- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Созылмалы гломерулонефрит
Кең таралған ұзақ ағымды екі бүйректің бір мезетте иммунды қабыну дәрісімен сипаталынатын бүйректің созылмалы сырқаты. Сырқаттың түпті негізі шумақты денешіктердің зақымдалып, өлі еттенуі, бүйрек қызметінен айырылып созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен аяқталуы. Егер өткір гломерулонефриттегі зәрдің өзгерістері бір жылдың ішінде қалпына келмесе бұл аурудың созылмалы түріне ауысуы болып табылады.
Этиологиясы. Бірінші қатарда вирусты және жұқпа мәнбірлері орын алады. Әсер ететін мәнбірлерге ішімдік мөлшерін шамадан тыс көп қолдану, зәр қышқылының алмасу дәрісінің өзгеруі, ретсіз дәрі – дәрмектерді қолдану жатады.
Патогенезі. Ағзаға қоздырғыштың немесе улы бөгде заттардың түскеніне, ағзаның оларға қарсы жауабы ретінде антидененің пайда болуы. Антидене антигенмен байланыс құрып, иммунды кешен құрап бүйрек тінің зақымдап, қабындырады. Осы өтіп жатқан өзгерістер аутоиммунді серпіліс түрінде өтеді. Өршу кезеңінде бүйректің тіні өзгергеннен шумақты денешіктері қатаю дәрісіне шалдығып, осының салдарынан бүйректің сүзу және қайталап сіңіру (реабсорбция) қызметінің бұзылуына әкеліп соғады. Осы кезеңде полиурия, никтурия, қанның құрамында азот қалдықтары көбейеді (мочевина, креатинин). Сырқаттың соңғы кезеңінде, қолайсыз ем қолданған жағдайда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамиды.
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың бірнеше клиникалық түрлері бар: латентті (шоғырланған), нефротикалық (ісіну), гипертониялық (артериялдық қан қысымының көтерілуімен сипаталатын түрі), және аралас түрі. Сырқаттың шоғырланған түрінде көзге шалынатын өзгерістер зәрдің анализінде ғана байқалады: протеинурия, гематурия, цилиндрурия. Науқас шағымданбайды. Гломерулонефриттің нефротикалық түрі 20% кездеседі. Сырқаттың бұл түрінде уыттану белгілерімен қатар олигурия, ұлғайған ісіктер, іштің ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі байқалады. Қанда гиперхолестериемия, қарқынды протеинурия байқалады. Науқастың өмір сүру ұзақты 8 – 10 жылдарға барады. Гипертониялық түрі де жиі кездеседі. Сырқаттың жалпы белгілерімен қатар артериялдық қан қысымының көрсеткіші 200, 220, 240 сынап бағанасының көрсеткіші бойынша. Науқастардың шағымдары қан қысымының көтерілуімен байланысты. Көбінесе науқастардың шетінеуіне миға қанның құйылуы (инсульт), миокард инфарктісі, жүрек демікпесі, өкпе ісінуі әкеліп соғады. Сырқаттың бұл түрінде ісіктер айқын білінбейді. Дене қызуы сәл ғана көтеріледі, науқастың басы ауырсынып, көз көру қабілеті күрт төмендейді. Созылмалы гломерулонефриттің аралас түрі аурудың ең ауыр түрі болып табылады. Өту ағымында нефротикалық белгілері байқалады, қан қысымы көтеріледі, олигурия, анасарка, жоғарғы дәрежеде протеинурия байқалады. Науқастың жалпы өмір сүру уақыты екі – үш жыл. Науқас көбінесе уремиялық комадан қайтыс болады. Бұл кезеңде уыттану белгілері айқын білініп, науқас есінен танады, демі өзгереді, ауызынан зәрдің иісі шығады.
Дерт анықтамасы. Науқастың шағымдарына, обьективтік өзгерістеріне және зертханалық тексерістердің нәтижесіне, рентген сәулесімен, ультра дыбыспен, урография әдісімен зерттеген кездегі қорытынды нәтижелерге сүйене отырып дерт анықтамасын қояды. Жалпы қан анализінде анемия, лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады. Зәрді Зимницкий сынамасымен зерттеген кезде бүйректің сүзбе жұмысынан айырылуын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Емі. Емдәм тәртібі маңызды роль атқарады, ол аурудың түріне және кезеңіне байланысты тағайындалып, өзгертіліп отырады. Ісік түрінде тұздың мөлшері 1,5 – 2,5 г нан аспауы тиіс. Қан қысымы көтерілуімен сипатталатын түрінде тұздың мөлшері 5 грамм мөлшеріне дейін болуы керек. Сонымен қоса емдәмнің құрамы жеміс жидектермен және көкөніс сусындарымен жеткілікті түрде жабдықталған болуы керек. Сырқаттың ең басты емдеу қағидасы гормондармен емдеп, қабыну дәрісін басу болып табылады. Гормондарды тағайындау және емдеу арнайы түрдегі ескерулерді ұстана отырып қолданылады. Сонымен қатар иммунды дәріске қарсы иммундық депрессанттарын қолданады (делагил, хлорохин, плаквенил). Нефротикалық түрінде ісікті жою үшін зәр шығаратын дәрілерін пайдаланады (фуросемид, верошпирон, альдактон). Артериялдық қан қысымы көтерілуімен сипатталатын гломерулонефриттің түрінде гипотензиялық дәрілердің әр түрлі жиынтықтарын қолданады. Соңғы жылдары плазмаферезді кеңінен қолданып жүр.
