Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою

Пациенттің нақты және болуы мүмкін мәселелеріне сүйеніп қойылады.

3кезең. Күтімді жоспарлау

Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

  • Іште ауырсынуы басылады;

  • қыжылдау басылады;

  • диспепсиялық өзгерістер басылады;

  • құсықты жұтпау үшін шаралар жүргізіледі;

Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

  • ауырсыну болмайды;

  • салмақ азаюы болмайды;

  • терісі ойылмайды;

  • тамаққа тәбеті қалпына келеді;

  • науқас өзіне керекті тамақ пен сұйықты қанағаттанарлықтай қолданады;

  • науқас өзінің жағдайына үйренеді (колоностомаға);

  • науқас өзіне шұғыл жағдайларды көмек бере алады;

4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру

Мейіркештің араласулары:

  • тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, пациентті лабораториялық және құрал – жабдық тексерістерге дайындау (асқазаннан, ұлтабардан сөл алу, нәжісті әртүрлі анализдерге жинау, құсықты лабораторияға тапсыру, рентген тексерістердің алдында тазарту клизмасын жасау);

  • тәуелсіз – күтім және бақылау шараларын жүргізу, пациенттің жағдайын қадағалау: қан қысымын өлшеу, тамыр соғуын анықтау, демін санау, дене қызуын өлшеу және оның көрсеткіштерін графикалық сызу;

  • бір – біріне тәуелділік қатынас – қолданған емнің әсерлілігін бағалау, науқастың жазылуына психологиялық күде бағыттау, пациентпен және оның туыстарымен педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.

5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау

Алға қойған мақсаттарды салыстырып, медициналық қағазын толтыру.

Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:

  1. Асқазан – ішек жолдарына келесі мүшелер жатады:

а) б) в) г)

  1. Сипалауды ішке қай әдіспен жүргізеді?.................. (дұрыс жауабын беріңіз);

  2. Асқазан – ішек ауруларында қолданатын зертханалық тексерістерді атап шығыңыз: а) б) в) г)

  3. Асқазан – ішек ауруларында қолданатын құрал – жабдық аппарат арқылы тексерістерді атап шығыңыз: а) б) в) г)

  4. Пациент тамақ ішкен соң аяқ астынан іші ауырып, лоқсып, құсты. Дене қызуы 380 көтеріліп, іші өтті. Өз ауруын пациент тамақтың жағымсыз болғанынан көреді. Қарағанда: жағдайы орташа, тілі ластанған, аузынан жағымсыз иіс шығады. Сипалағанда іші ауырады. Бұл не ауру деп ойлайсыз?......................... (дұрыс жауабын беріңіз);

  5. Асқазан сөліне байланысты созылмалы гастриттің түрлері: а) б) в)

  6. Сөлі аз созылмалы гастриттің ерекше белгілері: а) б) в)

  7. Сөлі көп созылмалы гастриттің ерекше белгілері: а) б) в)

  8. Өткір гастритке төмендегі қай варианттың белгілері сәйкес келеді?

1 вариант: а) басталуы жедел; б) лоқсу; в) құсу; г) іштің бүріп

ауруы;

д) іштің кебуі; е) бас айналу; ж) әлсіздік біліну;

2 вариант: а) тәбеттің бұзылуы; б) ауыздан жағымсыз иістің шығуы;

в) кекірік болу; г) кіндік тұсының ауруы; д) іштің өтуі;

е) қан аздық біліну;

  1. Созылмалы гастритке төмендегі қай варианттың белгілері сәйкес келеді?

1 вариант: а) іштің жайлап ауруы; б) тәбеттің төмендеуі;

в) сасық иісті кекірік; г) қыжылдау; д) лоқсу, құсу;

е) аурудың басталуы біртіндеп білінеді;

2 вариант: а) аяқ астынан басталады; б) лоқсу, құсу; в) іш өтеді;

г) іш кебеді; д) іш бүріп шыдатпай ауырады;

1 вариант: а) іштің ауруы ас ішкен соң 1 сағаттан кейін білінеді;

б) қан кетеді; в) лоқсу, құсу; г) нәжіс қара түстенеді;

  1. Асқазан ойық жара ауруында асқазанның ішкі кілегей қабатында өзгеріс білінеді:

а) асқазанның ішкі кілегей қабатының белгілі жерінде қан айналымы бұзылады; б) сілекей қабатының қабынуы; в) ісіктің білінуі;

г) дәнекер тіннің дамуы;

  1. Асқазан ойық жарасының асқынуларын атап шығыңыз:

а) б) в) г) д)

  1. Санмен көрсетілген қандай асқынуларға әріппен берілген белгілер сәйкес келеді?

