Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Бронх демікпесі (asthma bronchiale)

Бронх демікпесі – ағзаның иммундық механизмдер негізінде бронх серпіліс қабілетінің өзгеруінен дамитын жұқпалық - аллергиялық сырқат. Міндетті түрде бронхылардың қабырғалары жиырылып тарылып, бронхылардың шырышты қабығы ісініп, шырыш көп бөліну нәтижесінен бронхтың өткізгіш қызметі бұзылып, демікпелік ұстама байқалады. Демікпе жер жүзінде кең таралған сырқат түріне жатады. Ауылды жердің тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары демікпемен жиі ауырады.

Этиологиясы. Бронх демікпесі аллергендердің, кейбір дәрі – дәрмектер түрлерінен, әртүрлі жұқпа және кәсіптік мәнбірлердің, сонымен қатар жиі қажығандықтан, құбылмалы ауа райының әсерінен дамуы мүмкін. Сырқаттың дамуына байланысты демікпенің бірнеше түрлері бар: атопиялық (аллергиялық демікпе), жұқпалық – аллергиялық демікпе, аспириндік демікпе, қажу демікпесі т.б. Демікпенің даму барысында аллергиялық механизм маңызды орын алады. Оны түрлі әр тектегі аллергендер, яғни жұқпа және жануарлық агенттер, өсімдік тозаңдары, химиялық заттар туғызады. Тұқым қуалайтын мәнбірлердің де орны ерекше болып келеді.

Патогенезі. Бронх демікпесінің патогенезі 3 кезеңге бөлінеді:

  • иммундық (аллергеннің әсерінен ағзада антиденелер пайда болып тегіжат пен байланысып субстрат қатынасын құрады);

6 сурет Демікпе ұстамасындағы

пациенттің төсектегі жағдайы

  • патохимиялық кезеңде аллергеннің қайталанған әсерінен көбейген қаныққан клеткалары белсенді биологиялық зиянкес заттарын бөліп шығарады (гистамин, ацетилхолин, серотонин, брадикинин). Бұл белсенді биологиялық зиянкес заттардың көбісі бронх тарамдарын

тарылтуға бейімделген болып келеді.

  • патофизиологиялық кезеңде биологиялық заттар бронхтарды тітіркендіріп тарылтады. Бронхылардың шырышты қабаты дымқылданып, эксудат көп бөлініп бронхтарды бітейді. Тыныс алу дәрісі нашарлайды.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ең басты көрінісі демікпе ұстамасының дамуы болып табылады. Сырқаттың бастапқы кезеңіңде тыныстың тарылуы түнде басталып, содан күндізде болады. Басында науқастың көмейі жыбырлап науқас жөтеле бастайды, жөтел бара – бара асқынып, аурудың тынысы тарылып, дем ала алмай, тұншығады. Толықсу басталғанда науқас аяғын төмен түсіріп, қолымен төсектің шетін ұстап отырады. Беті ісіңкіреп (тұншығып отыр), ауызы, мұрыны көгеріп, суық тер шығады. Науқастың дем алысы жиілейді, демді сыртқа шығару дәрісі қиындайды. Өкпеде ауа көп болғандықтан, перкуссияда қорап тәрізді дыбыстың естілуімен түсіндіріледі. Аускультацияда және қашықтық аралығында да ысқырған, шиқылдаған сырылдар естіледі. Демікпе ұстамасынан зардап шегуші мазасызданып, безек қағады. Толықсудың ағымының ұзақтылығы әртүрлі болып келеді: бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, кейде бірнеше күнге дейін созылады. Басында жөтел қақырықсыз, содан соң қақырықты жөтел пайда болады. Қақырық өте аз мөлшерде білінеді. Қақырық ауызға жабысып, кілегейленіп тұрады. Осы қақырықтың түсуі нәтижесінен демікпе ұстамасы аяқталады.

Бронхтың демікпесі 3 жағдаймен сипатталынып өтеді. Бірінші жағдайда – жеңіл жағдайда, толықсу жылына 1 – 2 реттен жиі болмайды. Демікпе ұстамасы ауыр түрде өтпейді, қышаны, ингаляторды қолдана отырып басуға болады. Науқастар өзінің жұмыстарын істеп жүре береді. Ұстаманың өту ағым сипатының екінші жағдайы – орташа жағдай. Бұл жағдайдағы ұстаманың қайталану жиілігі жеңіл түріне қарағанда, жиі және ұзақ уақытқа созылған болып келеді. Жылының айында бір неше рет білінеді. Ұстама арасында дем алу қызметінің дәрісі қиындайды. Ұстаманың өту ағымының үшінші жағдайы – ауыр болып келеді. Ұстама бір неше сағаттан бір неше күнге созылады.Орталық жүйке жүйесі бұзылып, кома дамуы мүмкін. Сырқаттар халі нашарлайды, ісік пайда болады. Созылмалы өкпе – жүрек жетіспеушілігі дамиды.

