Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:

  • қандайда болмасын анафилаксиялық шоктың себепшісі болып табылатын дәрінің денеге егілуімен таралуын тоқтату;

  • аллергиялық серпіліс білінгенде, яғни ағзада өзгерістер дами бастағанда жедел жәрдем қағидасы қан қысымды қалпына келтіріп, ағза мүшелерінің жұмыс қабілетін сақтау болып табылады;

  • егер дәрі – дәрмек түрін көк тамыр арқылы жіберіліп жатқан жағдайда, анафилаксиялық шок аяқ астынан дамыса, онда дәрінің енгізілуін тоқтатып, инені көк тамырда қалдырып, шприцті инеден босатып алуы керек.

  • ал көк тамырда қалған инеге инфузиялық құралды жалғастырады. 0,9% – 200 мл натрий хлор ерітіндісін, 5% – 200 мл глюкоза ерітіндісін және т.б. сұйықтықтарды тамшы арқылы енгізеді:

  • науқас адамның аяғын жоғары, ағаш төсекке немесе еденге шалқасынан жатқызып, алқымындағы түймелерді ағытып, кеудесіндегі қысып тұрған киімдерді босату;

  • қан қысымы анықталмаған жағдайда тері астына немесе бұлшық етке (тілге, иек астына) әр 5 – 10 минут сайын қан қысымы анықталғанша 0,1% адреналин ертіндісінің 0,5 мл-ін егеді. Егер қан қысымы анықталса 0,1% адреналин ертіндісінің 0,5 мл-ін физиологиялық ертіндімен қосып көк тамырға жібереді;

  • анафилаксиялық шоктың ауырлығына байланысты көк тамырға 90–120 мг преднизалон дәрі – дәрмегін егеді;

  • дәрігер келгенше мейіркеш көк тамырдан инені шығармай жұмыс жағдайында сақтау керек (инфузиялық құрал арқылы сұйықтықтар жіберу үшін);

  • әл үстінде жатқан адамның тілі мен жағы, көмейін тығындап, әп – сәтте тұншықтырып тастайды. Сондықтан төменгі жақ пен тілін ілгері қарай, басын шалқайтып ұстап, көмейіне жиналған сілекеймен қақырықты тазартады;

  • науқастың жүрек соғуы мен дем алысы әлсіз немесе тоқтаған болса, онда уақытты өткізбей белгілі жандандыру қағидалары бойынша қолдан жасанды дем алдырып, жүрекке жабық массаж жүргізеді. Ол үшін “ауыздан ауызға” үрлеп дем алдыру мен төстің тұсынан жүректі сығымдап, қан айналысын қалпына келтіру тәсілдерін қолданған жөн.

17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы

Науқастың шағымдары

  1. күрт әлсіздену,

  2. дененің қызуы, терінің қышуы,

  3. қалшылдау, бастың ауыруы,

  4. демнің қиындауы,

  5. лоқсу, құсу, іштің ауыруы,

  6. к еуденің қысылғанын сезіну,

Клиникалық белгілері

  1. қозу, мазасыздану,

  2. жабысқақ суық тердің шығуы,

  3. көгеру, есінен тану, құрысып – тырысу,

  4. қан қысымының төмендеуі,

  5. тамыр соғуының әлсізденуі,

  6. жүрек соғысының және дем алудың тоқтауы,

Мейіркештің тактикасы

Әзірлеу керек:

  1. дәрігерді шақыру,

  2. дәрі жіберуді тоқтату,

  3. науқастың аяғын көтеріңкі жатқызу,

  4. қан қысымы анықталмаған жағдайда тері астына немесе бұлшық етке әр 5 – 10 минут сайын 0,1% - 0,5 мл адреналин ерітіндісін егу,

  5. дәрігер келгенше көк тамырдан инені шығармай жұмыс жағдайында сақтау керек,

  6. көк тамырға 60–120 мг преднизалон ерітіндісін жіберу,

  7. жүрек соғуымен дем алуы тоқтаған жағдайда реанимация шараларын өткізу.

