қозған ауруды басуға асқынулардың алдын алуға, ағзаның қорғаныс күшін көтеруге арналған комплексті шаралар. Антибиотиктермен сульфаниламидтер тағайындағанда әдетте көмектеспейді, ал глюкокортикоидтермен емдегенде жақсы нәтиже береді. Сондықтан преднизолон қолданады мөлшері аурудың ағымына байланысты. Қызыл жегі мен ауыратын науқастарға глюкокортикоидтерді өте көп мөлшерде қолдану әдісін тағайындайды. Бұл кезде преднизолонды тамшы түрде жібереді. Преднизолон көмектеспеген жағдайларда және де глюкокортикоид қолданудан болған асқынуда қызыл жегімен ауыратын науқастарға иммуннодепрессанттар немесе цитостатиктерді тағайындайды. Қызыл жегіде стероидты емес қабынуға қарсы дәрі – дәрмектермен қосымша қолданады: салицилаттар, пиразолон препараттары, индометацин. Сонымен қатар ем ретінде плазмаферез, қандағы улы заттарды сорып алу тәсілі (гемосорбция) қолданылады. Соңғы жылдары шет елдерде кеселді емдеу үшін сүйек кемігін ауыстыру әдісі қолданылып жүр.
Болжамы. Қызыл жегіде көптеген жағдайда, әсіресе өткір ағымында болжамы жағымсыз, бүйрек пен бауыр ауыр түрде зақымдалады. Қазыргі кездегі қызыл жегінің қозуының алдын алуымен бірге емдегенде созылмалы қызыл жегі мен ауыратындардың өмірін ұзартуға болады (10 жылға дейін және одан да көп), жағдайы орташа және жұмысқа деген қабілеті сақталған болады.
