- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Бақылау сұрақтары
Атеросклероз сырқатының жалпы түсінігін айтып беріңіз.
Атеросклероз ауруында зат алмасу дәрісінің қай түрі ерекше бұзылады?
Сырқаттың қандай клиникалық түрлері бар?
Атеросклероздың әр клиникалық түрін айтып шығыңыз.
Зертханалық тексерістерде қандай өзгерістер байқалады?
Сырқат қандай асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін?
Аурудың емдік қағидасы немен сипатталады?
Сырқаттың алдын алу шараларын айтып беріңіз.
Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
(morbus cordis iscaemicus)
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – коронар тамырлары жүйесіндегі патологиялық дәрістер салдарынан миокардқа қан жеткізілуінің азаюы, не болмаса тоқталуы себепші болатын миокардтың жедел немесе созылмалы зақымдануы. Жүрек ишемиялық ауруларында коронар тамырларының қамптама ету дәрісімен жүрек бұлшық етінің жұмысы сәйкес келмейді.
Этиологиясы мен патогенезі. Жүректің ишемиялық ауруының негізгі себебтері коронар тамырларының атеросклерозы болып есептелінеді. Кейбір жағдайларда ЖИА – ның дамуына бейімдейтін ішкі және сыртқы мәнбірлер болады. Қауып мәнбірлердің негізгілері: холестерин деңгейінің жоғарлауы, артериялды гипертония, темекі шегі, қант сусамыры, семіздік, дене қимылының азаюы және жүйкелік күйзелістер. Әсіресе, қауіптісі осылардың қосарлана кездесуі. Мысалы, қауіп мәнбірлерінің 3 – 4 түрі қатар болса ЖИА – ның пайда болу қауіпі бірнеше рет өседі. Миокардтың оттегіне қажеттілігі оны коронар тамырларымен жеткізілу көлемінен артық болған жағдайда миокардта ишемия (қан азаю) пайда болады. Миокардтың оттегіне қажеттілігі жүрек жұмысының жиілігімен, миокардтың жиырылу қабілетімен, жүректің көлемімен және артериялық қысымының мөлшерімен анықталынады. Осылардың біреу жоғарыласа миокардтың оттегін қажет етуі артады. Қалыпты жағдайда коронар тамырлардың дилятациялық қоры жеткілікті болады. Оттегінің жеткізілуі мен әсерін тигізетін мәнбірлер әртүрлі.
коронар тамырларының зақымдануы салдарынан олардың қан айналымын ұлғайта алмайтындығы оттегінің миокардтағы жеткіліксіздігіне әкеледі.
коронар тамырлары зақымданбаған аурулардағы ишемияның механизмі – тамырлардың түйілуіне байланысты.
ауруларда жиі кездесетін коронар тамырларының атеросклерозбен зақымдануымен олардың түйілуі, себебі атеросклероз бұл жағдайды үдетеді, сондықтан ишемия механизмі аралас, яғни миокардтың оттегіне қажеттілігінің артуымен қатар коронар тамырларында қан ағуының бәсендеуі қабаттасады.
Сөйтіп, айтылып кеткен жағдайлардың барлығы жүрек бұлшық етінің гипоксиясына әкеліп соқтырады.
Жіктелуі. ЖИА қазіргі қолданатын жіктеуі БДҰ эксперттік комитетінің ұсынысы негізінде жасалған. Клиникалық түрлері:
кенеттен болған өлім (жүректің алғашқы тоқтауы);
жүрек қыспасы -ЖҚ (стенокардия);
күш түсуден болатын ЖҚ (стенокардия);
бірінші рет пайда болған күш түсу – ЖҚ;
тұрақты күш түсу – ЖҚ;
үдемелі күш түсу – ЖҚ;
ішкі себептерден пайда болатын (ерекше) – ЖҚ;
миокард инфарктісі (жүрек бұлшық етінің өлі еттенуі);
миокард инфарктісінен кейінгі жүрек склерозы;
жүрек ырғағының бұзылуы;
жүрек қызметінің әлсіздігі.