    1. асқазаннан қан кету; а) кідірген құсық;

    2. қақпаның қатаюы; б) “кофе” тәрізді құсық;

    3. тесілу; в) ет тағамын жақтырмау;

    4. жараның қатерлі ісікке ауысуы; г) өткір іш белгілері;

  2. Аяқ астынан пациенттің кіндік тұсы пышақ кескендей болып ауырды. Пациент боз, қан қысымы 80/40 с.б.б. Сипағанда іші тақтай тәрізді , қатты. Анамнезінде асқазан жара ауруы бар. Бұл не жағдай деп ойлайсыз?............................................

  3. Санмен көрсетілген ауруға әріппен белгіленген патологияның қайсысы сәйкес келеді?

    1. созылмалы гастрит; а) ісіктің білінуі;

    2. асқазан ойық жара ауруы; б) асқазан кілегей

қабатының қабынуы;

    1. асқазан қатерлі ісігі; в) асқазаннан қан кету;

  1. Антацидтер тобына жататын дәрілерді атап шығыңыз: а), б), в).

  2. Спазмолитиктер тобына жататын дәрілерді атап шығыңыз: а), б), в).

  3. Осы 3 варианттың қайсысында нақты асқазан қатерлі ісігі жөнінде айтылады?

1 вариант: 2 вариант: 3 вариант:

а) құсу, лоқсу; а) тәбеттің жоғалуы; а) құсу;

б) қыжылдау; б) іштің ауыруы; б) лоқсу;

в) іштің сыздап ауыруы; в) әлсіздену; в) іштің өтуі;

г) іштің кебуі; г) жүдеу; г) іштің сыздап

д) лимфа бездерінің ауыруы;

үлкеюі;

  1. Цитостатик дәрілерінің әсері не болып табылады?

  2. Гепатит дегеніміз – ол ................... (анықтамасын беріңіз);

  3. Созылмалы гепатиттің клиникалық түрлерін іріктеңіз: а) б) в)

  4. Созылмалы гепатиттің алғашқы кезеңінде бауырдағы өзгерістер:

а) үлкейген, ауырсынуы білінеді; в) кішірейген, қатайған;

б) кішірейген, ауырсынуы білінеді; г) өзгеріссіз;

  1. Бауыр қызметінің биохимиялық көрсеткішіне жатады:

а) креатинин; в) мочевина;

б) билирубин; г) холестерин;

  1. Асцит дегеніміз – ол .................... (дұрыс жауабын беріңіз);

  2. Өт қабының ауруларын тексеретін құрал – жабдық аппарат арқылы зерттеу әдісі:

а) ирригоскопия; б) ректороманоскопия; в) холецистография;

  1. Бауыр циррозы дегеніміз – ол .................(дұрыс жауабын беріңіз);

  2. Бауыр циррозының клиникалық түрлерін жіктеңіз: а) б) в)

  3. Аурухананың қабылдау бөлімшесіне пациент келіп түсті. Шағымдары: әлсіздену, тері түсінің сарғаюы, иек еттерінің қанталауы. Ауру сыртартқысында 2 жыл бұрын сары аурумен ауырып шыққан. Қарағанда: жағдайы орташа, терісі, шырышты қабаттары сарғайған, денеде тырнақ іздері бар. Іші үлкейген, оң қабырға астынан бауыры 1,5 см – ге шығып тұр, сипалағанда ауырсыну білінеді. Бұл гепатиттің қай түрі деп ойлайсыз?

  4. Гастроэнтералогиялық бөлімшесіне 60 жастағы пациент келіп түсті. Шағымдары: әлсіздену, іштің сыздап ауыруы, тері түсінің сарғаюы, тамаққа тәбетінің төмендеуі. Наркологиялық диспансерде маскүнемдікпен емделіп тұрады. Қарағанда: жағдайы орташа, жүдеу, іші үлкейген, асцит білінеді. Іштің көк тамырлары одырайып шығып тұр. Бұл цирроздың қай түрі деп ойлайсыз?

  5. Бауыр циррозында қанталау белгісі не себептен дамиды? (түсінігін беріңіз).