Алдын алуы. Әуелі гломерулонефриттің алдын алуға өткір түрін уақытында емдеу. Сонымен қатар ағзаны жұқпадан тазалау. Суық тигізбеуге, салқын жерде жұмыс істеуге тыйым салу керек. Жағымсыз қылықтарды доғаруға және олардың тыйылуына ат салысу керек.
Бақылау сұрақтары
Гломерулонефрит ауруына жалпы түсініктеме беріңіз.
Негізгі себебіне не жатады?
Сырқаттың белгілеріне байланысты қандай клиникалық түрлері болады?
Сырқаттың әр клиникалық түріне қысқаша сипаттама беріңіз.
Дерт анықтамасын жүргізу үшін қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері қолданылады?
Гломерулонефритте зәр құрамындағы өзгерістерді айтып шығыңыз.
Сырқаттың негізгі ем қағидасы.
Сырқаттың алдын алу шараларын қалай түсінесіз?
Цистит
Бұл қуықтың ішкі кілегей қабатының қабынуы. Себебі - жұқпа қоздырғыштары болып табылады. Оның ішінде 80% ішек таяқшалары кездеседі және энтеробактериялар, стафилококктар, стрептококктарда қоздырады. Қуыққа жұқпа бүйрек түбекшешелері қабынғанда зәр шығару өзекшелерінен келіп түседі. Сырқатқа әкеліп соғатын мәнбірлерге қуықта зәрдің тұрып қалуы (жүктілікте, жыныс жолдарының қабынуында), суық тигізіп алғанда, ер адамдарда жыныс бездерінің қабынуы (аденома) жатады. Ағымына байланысты жедел және созылмалы түрлерге бөлінеді.
Клиникалық бейнесі. Науқас жалпы уыттану белгілеріне шағымданады. Әлсізденеді, өткір кезеңінде дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін, тамаққа тәбеті тартпайды. Дизуриялық белгілер сырқатқа тән болып табылады. Науқас зәр шығарған кезде несеп ағар арнасының ең сыртқы саңылау аймағында ауырсынудың болуына, ашып, қышу сезімінің пайда болуына, зәрдің шығуы жиілеп және ауырсынуына шағымданады. Бұны ишурия деп атайды. Қасағаның үстін сипалағанда ауырсыну сезімі білінеді. Науқас зәрге жиі және ауырсынып отыруының салдарынан мазасызданып, ұйқысы бұзылады.
Дерт анықтамасы. Науқастың шағымдарына және зертханалық тексеріс нәтижелерінің қорытындысына сүйене отырып дерт анықтамасын жүргізеді. Зәрде лейкоцитурия, эритроцитурия, бактериурия анықталады. Кейде зәр күнгірттеніп, іріңді қан аралас болуы мүмкін. Нечипоренко сынамасын жүргізгенде өте көп мөлшерде лейкоциттің мөлшері анықталынады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады. Диагнозды анықтау мақсатымен цистоскопия, цистография тексеру әдістері жүргізіледі.
Емі. Төсек тәртібін сақтау, шат маңайына жылытқыш қою. Бұл ауруда емдәм маңызды роль атқармайды. Жалпы емдәм түрін тағайындайды. Қоздырғыштарға қарсы антибиотик және сульфаниламид топтарының дәрі- дәрмектері қолданылады: фуразолидон, фурагин, невиграмон, бисептол, цефалоспориндер және шөптік ем дәрілері. Физиоемдік шараларын жүргізеді: парафин, УВЧ, жылы ванналар. Ауырсынуды басу үшін спазмолитик тобының дәрі-дәрмектері қолданылады: но-шпа, баралгин ерітінділері. Зәр тоқтап, шықпай қалғанда түтік сүңгімен қолдана отырып зәрді сырқта шығару және қуықты фурациллин ерітіндісімен жуу.
Алдын алуы. Ағзадағы жұқпа ошақтарына уақытында санация жүргізіліп отырған жөн.
Бақылау сұрақтары
Цистит ауруына сипаттама беріңіз.
Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді атаңыз.
Сырқаттың дерт анықтамасын жүргізгенде қандай зертханалық тексерістер қолданады?
Сырқатта зәр анализінде қандай өзгерістер байқалады?
Сырқаттың негізгі емін айтып беріңіз.
