- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Бақылау сұрақтары
Қызыл жегі ауруына жалпы түсінік беріңіз.
“Коллагеноз” терминін қалай түсінесіз?
Осы сырқатқа әкеліп соқтыратын мәмбірлерді атаңыз.
Сырқаттың клиникалық бейнесіне мінездеме беріңіз.
Сырқаттың ерекше белгілеріне не жатады?
Сырқаттың негізгі ем қағидасы.
Сырқаттың болжамы туралы айтыңыз.
Осы науқастармен жұмыс жүргізгенде мейіркештің педагогикалық аспектідегі жұмысы не болып табылады?
Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
Склеродермия (sclerodermia) – терінің фиброзымен, тамырдың, тірек қимыл аппаратымен, ішкі ағзалардың зақымдануымен сипатталатын ауру. ХVІІ ғасырдың басында алғашқы рет жазылған. Бұл сырқатта негізінде тері зақымдалады, осыған байланысты ұзақ уақыт тері ауруы деп есептеліп, дерматологтар емдеген. Қазіргі кезде аурудың жайылған тері түрін, висцералды түрін және ошақты тері түрін жеке бөлген.
38 сурет Жүйелі терінің қатаюындағы саусақтардың шіруі (гангренасы)
Этиологиясы мен патогенезі. Сырқаттың себебі мен дамуы толық зерттелмеген. Тұқым қуалау мәнбірі, қосымша мәнбірлер әсер еткенде ерекше орында тұрады. Кейінгі уақытта вирустардың себепші ролі туралы мәлімет алынған, бірақ вирус теориясы жеткілікті дәлелденбеген. Вирустар көп уақыт бойы жасырын жағдайда болып, кейіннен әртүрлі әсер ету механизмі арқылы қозуы мүмкін. Қан айналу бұзылыстарының дамуына тамырдың ішкі қабатының иммун кешенімен зақымдалуы жатады, әрі қарай тамыр ішілік қан ұю дәрісі бұзылады. Сөйтіп, аурудың дамуына терідегі және ішкі ағзалардағы қан айналу дәрісінің бұзылуы әкеп соғады.
Клиникалық бейнесі. Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия) жас және орта жастағы әйелдерде кездеседі. Сырқаттың пайда болуына жұқпалы қоздырғыш, тоңып қалу, жарақаттар, бала туу, климакс әсер етеді. Сырқаттың жиі және ерте пайда болатын белгісінің бірі Рейно синдромы түріндегі тамыр бұзылыстар. Бұл кезде науқастарда ине сұғып алғандай ауру және қолмен сирек түрде аяқтың жансыздануы байқалып, кейін олар бозарады немесе көгереді. Кейіннен қан айналымының бұзылыстарына байланысты саусақ ұштарындағы тіндер өзгереді де терең жара түріндегі
зақымдалулар дамиды. Тіндік бұзылыстар құлақта, мұрын ұшында,
жақтарда байқалуы мүмкін.
39 Сурет
Бет пішінінің қимылсыз қалған көрінісі.
40 Сурет
Еріннің жиырылып
қалуы.
Склеродермия мен ауыратын науқастардың барлығында теріде тығыз ісік және сему байқалады. Зақымдалған жерлердің терілері балауыз түсті болып, тартылып тұрады. Жылтыр, қаптарланып жиналмайды және жанындағы тіндерге қарай қозғалмайды. Теріні басқанда орнында із қалмайды, оның тығыздығы ағаш тәрізді дәрежеге дейін байқалады. Әрі қарай терінің семуінен тері жұқарып, сүйек қаңқасын жәй жауып жатады. Бет пен қолдың терілері көбінде өзгереді. Бет пішінқалып тәрізді болады, ешқандай қимыл жоқ, ауыз қуысы тар, айналасы терең әжімделген. Науқастар күле алмайды, аузын аша алмайды, тілін шығара алмайды, көзін толық жаба алмайды. Қолдың саусақтары қисайған тығыз жылтыр тері мен жабылған және қозғалыс туғызудың қиындығына байланысты. Буын - бұлшық ет синдромы ірі буындардың сырқырауымен немесе көп буынның қабынуымен сипатталады. Бұлшық ет зақымданғанда бұлшық еттерде әлсіздік пайда болады.
