Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Гипертониялық ауру

Гипертониялық ауруға негізгі белгісі болып табылатын артериалдық қан қысымның көтерілуі, қан тамырларының тонусының ретсіз бұзылуымен және жүрек жұмысының нашарлауы, ағзадағы қандай да бір аурулардың сәйкессіздігінен дамитын сырқат. Симптоматикалық (екіншілік) артериалдық гипертензия – бұл ішкі ағзалардың ауруларының әсерінен (мысалы, бүйрек, эндокринді безінің аурулары, ) артериалдық қысымның көтерілуінің бір түрі. БДҰ – ның келісімі бойынша артериалдық қысымның көтерілуі, шамамен (жасқа қарамастан) 140/90 мм сынаб бағаны бойынша көрсетілген көрсеткіш болып табылады. Ал артериалдық қысым 160/90 болса, онда адамға “қауіп төндіруші” болып табылады.

Этиологиясы. Гипертониялық аурудың себебі әлі толық және нақты анықталмаған. Гипертониялық ауру орталық жүйке жүйесіне көп психикалық күш түскеннен, жүйке – психикалық жарақаттан кейін, әр түрлі тұқым қуалайтын патологиялық аурулардан дамуы мүмкін. Гипертониялық ауруға әкелетін мәнбірлер: бұған эндокринді безінің бұзылуы, шылым шегу, көп мөлшерде тағамға ас тұзын қолданғанда, жеткілісіз ұйықтап тынықпаған кезде, орталық жүйке жүйесінің жарақаты және (мамандығына қатысты) жауапты қызметті атқаратын лауазымды тұлғаларға осы аталған мәнбірлер гипертониялық ауруға әкелуі мүмкін. БҰҰ бойынша гипертониялық аурудың үш кезенің айқындауға болады.

І кезең. Артериалдық қан қысым әр түрлі қолайсыз жағдайларда тұрақсыз болып, содан кейін өз бетімен қайтадан қалпына келуі. Ішкі ағзалардың өзгерістері (әсіресе сол жақ қарыншаның үлкеюі) байқалмайды.

ІІ кезең. Артериалдық қысым бұл кезеңде көтеріледі. Бұны түсіру үшін дәрілерді қолданады. Сол жақ қарынша айқын түрде үлкейеді (бұл екінші кезең мен бірінші кезеңді айыруға көмектесетін маңызды және нақты болып табылады)

ІІІ кезең. Артериалдық қысым өте қатты түрде және жиі көтеріледі. Мұнда ми қан айналысының бұзылуы, жүрек жетіспеушілігі, миокард инфарктісі, жиі түрде бүйрек жетіспеушілік асқынулары болуы мүмкін. Артериалды қысым болған асқынулардан кейін өз бетімен қалпына келуі мүмкін, сондықтан артериалдық гипертония артериалдық қысымның үшінші кезеңіне тән белгі болып табылады.

