Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Атеросклероз

Атеросклероз – тамырлар қабырғасының ішкі бетіне липидтер мен кальций тұзының шөгуінен дәнекер тінінің дамып, кейіннен қатайып, тамырлар өзегінің тарылуымен бейнеленетін және артерияларды жүйелі түрде зақымдайтын созылмалы ауру. Қан айналысының бұзылуына байланысты ағзаларда дистрофиялық, некроздық және склерозды дәрістер дамиды. Атеросклероз қазіргі кездегі жиі кездесетін аурулардың бірі болып есептелінеді.Үлкен қалаларда ауылды жерлерге қарағанда атеросклероздың жиілігі жоғары. Әйелдерде атеросклероз еркектерге қарағанда сирегірек, сонымен қатар оларда орташа есеппен алғанда 10 жылдай кейінірек дамиды. Бұл айырмашылықтар тұрмыс қалпының, тамақтанудың, еңбектену және тектік ерекшеліктеріне, жүйке гормоналды мәнбірлерге байланысты. Кейінгі жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, негізгі себебі, атеросклероз болып есептелінетін жүректің ишемиялы ауруынан өлімнің саны жоғарылаған. Осы айтылған деректер атеросклероз мәселесінің маңыздылығын дәлелдейді.

Этиологиясы және патогенезі. Атеросклероздың себебі мен даму жолы әліде болса толық анықталынбаған. Оны көп этиологиялы ауру деп қарайды. Солардың ішінде клиникалық белгілерінің үдеуіне себепші қауіп мәнбірлері - әртүрлі липопротеидтердің жоғарылауы, артериалды гипертензия, темекі шегу, ұзақ уақыт жүйкенің күйзелуі, қантты диабет, семіздік т. б. Атеросклероз патогенезіндегі бастысы, тамырдың ішкі қабатының эластикалық тінінің зақымдануы. Нәтижесінде тамырдың ішкі қабаты дәнекер тіндермен инфильтрацияланады, торшалардың іші сыртына липидтер шөгеді. Осы айтылған жағдайлар атеросклероздық түйіндер қалыптасады. Ауруларда атеросклероздың дамуы әртүрлі қарқынды және бір қалыпты болмайды. Патологиялық дәрістің өршу кезіңде атеросклероздық қатпарлы табақшалар қалыптасады, олардан жарақаттанумен қоса тромбтық салмақтар пайда болады. Тромбтардың қалыптасу дәрісіне қанның қоюлануының үдеуі мен оның ұюға қарсы қаситетінің бәсендеуі жағдай туғызады.

Клиникалық бейнесі. Атеросклероздың клиникалық ағымы екі кезеңге бөлінеді: алғашқы (клиникасына дейінгі) және клиникалық кезеңі. Соңғысы үш сатыдан тұрады: ишемиялық тромбо – некротикалық және склерозды. Бірінші сатысы, ағзалар мен тіндердің қан айналысының жеткіліксіздігі қайтымды дистрофиялық дәрістермен және ағзадан функционалды өзгерістермен бейнеленеді. Екінші сатысы, қан айналысының айқынырақ түрде нашарлануынан және тромбылардың пайда болуынан кері даму(дегенерациялы) және некрозды ошақтар қалыптасады. Үшінші сатысында, зақымдалған ағзаларда кері дамыған некроздық өзгерістерден кейін тыртықты – дәнекер тіні дамиды. Әр сатысы өзіне сәйкес клиникалық белгілерімен сипатталынады. Сатылар араларында әртүрлі ауыспалы кезеңдері болады. Атеросклероздың клиникасы дәрістің басым шоғырланған орыны мен аурудың даму ағымын ауырлататын мәнбірлердің болуымен (артериалды гипертония, тромбоздар) анықталады. Атеросклерозда ағзаның барлық мүшелері зақымданады, бірақ олардың ішінде бір жиі ерекше зақымдалынғаны айқын білінеді.

