Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Спирография

Спирография - спирограф таспасында дем алудың қозғалысын белгілейтін әдіс. Осы әдіс арқылы жалпы өкпе сыйымдылығын, бір секундтың ішіндегі ауаның жұту және шығару мөлшерін анықтайды. Сонымен қатар бір секунд ішіндегі көрсеткен мөлшерге қарап, Тиффно көрсеткішін анықтап ажыратады. Адамның дем алуының көрсеткіштері жасқа, жынысына, салмағына және бойына байланысты әртүрлі болып келеді.

Пневмотахометрия

Пневмотахометрия - дем алу және дем шығару кезіндегі ауа ағымының жоғарғы тегін анықтайтын әдіс. Осы әдіс арқылы бронх жолдарының өткізгіш қасиетін анықтауға болады.

Пневмотахография

Тыныс алу қызметінің бұзылуында өкпе көлемінің сыйымдылығына байланысты ауа жұту және шығару дәрісінің жылдамдылығын зерттейтін әдіс. Осының көмегімен ірі, орташа және ұсақ бронхылардың өткізгіш қасиетін анықтап дұрыс ем қолдануға көмек береді

Пикфлоуметрия

Тыныс алу қызметінің бұзылуында бронх жолдарының өткізгіш қасиетін анықтайды. Негізінде бронх тармақтарының обструкциясында бронхылардың өткізгіш қасиетін жақсартатын бронхолитик дәрі-дәрмектердің керекті мөлшерін дәлелдеуге көмектеседі. Ауа жұту және шығару дәрісінің жылдамдылығын пикфлоуметр аппараты арқылы тексереді.

Зертханалық тексеру әдістері

Қан тексеру

Қанды жалпы тексеру екі түрге бөлінеді: жалпы клиникалық және биохимиялық тексеру. Жалпы клиникалық тексеруде қан құрамындағы қан торшаларының санын және сапасын (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер), гемоглобин санын, эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтайды.

Дені сау адамның қанының құрамы тұрақты, ал өзгерсе ағзада патологиялық дәріс бар деген мағынаны білдіреді. Кейбір дені сау адамда қанының құрамы өзгеруі байқалады. Ол тамақ ішкеннен, физикалық күш түскеннен, пайдаланған сұйықтардың мөлшеріне байланысты. Клиникалық анализге қанды зерттеудегі негізгі тәсілі саусақтан қанды алумен өткізіледі.

Қалыпты жағдайда эритроциттердің саны 3,7х1012 - 5,1х 1012 әйелдерде, ал ерлерде 4,0 - 5,5 х1012 л . Осы көрсеткіштердің азаюы қан аздықта байқалады. Эритроциттердің санының 1,0х1012 төмендеуі өмірге қауіпті. Қалыпты жағдайда гемоглобиннің саны ерлерде 130-160 г/л, ал әйелдерде 120-140 г/л. Қан аздықта гемоглобиннің мөлшері азаяды. Эритремия кезінде гемоглобиннің саны көбейеді. Түсті көрсеткіш гемоглобин мен эритроциттердің бір-біріне қатынасын көрсетеді. Дені сау адамда түсті көрсеткіш бірлік бойынша (0,97-0,98).

Эритроцит құрамындағы гемоглобин көбейгенде түсті көрсеткіш көтеріледі, эритроцит құрамындағы гемоглобин азайса, түсті көрсеткіш төмендейді. Дені сау адамдарда лейкоциттердің саны 4-9 х 109 дейін, лейкоциттердің көбеюі - лейкоцитоз, ал азаюы - лейкопения деп аталады. Лейкоцитоз әр түрлі қабыну ауруларында байқалады. Лейкопения қан аздықта, уланғанда, кейбір жұқпалы ауруларда байқалады. Лейкоциттердің түйіршікті және түйіршіксіз түрлері болады. Түйіршікті түрі гранулоцит деп, ал түйіршіксіз түрі агранулоцит деп аталады. Гранулоциттерге нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер жатады. Нейтрофилдер қорғаныш қызметін атқарады. Эозинофилдер, базофилдер аллергиялық дәрістерге қатысады.

Агранулоциттерге моноцит пен лимфоцит жатады. Қалыпты жағдайда моноциттің саны 4-8%. Олар қорғаныш қызметін атқарады, фагоцитоз түзеді. Кейбір жұқпа ауруларында моноцитоз байқалады.

Дені сау адамдарда лимфоциттердің саны 25-35%. Қан құрамында ядросыз торшалар болады- оны тромбоциттер дейміз. Дені сау адамда тромбоциттің саны 180 – 320 мың. Олардың құрамы қан жасау жүйесінің ауруларында көбейеді. Қансырау жағдайларда тромбоциттердің мөлшері төмендейді.

Басты көрсеткіш болып эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) табылады. Қалыпты жағдайда ЭТЖ көрсеткіші 1-20 мм/ сағ.

Қанды биохимиялық тексерудегі мәні қан құрамындағы заттарды (қант, холестерин, ақуыз, креатинин, мочевина, билирубин т.б.) анықтауға арналған. Олардың құрамы кейбір ауруларда ауысып тұрады, диагноз қоюға көмектеседі.