  1. шприцтерді,

  1. адреналин ерітіндісін,

  1. преднизалон ерітіндісін,

  1. эуфиллин ерітіндісін,

  1. жүрек гликозидтерін

(корглюкон немесе строфантин ерітінділерін),

  1. инфузияға қажет сұйықтықтар және құрал – жабдықтарды дайындау.

Аллергиялық дерматит (dermatitis allergica)

Дәрілік заттардың әсерінен терінің аллергиялық зақымдануынан сипатталатын сырқаттың бір түрі. Көбінесе дерматитті тудыратын дәрілерге антибиотик препараттары (пенициллин, стрептомицин), жансыздандыру дәрілері, витаминдер, бояулар жатады. Осы дәрілердің әсерінен терінің нағыз қабаты зақымданып әртүрлі өзгерістер білінеді. Аллергиялық дерматиттің жасырың кезеңі 7 – 10 күннен 1 айға дейін, кейде одан да көпке созылуы мүмкін. Нағыз терінің аллергендермен жанасқан жерінде бөртпелер пайда болады. Бөртпелер әр түрде кездеседі: эритема, папулалар тағыда басқа түрде болып сипатталады. Тері қызарып, ісініп, суланады. Субъективті белгілерге қышыма және күйдіру сезімі жатады. Сырттай қарағанда терідегі өтіп жатқан аллергиялық дәріс жедел экземаға ұқсас, бірақ тері зақымдануын туғызған аллергеннің әсерін тоқтатса, аллергиялық дерматит тез басылады. Сонымен қатар күн сәулесі де аллергия ретінде әсер етуі мүмкін. Бұл кезде тері қызарады, ісінеді, көпіршіктер пайда болады. Осымен қатар дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, лоқсу, әлсіздік, ұйқысының бұзылуы байқалады. Бірнеше күннен кейін қабыршақтану және дақтар пайда болады.

Емі. Аллергиялық дерматитті емдегенде келесі ережелерді сақтау керек: аллергендің түрлерін анықтап, оларды жою. Осымен қатар емдәм тәртібін сақтау маңызды роль атқарады. Аллергиялық дерматиттің емі ұзақ және кешенді түрде өткізілуі тиіс. Уыттануға және сенсибилизацияға қарсы ем жүргізіледі. Осы мақсатпен уыттануға қарсы көп мөлшерде сұйықтық мөлшерлерін енгізуі керек. Сенсибилизацияға қарсы антигистамин тобының дәрілерін тағайындайды: супрастин, пипольфен, тавегил, диазолин және т.б. Осымен қатар жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі – дәрмектер беріледі: валериана, бром, седуксен және шөп тұңбаларыда қолданылады. Жергілікті түрде терінің қабынуына, қышуына, сулануына қарсы әртүрлі қоймалжыңдар, майлар қолданады. Ауыр жағдайда арнаулы кестелік тәртіп бойынша гормон препараттарын береді (преднизалон, гидрокартизон, дексаметазон т.б.).

Бақылау сұрақтары

  1. Аллергоздарға жалпы түсініктеме беріңіз.

  2. Аллергендердің жіктелу тәртібінің тізімін беріңіз.

  3. Квинке ісігі сырқаты қалай сипатталынады?

  4. Есек жем сырқатының ерекше клиникалық көрінісін айтып шығыңыз.

  5. Аллергиялық дерматитке мінездеме беріңіз.

  6. Аллергоздардың негізгі емдік қағидасы.

  7. Анафилаксиялық шоктың себебін, клиникалық бейнесін толық түрде тоқталып, сипаттамасын беріңіз.

  8. Анафилаксиялық шокта көрсетілетін шұғыл жәрдем қағидасын айтып шығыңыз.

  9. Өзіңізге таныс деген антигистамин тобына жататын дәрілерді атаңыз.