Клиникалық бейнесі. ЖИА-ның басты және жиі кездесетін белгілерінің бірі жүрек қыспасы. Оның күш түскендегі нақтылы ұстамасы төс сүйек астының қысып немесе басып ауруымен сипатталынып, сол қолға, иыққа және жауырынға (мойын тұсына, жаққа немесе оң қолға да) таралады (Захарьин – Гед аймақтары). Ауырсыну сезімі денеге күш түскенде пайда болып(күш түсуден болатын жүрек қыспасы), дамыл кезіңде немесе нитроглицерин қолданғаннан кейін басылады (басқа жүрек ишемиялық аурулардан айырмашылығы). Кейде жүрек қыспасының ұстамасы ауырлық, қысылу, кернеу, ашығандық және тұншыққан сезіммен білінеді. Кейбір аурулар сезімдерін айтқанда алақанын немесе жұдырығын төс сүйекке қойып отырып (қысуын, басуын немесе кернеуін) сипаттайды. Ұстама кезінде науқас өлім сезімін сезінеді. Төсекте қимылсыз отырып қалады. Ұстаманың ұзақтығы 1минуттен 15 - 20 минутке дейін, бірақ ол науқастың төзімділігіне байланысты. Ұстама кезінде науқастың гемодинамикасы аса өзгермейді, тамыр соғуы жиелеп, қан қысымы сәл көтерілуі мүмкін. Терісі бозарады. Егер күш түсу тезірек тоқталып, науқас нитроглицерин
14 сурет Жүрек қыспасында ауырсынудың әсер ететін жерлері:
а - Захарьин – Гед аймақтары; б- аурудың таралатын жүйке жолдары;
қолданса ұстама қысқа уақыт ішінде және бәсең түрде болып, ал күш түсу тоқталмаса ауырғаны күшейеді. Сонымен күш түскендегі жүрек қыспасының басты белгісі кеуде қуысында қолайсыздық сезімі болып, дамылдау кезіңде басылуы. Қобалжуда жүрек жұмысы жиілеп, қан қысымы жоғарылағандықтан миокардтың оттегін қажет етуі артады, сондықтан бұл мәнбір де жүрек қыспасы ұстамасының бір белгісі пайда болуына әсерін тигізеді. Күш түскендегі ЖҚ – ның бір белгісі науқастың отырған немесе тоқтап тұрған қалыптарында тезірек басылуы, ал жатқан жағдайда жүрекке венозды қанның көбірек келуіне байланысты.
Сол қарыншаның көлемі үлкейіп, миокардтың оттегіні қажет етуі артады. Үдемелі ЖҚ ұстамасы аз мөлшердегі күш түскен кезде байқалынады. Көптеген ауруларда ұстаманың төсекте жатқан кезіңде болуына жүрекке венозды қанның көп келіп, миокардтың оттегін пайдалануының өсуі себеп болады. Бұл аурулардағы ұстамалар ұзақ мерзімді болуы мүмкін және жиі жүрек жұмысының ырғақсыздығы байқалынады. Кейбір ауруларда денеге күш түскенде коронар тамырларының түйілуі мүмкін, бірақ ангиоспастикалы ЖҚ – да түсетін күшке сәйкес шыдамдылық (төзімділік, толеранттығы) жоғары болады. Осыған байланысты жеке ЖҚ – ның ерекше түрі бөлінген ангиоспастикалы қыспаның қалыпты варианты ретінде.
Дерт анықтамасы. ЖИА, жүрек қыспасы болған науқастарға электрокардиографиялық тексеріс жүргізіледі. ЭКГ-ның көрсеткіштерінде “SТ” және “Т” тісшелерінің тұрақсыз өзгерістерін байқауға болады.ЭКГ-ні қайталап қадағалау керек.