Клиникалық бейнесі. Науқастың артериалдық қысымының көтерілуіне байланысты бастың ауры негізгі шағым болып табылады. Жиі бастың ауруы таңертеңгі кезде білініп, шүйде маңайына шоғырланады. Науқастар дұрыс ұйықтай алмайтындығына, жиі қозғыштығына,жұмысқа деген және есте сақтау қабілетінің төмендігіне шағымданады. Содан соң физикалық күш түскенде жүректің ауырсынуы, демікпеге шағымдар пайда болады. Кейбір науқастарда үнемі артериалдық қысым болғандықтан көз көру қабілеті бұзылады. Бірақта, ұзақ уақытқа созылған артериалдық қысымның болуына қарамастан, науқастардың көбінде асқынуы дамығанша ешқандай шағымдарды айтпауы мүмкін. Ұзаққа созылған бүйрек үсті, бүйрек, ұйқы безі артерияларының жиырылуына әкеліп соғуы мүмкін. Қолқада, коронар қан тамырларында, ми қан тамырларында атеросклероз өте қатты түрде дамиды. Сол жақ қарынша гипертрофияға ұшырайды. Ал науқасты тексергенде артериалды қан қысымы жоғары болады. І кезеңде тек қана артериалдық қан қысымы көтеріледі, ал ішкі ағзадаларда өзгерістер байқалмайды. ІІ кезеңде артериалдық қан қысымы жоғарылап қана қоймайды. Сонымен қатар сол жақ қарыншаның үлкеюі байқалады. Бұл кезде бүйректе патологиялық дәрістің белгілері білініп, науқастың зәрінде ақуыздың ізі, эритроциттер пайда болады (бүйректе атеросклероз дамиды). Емдеу кезіңде дәрілерді қолданған жағдайда бүйректің тамырлары жиі әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. ІІ кезеңде де коронарлық артерияларда атреосклероз дамиды. Бұл стенокардияның ұстамасы мен сипатталады: физикалық күш түскенде кеуденің қысып ауырсынуы. ІІІ кезеңінде миокард инфарктісі, сонымен қатар ми қан айналысының бұзылысы (ауыспалы немесе шектелген парез және паралич сияқты белгілері) дамуы мүмкін. Көздің көруі күрт төмендеп немесе көз көруі қабілеті мүлдем жоғалуы мүмкін. Гипертониялық ауру кезіңде артериалдық қан қысымы тез арада жоғарлап сырқат гипертониялық кризбен қайталанбалы түде сипатталуы мүмкін.Криз дегеніміз қан қысымының күрт көтеріліп, науқаста бас шағымдарының пайда болуы. Криздің екі түрі бар.Бірінші түрі – тез басталумен мінезделеді. Науқаста қысқа мерзімде тынышсыздық, сескеншілік, діріл мен тершендік білініп, жүрек қағысы жиілейді, ентігу пайда болады. Екінші түрі жәй басталып ұзақ уақытқа созылады. Науқастың басы қатты ауырады, құсу білінеді, көзінің көру қабілетінің бұзылуы мүмкін. Артериалдық қан қысымы ми қан айналысының бұзылуы бір мезетте болған жағдайда науқастың сөйлеу қабілеті бұзылып, жүріс – тұрысы өзгереді. Ауыр жағдайда миға қан құйылуы мүмкін – инсульт. Гипертониялық криз кезіңде жүрек демікпесі немесе миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Гипертониялық ауру баяу қарқынмен өтуі мүмкін (қатерсіз түрі). Кейде гиепртониялық аурудың қатерлі түрінің симптомдары тез арада байқалады. Гипертониялық аурудың бұл түрі екі – үш жылға созылып өлімге әкелуі мүмкін. Артериалды гипертонияның қатерлі түрі тез дамиды және тұрақтана бастайды. Содан ауру білінген соң сол жақ қарыншаның гипертрофиясы байқалады, көздің түбіндегі артериялары өзгереді (көздің торлы қабаты тез жиырылады). Тез арада бүйрек жетіспеушілігінің белгілері байқалып, нефроангиосклероз дамуы мүмкін.