Қолқа атеросклерозы. Атеросклероздың артерия жүйесіндегі жиірек дамитын орыны қолқа мен ірі тармақтары. Олардың клиникалық белгілері, сәйкес келетін ағзалар мен жүйелердің қызметін бұзатын ірі тармақтардың осы дәріске тартылуына байланысты. Қолқаның жоғарғы бөлігінің өзгерістеріне тән белгілерінің бірі қолқаның серпімділігінің төмендеуінен пайда болатын симптомдық гипертония. Атеросклероздық гипертония систолдық қысымның жоғарылап, диастолалық қысымның қалыпты болуымен сипататалады. Атеросклерозды дәрістің қолқаның іш бөлігінде орналасуы жиі кездеседі. Оның симптомдары орыны мен айқындылығына, зақымдалған тармақтарына, тромбтардың пайда болуына байланысты. Атеросклероздық қатпарлы табақшалар ыдырағанда одан бөлініп шығатын атероматозды салмақтар артериялық тармақтар өзегін бітеуінен соларға сәйкес белгілер пайда болады. Жүрек тамырлары зақымданғанда жүрек қыспасының ұстамасы, миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Ми тамырларының зақымдануы да жиі кездеседі.Атеросклероздық өзгерістер іш құысының мүшелерінде де байқалады. Сипалағанда іштің бұлшық еттерінің шамалы қатайғандығы және жоғарғы бөлігінің ауыратындығы байқалынады. Осы айтылған белгілердің қосындысын “іш қыспасы” деп атайды және ол ас қорыту ағзаларына қажетті қан мен келетін қан мөлшерінің сәйкес келмеуінен туындайды. Қарағанда байқалынатын үдемелі қатты болатын ауырсынудың қарқындылығы мен іштегі объективті симптомдар сәйкес келмеуі. Мезентериалды тамырлардың тромбозы ішектің гангренасымен аяқталып, іш пердесінің қабынуы мүмкін.

Бүйрек артерияларының атеросклерозы. Негізгі клиникалық белгісі – симптомдық аретриалды гипертония,. Бүйрек артериясы тым айқын тарылғанында немесе толық бітелуінде гипертония тұрақтылығымен және қан қысымының жоғарғы көрсеткіштерімен сипатталады. Бүйрек артериясының тромбозында іш пен бел тұсы ауырсынады, ауыру кенеттен пайда болып , бірнеше сағаттан күндерге дейін созылады. Жүрек айну және құсу сияқты диспепсиялы синдромының болуы мүмкін. Жиі несепте ақуыз, эритроциттер болып және гематурия айқын байқалынады.

Аяқ тамырларының атеросклерозы. Негізгі белгісі – жүргенде пайда болатын аяқтарының немесе бір аяқтың ауратындығы. Ауырғаны ұстамалы және жиі балтыр бұлшық етінде, табанда, сирегірек санда болады. Ауырғандығын басу үшін науқас тоқтап тұруға мәжбүр болады (“ұстамалы ақсақтық”). Басқа симптомдарына аяқтарының тоңғақтығы, жалған сезім жатады. Зерттеп қарағанда зақымданған аяқтары салқын, терісінің түсі өзгерген (ақтығы “мрамор” түсті), құрғақ және оның жұқарғаны байқалады. Кейінгі сатыларыда аяқтың бармақтарында, өкшеде, сирақтың алдыңғы бетінде құрғақ және ылғалды трофикалық жаралар пайда болады. Аяқ артериясын сипалағанда тамыр соғуының әлсіздігі немесе жоқтығы анықалады. Атеросклероздың қатпарлы табақшалар қолқа айырығында немесе мықын артерияларының тамыр соғуы анықталынбайды.

Емі. Атеросклероздың терапиясы негізінен оның дамуына себепші қауіп қатер мәнбірлерді жоюға немесе азайтуға және атеросклоздың асқынуынан туындаған гемодинамикалық өзгерістерді қалыпқа келтіруге бағытталған. Липопроидтердің жоғарылауына әсер ету атеросклерозды дәрістің үдеуін баяулатады, ал кейбір жағдайларда дәрістің кері қайтуына да әкеледі. Жоғарылаған липротеидтерді емдеу негізгі емдәмді сақтау, ол липидті зат алмасудың бұзылуын есепке ала отырып берілуі керек. Гиполипидемиялық дәрілердің әсер ету механизміне қарай келесі шартты топтарға бөлуге болады:

  1. ішекте холестериннің сорылуын азайтатын дәрілер. Жалпы курстың өткізілетін мерзімі – 3 – 4 айға созылады.

  2. холестерин түзілуін тежейтін дәрілер. Клофибрат (мисклерон, атромидин) – 20 күннен, үш курсты. Курсы – 1 –3 ай.

  3. метаболизмді жылдамдататын және денеден липидтерді тезірек шығарылатын құрамды дәрі – дәрмектер. Эссенциале форте – 5 – 10 мл, ампула мен капсулада шығарылатын құрамды дәрі.

Сонымен жоғарылаған липопротеидтердің тұрақты түрінде, емдәмнің әсері болмаған жағдайда дәрілі терапияны қолдану орынды. Ем курсын қайталау үшін тұрақты липолитикалық емге дейін қан сары суындағы липид мөлшері бақылаудан өткізу.