Жүрек қыспасының жасырынды түрінде ағзаға арнаулы мөлшерде күш түсіріп (велоэргометрия), ЭКГ-нің көрсеткіштерін тұжырымдайды. ЭКГ тексерісін науқасты тыңыштатып барып жүргізеді.
15 сурет. Жүрек қыспасындағы ЭКГ өзгерістері:
А – қалыпты жағдайдағы ЭКГ: ST- сегменті өзгермеген.
Б – жүрек қыспасының ұстама кезіндегі ЭКГ: ST- сегменті төмендеген.
Емі. Емдәм бұл ауруда маңызды роль атқарады. Емдәмде малдың майын азайтып, оның орнына өсімдік майын, витаминдерді қолданып, калораж мөлшерін қатаң қадағалау әлде қайда жақсы нәтиже береді. Сонымен қоса қауіпті мәнбірлермен күресу қажет. Ол үшін шылым шекпеу, гиподинамиямен күресу, артериялдық гипертонияны емдеу керек. ЖИА мен ауырғандарды емдеуде негізінен үш топтың дәрілері қолданылады. Ол нитраттар, бета – блокаторлар және кальций антагонистері. Нитраттар негізінен шеткергі көк тамырларды кеңейтіп, жүреке келетін қан мөлшерін азайтады, өкпе артериясындағы қан қысымын төмендетеді, корнар тамырларының түйілуін басады. Нитраттардың бұл әсерлерінің нәтижесінде миокардтың оттегіне мұқтаждығы азайып, қан ишемияға ұшыраған аймақтарға бөлінеді. Бұл топтың ең нәтижелі өкілі - нитроглицерин. Ол таблетка, май пластырь, спирттегі 1% - тік ерітінді түрде қолданылады. Жүрек қыспасын басу үшін тіл астына 0,5 мг нитроглицерині бар бір таблетка салу керек, оның әсері 1 – 3 минуттан кейін басталып, 3 – 5 минутта шарықтау шегіне жетіп 20 – 30 минутқа дейін созылады. Нитрат дәрілеріне сустак, сустанит, нитросорбит, нитронг т.б. дәрілері жатады. Бета – блокаторлар ауырсынуға қарсы, ырғақтың бұзылуына қарсы, қан қысымын төмендету ретінде қолданатын дәрі – дәрмектер. Олардың барлығына тән қасиеттер: жүректің соғу жиілігін азайту, миокардтың жиырылғыштығын төмендету, жүректің қан айналымы және оттегіне мұқтаждығын азайту. Бета – блокаторларды әсер ету орнына қарай кардиоселективті (тек миокардтың рецепторларымен әсер ететін) және кардиоселективті емес (себебі, рецепторға қоса бронхпен тамырдағы рецепторларға да әсер етеді) деп екі топқа бөлінеді. Бета – блокаторларға атенолол, корданум, анаприлин т.б. көп дәрілер жатады. Кальций антогонистердің негізгі қасиеттері тамыр жүйесінің кедергісін азайту, жүректегі тотығу – тотықсыздану дәрістерін төмендету, жүрек торшаларына кальциий иондарының ағысын бәсендету, қан қысымын төмендету осы аталған дәрілер түріне сәйкес келеді. Бұл топқа финоптин, коринфар, нефидипин т.б. жатады. Метаболикалық әсерлі дәрілер – анаболиктерді (ретаболил, неробол, кокарбоксилаза) ауырғандыққа қарсы жеке түрде қолдануға келмейді. Симтомдық емде спазмолитик дәрілерін қолдануға болады. Кейінгі кезде дене шынықтыру жаттығуларының әсеріне көп көңіл бөлінеді, себебі жүрек жұмысы бәсендейді, қан қысымы төмендейді және қосымша тамырлар саны ұлғаяды. Сатылып, аздаған күш түсіре қолданылуы нәтижелі болады.