Сырқат өршігенде жалпы қан анализінде эозинофильдер көбейеді. Қақырықта Куршман шиыршықтары, Шарко – Лейден кристалдары, эпителиялык торшалар табылады. Демікпе ұстамасы өршіген науқастарда сыртқы тыныс алу қызметі өзгеріп бронхылар өткізгіш қабілеті бұзылады. Бронхоскопия тексерісінде эндобронхит патологиялық өзгерісі анықталады. Рентген тексерісінде өкпе бөліктері ашық түсті болып, өкпе түбіріндегі артериялар тармақтарының сұлбасы кеңейеді.

Емі. Бронх демікпесінің емі тұншығу ұстамасын тыйылтып, аурудың негізгі даму механизмін басуға арналған шараларды өткізу болып табылады. Толықсу кезінде науқасқа ыңғайлы жағдай көрсетіп, қысып тұрған киімдерін босатып, таза ауа жіберу қажет. Бронх демікпесінің жеңіл түрінде ұстаманы рефлекторлық түрде қыша қойып басуға болады. Немесе аэрозоль жұтқызып, оттегі қабылдайды. Бронх демікпесінің орташа және ауыр түрінде тері астына 0,1% - 1 мл атропин ерітіндісін немесе көк тамырға 2,4 % - 10 мл эуфиллин ерітіндісін енгізеді. Ауыр жағдайларда қолданылған шаралар әсерлері нәтижесіз болса, гормон препараттарын қолданған қажет. Науқастың дем алуы қиындап, тұншығу дәрежесіне дейін жеткен жағдайда, жасанды дем алдыру шараларын жүргізеді. Ұстама арасындағы ем және олардың алдын алу шараларын өткізу бронх демікпесінің клиникалық бейнесі мен дамуына байланысты жүргізіледі. Атопиялық демікпеде сырқаттарды тағамдық және тұрмыстық аллергендердің әсерінен сақтандырып, гигиеналық шараларын қолданып, жүргізген қажет. Аллергиялық мәнбірлердің әсерін жою мүмкін болмаса, сезімталдықты тежейтін ем қолданылады. Ол үшін үдемелі мөлшерде өзіндік аллерген беріледі. Антигенге сезімталдығын жою үшін емдәм терапиясын қолданады. Сезімталдығы жоғары тағамдарын жиі қолданбаған жөн (жұмыртқа, шоколад, кофе, құлпынай және т.б. ). Жұқпа қабыну дәрісі белсенді жағдайда антибактериалдық емін қолданылады. Бронх демікпесін емдеу барысында бронхтардың өткізгіштік қабілетін жақсартатын емнің маңызы ерекше болып табылады. Ол үшін сілтілі сұйықтықтарды көп мөлшерде ішкізеді, сілтілі ингаляциялармен бірге емдік гимнастика өткізіледі. Бронхыларды кеңейтетін және қақырық түсіретін дәрі – дәрмектер тағайындалып, қолданылады. Қақырықты жібітіп, жеңіл түрде шығару мақсатымен мукалтин дәрісі беріледі, калий йодидінің ерітіндісін ішкізуге болады. Солодканың, жалбыз тікеннің түбінен, жолқұрай, тасшөп, жебір, френхель, және басқалардың тамырынан, жапырағынан, гүлінен дайындалған тұнбалар да өте пайдалы. Бронх демікпесін емдеу үшін физиотерапиялық емдік дене шынықтыру, тыныс жолдарының емдік гимнастика, инемен шаншу және басқада дәрісіз ем тәсілдері қолданылады. Емдік дене шынықтыру бронхылар тармақтарының өткізгіш қабілетін жақсартып, тыныс бұлшық еттерінің энергетикалық қоректенуін арттыруға арналып бағытталады. Науқасты өзінің тыныс алу дәрісімен басқара алуына дағдылатып, жаттықтыруы керек.

Алдын алуы. Сырқат ауыр ағымды болса, науқасты көбіне мүгедектікке ұшыратады. Дер кезінде дұрыс емделгендерге көбінесе сырқаттың ағымы жеңілденіп, науқастар еңбекке ұзақ уақыт жарамды болады. Атопиялық демікпенің алдын алу үшін науқастың сезімталдығын тежеп, тыныс жолдарының жедел ауруларына дер кезінде ем көрсетуі керек. Ал жұқпалық – аллергиялық демікпенің алдын алуда созылмалы жұқпа ошақтарды қайта қаулатпаудың маңызы өте зор. Бұл сырқат түрін антибиотиктер мен сульфаниламидтер дәрілерімен емдегенде, олардың аллергия тудыратындығын естен шығармай, тек өте қажетті жағдайда ғана тағайындап, қолданған тиіс. Созылмалы бронх демікпесімен сырқаттар дер кезінде дәрігерлік бақылауға алынып, олардың сезімталдығын келтіруге әрекет ықпалдарын өткізген қажет. Ол үшін ағзаны шынықтырып, тыныс алу дәрісін жаттықтыру түрлерін өткізіп, сулық ем шараларын пайдаланған дұрыс.