Емі. Сырқаттың емі кешенді болу керек. Ол аурудың түріне, даму дәрежесіне байланысты. Ұйқысы бұзылған жағдайда ұйықтататын дәрілерді қолданған жөн. Себебі науқас дұрыс ұйықтап тынықпаса, артериалдық қан қысымы жоғары көтерілуі мүмкін. Науқастарға түнгі жұмыста шулы жерде, көп физикалық күш түсетін жерде жұмыс істеуге тиым салынады, себебі бұл артериалдық қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Науқастың күнделікті тамақтануына аса құнарлы тағамдар негізгі маңызды роль атқарады және тәуліктегі ас тұзын 5 – 8 граммға дейін шектеу керек. Аурудың алғашқы кезеңіңде негізгі ем болып науқасқа ынғайлы жағдай туғызу, тыныштандыратын дәрілерді (Бехтерев микстурасын, валериан дәрілері, пустырник) сонымен қатар тазепам, феназепам, седуксен, элениум сияқты дәрілерді қолданады. Емдік мақсат ретінде артериалдық қан қысымын бір қалыпында сақтап тұру үшін оған ыңғайлы, тиімді дәрілердің түрін қолдану керек.Осы мақсатпен гипотензиялық (артериалдық қан қысымын төмендететін) дәрілерді белгі бір реттік жүйемен қолдану жөн (резерпин, клофелин, допегит). Зәр шығаратын дәрілерді (гипотиазид, фуросемид, триампур) қолданғанда ағзадан натрий тұзын және суды бөліп шығаруға көмектеседі, сонымен қоса артериалдық қан қысымын түсіруіне ықпал етеді. Гипотензиялық дәрілердің әсер ету механизмі (каптоприл, капотен және басқалары) артерия тамырларының кеңеюіне көмектеседі. Дәрілерді науқастарға дәрігер тағайындайды. Қазіргі кезде кешенді терапияның әдісін кеңінен қолданады. Бұған бір мезетте әр түрлі әсер ету механизмімен сипатталатын бірнеше дәрілерді қолдану жатады. Бұл әдістің ерекшелігі - бір дәріні толығымен бергенмен бірнеше дәрілерді қолданғандағы олардың мөлшерін азайтып берумен ерекшеленеді. Дәрілерді үнемі қолданған жөн. Артериалды қан қысымын медицина қызметкерінің қадағалауы арқылы емді жүргізген дұрыс. Бір реттік немесе өмір бойына дәрінің мөлшерін тағайындау мүмкін емес. Артериалдық қан қысымы кезіңде дәрілерді қолдану мөлшері ол науқастың әр жағдайында арнайы түрде тағайындалуы және құбылмалы түрде болуы артериалдық қан қысымы мен тікелей қатысты болмақ. Сол себептен науқас дәрігерден нақты, дұрыс және тиімді мағұлымат алу тиіс. Мейіркеш міндетті түрде науқасқа осы жағдайларды ескере отырып уақытында есіне түсіру керек. Гипертониялық аурумен ауыратын науқастарды, осы аурулардан зардап шегушілерді негізінде үйде емдейді. Тек бұрын қолданылып жүрген дәрілер ағзаға әсер етуін тоқтатса немесе әсерін бермесе онда жаңа дәрі түрін тез арада тауып белгілі жағдайларда ауруханаға жатқызады. Гипертониялық аурудың гипертониялық криз асқынуы тез арада арнайы емдік шараларды өткізуді талап етеді. Шұғыл көмек көрсету шаралары артериалдық қан қысымын тез арада жоғарылауына, бас миының қан айналысын жақсартуға және ішкі ағзалар мен бүйрек жұмысын жақсартуға қарсы бағытталған. Науқасқа толық физикалық және психикалық тыныштық, басы көтеріңкі қалыпта төсекте жату, қатаң түрде төсек тәртібін сақтау және бөлмеге таза ауа жіберуін қамтамасыз етіледі. Өкпенің қызметін жақсарту мақсатында шүйдеге қыша қойылады, қыша қосылған ванна, маңдайға мұзды мұйық қойылады. Гипертониялық кризде мұндай көмек көрсету шараларын мейіркеш стационарда да және үй жағдайында да өткізуіне болады. Сонымен қоса науқас гипертониялық криздің белігілеріне қатысты шағымдарды айтатын болса, артериалдық қан қысымын өлшеп, жоғарыда аталған шараларды өткізу керек, ал егер жүрек маңайын бір мезгілде қысып, ауырсыну байқалатын болса, онда ЭКГ – ға түсіру керек, себебі гипертониялық криздің әсерінен миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Егер науқас қозғыш келсе, тыныштандыратын (ішке элениум, седіуксен немесе тазепам) дәрілерін қолданады. Бастапқы кезде артериалдық қан қысымын тез арада түсіру үшін тіл астына клофелин таблеткасын (әсіресе үлкен адамдарда гипертониялық криз дамыса) береді. Кейде зәр шығаратын (50мг гипотиазид немесе 40 мг фуросемид) дәрілерін қолдану жеткілікті болып саналады. Егер жоғарыда аталған шаралар жеткіліксіз болса немесе гипертониялық криз әуелден бастап білінген болса, онда көк тамыр арқылы 0,5% дибазол ерітіндісін (6 – 10мл) 10 – 15мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісінмен бірге қолданады. Артериалдық қан қысымы көк тамыр арқылы енгізілген дибазол дәрісінің әсерінен 15 –20 минуттан кейін түседі, ал гипертониялық кризге қарсы әсері 2 – 3 сағатқа сақталады. Бір мезгілде дибазолды 40 мг фуросемидпен бірге қолданғанда оның әсері күшті болуы мүмкін. Бұл дәрілермен қоса, гипертониялық кризді басу үшін бұлшық ет арқылы 0,5 – 1,0 мл 0,01% клофелин ерітіндісі немесе көк тамыр арқылы осындай мөлшерде 10 – 15 мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісін енгіземіз. Клофелинді парентеральді жолмен енгізгеннен кейін артериалдық қан қысымның күрт түсіп кетпеуі үшін пациент төсекте жату керек. Мейіркеш осы аталған кеңестің орындалуын қадағалау керек. Гипертониялық криздің ауыр түрінде, сонымен қатар егер артериалдық қан қысымы баяу қарқынмен түссе жоғарыда аталған дәрілерден тыс дәрігердің тағайындауы мен пентамин 0,05 – 1 мл 5% ерітіндісін бұлшық ет арқылы немесе натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісін көк тамыр арқылы қолданады. Пентамин дәрісін көк тамыр арқылы өте баяу (7 – 10 минут ішінде) қарқынмен жіберіп және артериалдық қысмыды қадағалап отыру тиіс. Пентамин мен бірге ганглиоблокаторларды қолданғанда артериалды қан қысымы төмендеп, есенгіреу мен сипатталуы мүмкін. Сондықтан науқас екі үш сағат төсекте жатуы тиіс және әр 15 – 20 минут сайын артериалдық қан қысымын өлшеп отыру керек. Егер ортастатикалық есенгіреу тыйылмаса, онда науқастың аяғын көтеріңкі қалыпта төсекке жатқызып, кордиамин дәрісін (тері астына 2 мл жіберу) немесе мезатон дәрісін 1% -1мл ерітіндісін бұлшық ет арқылы енгізу керек. Гипертониялық кризде өкпенің ісінуі дамуы мүмкін. Сол кезде дәрігердің тағайындауымен келесі дәрілерді: строфантин (0,5мл 0,05% ерітіндісін) немесе корглюкон (1мл 0,05% ерітіндісін) 20мл 40% глюкоза ертіндісімен немесе натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісімен қолданады. Жасы үлкен адамдарға бас миының атеросклероздың белгілері кезіңде қан ағызу ұсынылмайды, оның орнына шүйде өсіндісінің маңайында медициналық сүлікті қолданған өте дұрыс болып саналады (әр жақ қатарға төртеуден қойылуы тиіс). Өкпе ісінуі дамыған кезде жүрек гликозидтерінен тыс сонымен қатар зәр шығаратын дәрілерін тағайындайды, 40 – 80 мг фурасемид ішке қолданады. Психомоторлы қозу айқын білінген кезде науқасқа кіші транквилизаторларды (элениум, седусен, тазепам) тағайындайды, сонымен қатар димедрол 1%-2мл ерітіндісін қолдануы тиіс. Егер гипертоникалық криз үйде пайда болатын болса, онда дәрігерге дейінгі шұғыл көмектен кейін науқасты ауруханаға тасымалдап, ауруханаға жатқызу керек. Науқасты зеңбілге жатқызу қалпында дәрігер немесе фельдшердің көмегімен ауруханаға жеткізіледі. Содан соң қолданатын дәрілердің әсері гипертониялық криздің сипаттамасына және асқынуының сәйкестілігін ескере отырып емдік шараларды жүргізеді.

