Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Зәрді зерттеу

Зәрді тексеру дерт анықтамасындағы үлкен мағыналы дәріс. Ол тек бүйрек пен зәр шығару жолдары емес, басқа да мүшелердің ауруларын білуге болады. Зәрдің физикалық және химиялық құрамын анықтайды. Зерттеу жасау үшін тәулік бойы шыққан зәрді жинап, соның ішінен керекті ғана мөлшерін алады. Көбінесе азандағы бірінші зәрді қолданады. Әйелдерде етекірі келген уақытында зәрге зерттеу жасалмайды, өйткені зәрге етеккірдің қаны араласуы мүмкін.

Зәрдің физикалық құрамы. Зәрдің түсі оның концентрациясына байланысты және оның түсі сарғыш болады. Зәрдің түсінің өзгеруі оның құрамындағы бояутекке, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғанда (анальгин) және тамақтың құрамындағы қызылшаның көп болғандығына байланысты. Қалыпты жағдайда зәр мөлдір болады. Дені сау адамның зәрінің иісі болмайды. Егер зәр жылы бөлмеде көп тұрса, аммиактың иісі шығады.

Зәрдің тығыздығы 1005-1025 дейін тербеледі. Неғұрлым оның құрамындағы заттардың тығыздығы жоғары болса, соғұрлым зәрдің тығыздығы да жоғары болады. Мысалы, қант сусамырында зәрдің тығыздығы 1030-1050 дейін көтеріледі. Бүйрек сүзбе жұмысының бұзылуында зәрдің тығыздығы азаяды. Бүйректің сүзбе жұмысын анықтау үшін Зимницкий сынамасын жүргізеді. Неғұрлым зәрдің салмағының тербелуі жоғары, соғұрлым бүйректің сүзбе жұмысы жақсы болып табылады. Тәулігіне бөлінген зәрдің мөлшері қолданылған сұйықтықтың көлеміне байланысты. Қалыпты жағдайда зәр көбінесе күндіз бөлінеді.

Зәрді химиялық зерттеу. Зәрдің құрамынан ақуыз, қант, ацетон, уробилин, гормондар, тұз, ферменттерді анықтайды. Қалыпты жағдайда зәрдің құрамында ақуыз болмайды. Ақуыздың зәрмен бірге бөлінуі протеинурия деп аталады. Ол бүйрек ұлпасының зақымданып, сүзбе жұмысының бұзылуында байқалады. Қалыпты жағдайда адам зәрінің құрамында қант болмайды. Ол адамның көміртегін көп қолданғанда білінеді. Қанттың зәрдегі мөлшері қант сусамырында көбейеді. Қалыпты жағдайларда адам зәрінің құрамында билирубин, кетондық денелер де болмайды.

Зәр қалдығын микроскопиялық зерттеу. Бұл зерттеуде пробирка түбінен зәр қалдығын алады. Оның ішінен эпителий торшаларын, лейкоцит, эритроцит мөлшерлерін анықтайды. Егер эритроцит мөлшері көп болса, зәрдің түсі қызғылт болады. Бұны макрогематурия деп айтады. Қалыпты түрде зәрде (әйелдерде) лейкоциттер аз мөлшерде кездеседі (2-5 көз алаңында). Егер лейкоциттер микроскопта көз алаңын толық жапса, оны пиурия (бактериурия) дейді. Бұл қуықтың зәр шығыру жолдарының қабынуында кездеседі. Микроскопиялық зерттеу кезінде зәр қалдығынан цилиндрлерді көруге болады. Цилиндрлердің екі түрі болады: гиалиндік және эпителиалдық, гиалиндік цилиндрлер ақуыздан, ал эпителиалдық түрі - бүйрек арналарының торшаларынан тұрады. Олар түйіршікті және сопақша болады. Цилиндрлердің зәрде пайда болуы бүйректің зақымданғанын білдіреді.

Асқазан сөлін тексеру

Асқазан сөлін асқазанның сөлденіс қызметін анықтау үшін зерттейді. Асқазан сөлін жіңішке сүңгі арқылы алады. Алдымен ашқарынға асқазандағы сөлді сорып алады, сосын 15 минут сайын 4 порцияны жинайды. Бұны негіздік сөлденіс деп атайды. Асқазан сөлденісін күшейту үшін тері астына 0,1% гистамин ерітіндісін немесе 0,025% пентагастрин ерітіндісін жібереді. 15-20 минуттан кейін 15 минут сайын 1 сағаттың ішінде тағы 4 порцияны жинап алады. Алынған сөлдің мөлшерін өлшейді, әр порциядағы тұз қышқылын анықтайды. Қалыпты жағдайда асқазан сөлі 50мл, тұз қышқылы 20 – 40 бірлік болады. Негіздік сөлденіс 50-150мл, соңғы 1 сағаттың ішіндегі 4 порцияның мөлшері қалыпты жағдайда 120 мл – ден көп болмайды. Асқазанның сөлі түссіз, ал 12 елі ішекке түскенде сөл сары түске боялады. Асқазанның сөліне сілекей үстіңгі тыныс алу жолы арқылы түседі. Кейде асқазан сөлінде таяу арада желінген тағам қалдықтары байқалады. Бұл асқазанның қозғалу жұмысының бұзылғанын дәлелдейді.

Қалыпты жағдайда асқазан сөліндегі тұз қышқылын қалыптылық деп атайды, көбеюін - гиперацидті, төмендеуін - гипоацидті, ал болмауын - анацидті деп атайды. Тұз қышқылының төмендеуі, болмауы асқынған гастритінде, асқазан қатерлі ісігінде, бауыр ауруларында білінеді. Барлық науқастардың сүңгі жұтуға мүмкіндіктері болмайды. Ондай жағдайда асқазан сөлін тексеру үшін сүңгісіз әдісті қолданады ("Ацидотест"). Бұл әдісте науқасқа екі арнайы түйір береді. Содан кейін арнайы кесте бойынша зәрді жинайды. Асқазанда бос тұз қышқылы болса, зәр боялып шығады (тұз қышқылының санына байланысты, ақшыл қызғылттан, ашық қызыл түске дейін). Бояуды стандартты шкаламен салыстырады да, қышқылдық көрсеткішін анықтайды. Бірақ бұл әдіс тұз қышқылдығын анықтауға беретін нақты көрсеткіш емес.