Ішкі мүшелерден бірінші орында жүрек зақымдалады. Жиі миокард зақымдалады, ұсақ тамырлардың өзгерістері склерозға ұшыратады. Науқаста ентігу, жүректің жиі соғуы, жүрек маңайының ауруы білінеді. Қарағанда жүрек шекарасының сол жаққа қарай ұлғаюы, дыбысының әлсіздігі, жүрек ұшындағы систолдық шу байқалады. Миокардтағы өзгерістердің күшеюі жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғады. Жүрек жеткіліксіздігінің ерекшелігі тері мен тері асты тіндердің тығыздалуынан ісіктер болмайды. Өкпенің зақымдалуы өкпенің төменгі бөлігімен плевра аралықта пневмосклероз дамуымен сипатталады. Клиникасында ентігу, кеуде қуысының ауруы, құрғақ жөтел, біртіндеп дем жетіспеушілігі дамуы мен сипатталады.Тыңдағанда қатты дем алу, төменгі бөлікте ылғалды ұсақ сырылдар байқалады, аурудың кеш кезеңінде өкпе – жүрек жеткіліксіздігі дамиды. Жүйелі терінің қатаюында ас қорыту мүшелері де зақымдалады. Көбіне өңеш пен ішектер. Өңештің зақымдануының клиникасы жұтынудың бұзылуымен, құсу, лоқсу түрінде болады. Өңештің жиырылу қасиетінен айырылуынан асқазаннан өңешке қышқыл зат келіп түседі, соның әсерінен кеуде тұсы немесе асқазан тұсында күйдіру сезімі пайда болады. Асқазанның ауруы ондағы ауырсыну сезімінің пайда болуы, тамақ ішкеннен кейін асқазан тұсының ауыруы, жеңілдік әкелетін көп мөлшердегі құсық, тәбетінің жойылуы мен сипатталады. Ащы ішектің зақымдалуы кіндік айналасының ауыруы, іштің кебуі мен, іштің өтуі мен байқалады. Ішекті рентген арқылы зерттегенде он екі елі ішектің көлденең бөлігінің кеңейіп, кілегей қабаттардың қатпарларының өзгерісі немесе жоқтығын байқауға болады. Бауыр аздап ұлғайған, кейде көк бауырдың ұлғайғаны анықталады. Склеродермияда бүйректің зақымдалуы созылмалы нефрит түрінде өтеді. Соңғысында зәрдегі ұлғайып бара жатқан өзгерістер қатерлі гипертония дамуымен болатын бүйрек жеткіліксіздігіне әкеледі. Созылмалы нефрит түрінде өтетін бүйрек зақымданулары аса қауыпті емес, әртүрлі дәрежедегі жасырын түрінен айқын түріне дейін клиникалық көріністері байқалады. Жүйке жүйесінің зақымдалуы көптеген жүйке түбірінің қабынуымен және мидың зақымдалуымен байқалады.
Склеродермия мен ауыратын науқастардың көбісінде жалпы белгілерде дене қызуының тұрақты емес көтерілуі, арықтау, әлсіздік, тез шаршағыштық байқалады. Кей кезде аурудың созылмалы ағымында Шегрен синдромы (құрғақ синдромы) байқалады.
Қанда аса сондай өзгеріс байқалмайды. Әртүрлі торшалардың азаюы (цитопения) білінеді. Қанда альбуминнің мөлшері азаяды, ал гаммаглобулиндердің мөлшері көбейеді.
41 сурет Жүйелі терінің қатаюындағы саусақтардың
пішінінің өзгеруі
Ағымы бойынша жедел, жеделдеу және созылмалы түрлері болады. Бір бірімен шеттік және іштік белгілердің пайда болуымен, аурудың белсеңділігімен, болжамы мен ажыратылады. Сырқаттың клиникалық, зертханалық белгілерінің айқындылығы склеродермияның белсенділігін сипаттайды. Сырқаттың белсенділігінің үш дәрежесі бар: І – жәй, ІІ – орташа, ІІІ – айқын.
Дерт анықтамасы. Сырқаттың шағымдарына және клиникалық белгілеріне сүйене отырып диагноз қойылады. Негізгі диагноз қоюға жататын белгілер: тығыз ісік, терінің семуі, Рейно синдромы, жұмсақ тіндердің кальцинозы, буын бұлшық еттердің зақымданып сіресуі, ішкі мүшелердің зақымданулары (ірі ошақты кардиосклероз, ас қорыту мүшелерінің әсіресе өңештің зақымдануы, бүйрек жеткілісіздігінің дамуы) жатады. Қосымша белгілеріне терінің түсінің өзгеруі, трофикалық өзгерістер, тері мен кілегей қабаттарының құрғақтығы, буынның сырқырауы, дене қызуының көтерілуі, арықтау, ЭТЖ ның көтеріңкілігі жатады. Негізгі белгілердің үшеуі болғанда немесе негізгі белгілердің біреуі мен үш немесе бірнеше қосымша белгілер болғанда нақты жүйелі терінің қатаюы (склеродермия) диагнозын қоюға болады. Белгілері аз болғанда сырқаттың диагнозы болжамды дейді.
Емі. Склеродермия мен ауыратын науқастардың емінің қағидалары: емдеуді неғұрлым ерте бастау; аурудың әртүрлі даму механизміне байланысты кешенді ем жүргізу; аурудың ағымына, белсенділігіне байланысты әдейленген ем қолдану. Ем ауруханада, емханада және санаторлы – курорттық түрде өтеді. Негізгі әдістермен қоса емдік шаралар
42 сурет Жүйелі терінің қатаюындағы білезік буындарының өзгеруі.
құрамына кахексияда анаболикалық гормондармен емдеу, жергілікті емдер, атап айтқанда лидаза мен электрофорез, ультра дыбыс, балауыздық жапсырулар, уқалау, емдік дене шынықтыру шаралары кіреді. Сырқаттың созылмалы түрімен сырқаттанатын науқастар родон және күкірт сутекті ванналар қолданатын курорттарыда емделу керек.
Болжамы. Склеродермияның жедел және жеделдеу ағымында ауру тез дамитын болғандықтан болжамы аса жақсы емес. Созылмалы түрінде сырқатты ағымымен қалыптастыруға болады. Барлық науқастарды жұмысқа деген қабілеті ерте төмендейді немесе тірек қимыл аппаратының ауыр түрде зақымдалу себебінен біржола жоғалады.
Бақылау сұрақтары
Склеродермия ауруына жалпы түсінік беріңіз.
Сырқатқа әкеліп соқтыратын белгілі себептерді атаңыз.
Жүйелі терінің қатаю ауруының клиникалық белгілерін айтыңыз.
Сырқаттың ағымында неше дәреже байқалады?
Әр дәрежеге сәйкес симптомдарды атап шығыңыз.
Сырқаттың негізгі емдік қағидасы.
Болжамы туралы түсінік беріңіз.