Аурудың асқынулары. Гипертониялық ауру атеросклерозға байланысты. Коронар қан тамырларының атеросклерозы миокард инфарктісіне, миға қан құйылуына (инсульт), бүйрек тамырларының жетіспеушілігіне, көз көру қабілетінің төмендеуіне, аяқтың ақсауына және гангренаға әкеліп соғуы мүмкін.

Болжамы. Артериалдық қан қысым аса қатты жоғарламағанда, гипертониялық криз болмаған жағдайларда аурудың болжамы жағымды және науқас көп уақытқа дейін жұмысқа деген қабілеттілігін сақтайды. Артериалдық қан қысымы жоғары болғанда, оның баяу қарқынмен төмендеуі кезіңде, жиі гипертониялық криз байқалғанда аурудың болжамы жағымсыз.

Алдын алуы. Гипертониялық аурудың алғашқы алдын алудың маңыздылығы аталған ауруға әкелетін мәнбірлерге бағытталған күнделікті реттелген күн тәртібін сақтау, уақытысында тынығып жеткілікті түрде ұйықтау, шылым шегуге тыйым салу, тағамдағы тұздың мөлшерін шектеу маңызды шаралар болып табылады. Бұл шараларды гипертониялық криздің айқын көрінісінде өткізілуі тиіс. Науқастар тұрғын мекеніндегі емханада диспансерлік тіркеуге алынады. Гипертониялық аурудың екіншілік алдын алуы артериалдық қан қысымын бір қалыпта немесе бір қалыпқа жақын көрсеткіштерді ұстап тұруға тырысқанда гипотензиялық терапия жүйесін өткізуге мүмкіндік туғызады.

Бақылау сұрақтары

  1. Қан қысымынның түрлерін атап шығыңыз.

  2. Гипертониялық сырқатына жалпы түсініктеме беріңіз.

  3. Сырқаттың дамуы неше кезеңмен сипатталып өтеді?

  4. Сырқаттың әр кезеңдері қандай клиникалық көріністермен сипатталады?

  5. Гипертониялық криз ұғымын қалай түсінуге болады?

  6. Гипертониялық криздің клиникалық бейнесін айтып беріңіз.

  7. Сізге таныс деген гипотензиялық дәрі – дәрмектерді атап шығыңыз.