Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Сары су ауруы

Бұл сырқат ауыр түрде өтетін аллергиялық серпілістердің бір түрі. Ағзаға еккен сары су бөгде зат болып қабылданады да оған қарсы антиденелер туады. Аллергиялық серпілістің нәтижесінде қан тамырының қабырғаларының өткізгіш қызметі бұзылып ісік пайда болады. Сары су ауруында дәнекер тінінің зақымдалуы да байқалады. Көбінесе сырқаттың бұл түрі сіреспеге қарсы сары су еккеннен кейін дамиды.

44 сурет Есек жемдегі күлбіреуіктердің жалпы көрінісі.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың жасырың кезеңі 7 – 20 күнге дейін созылады. Өткір кезеңі дене қызуының көтерілуімен басталып уыттану белгілерімен сипатталынады. Науқас мазасызданып, қышынудың мазалауымен қиналады, буындары сырқырап ауырсынады. Көбнесе ірі буындар зақымданады (шынтақ, тізе буындары). Содан кейін бөртпе пайда болады, басында жергілікті сары суды еккен жерде, содан соң бүкіл денеге таралған бөртпе пайда болады. Бөртпе әртүрлі қызарудан (эритематоздан) бастап, қанталауға (геморагиялыққа) дейін барады. Денедегі лимфа түйіндері үлкейеді, көк бауыры ісінеді, жүрек тұсы ауырсынады, ентігу, жүрек жиі қағуы байқалады. Қан қысымы төмендеуі мүмкін. Жедел түрінде сырқат 5 – 7 тәулікке, ал ауыр түрінде 2 – 3 аптаға созылуы мүмкін.

Емі. Гипоаллергендік емдәм тағайындылынады. Жеңіл түрінде сенсибилизацияға қарсы антигистамин препараттарын, ал ауыр түрінде гормон тобының препараттарын (преднизалон 30 – 60мг) қолданады. Симптомға қарсы ем жүргізіледі: дене қызуын басатын, қышынуды жоятын, ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер кең қолданылады.

Алдын алуы. Емдік сары суды өте қатаң тәртіп бойынша және көрсеткішпен қолданады. Егу алдында сары судың 1: 1000 ертіндісін алып, скарификатор мен сынама жүргізеді. Егер еккен жерде қышыну сезілсе, басы айналса, сары суды қолдануға болмайды.

Анафилаксиялық шок

Бұл бірнеше аллергиялық серпіліс түрлерінің жинағы. Өте ауыр түрде тез арада пайда болады. Аллерген ішке енгеннен бастап алғашқы минутынан ақ біліне бастайды. Егер дәрі – дәрмектерді егу түрінде жіберсе, шоктың дамуы жылдамдайды.

Себебі. Кез келген дәрі – дәрмектер (әсіресе пенициллин тобы), жәндіктердің шағуынан, кейбір тағамдар әсері әкеліп соғуы мүмкін.

Әсер ететін мәнбірлер. Дәрілік заттарымен дұрыс емделмегенде, қолдану және қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан және аллергиялық сырқаттары бар науқастарда жиі дамиды.

Клиникалық бейнесі. Шоктың белгілерінің әртүрлі пайда болу дәрежесі бірнеше секундтан, бірнеше сағатқа дейін болады. Кейбір науқастар «халім жаман» деуге шамасы келмей есінен танады. Көбінесе науқастар кенеттен әлсізденгенің, кеудесінің қысылғаның, басының айналғаның, ауырғаның, денесінің ысығандығынын айтады.

45 сурет Сары су ауруында теріде байқалатын әртүрлі бөртпелердің түрлері

Бір мезгілде тұншығу ұстамасы пайда болады. Терісі қатты қышиды, дене ысуы байқалады. Науқастың іші өтіп, жүрегі айниды, ауырсынады. Жалпы қозу, өлім қорқыныш сезімі білінеді. Кейде тез арада қан қысымы төмендеп білінбей кетеді. Аяқ – қолдары құрысып – тырысады. Бұндай құбылыстар қатары өлім алдындағы ауыр халге жатады. Қарағанда: науқаста суық тер, көз қарашығы үлкейеді, цианоз немесе терісі қызарып кетеді, кейде бозғылттанады. Тамыр соғуы жіп тәрізді жиі болып келеді. Қан қысымы анықталмайды. Өкпесінде сырыл естіледі, жүрек дыбысы әлсіз әлсізденеді.

Анафилаксиялық шок бірнеше түрде өтуі мүмкін:

  1. гемодинамикалық түрі – қан қысымы, тамыр соғуы білінбейді, ентікпе байқалады;

  2. тұншығу түрі – көмей ісініп, бронхтар тарылып, дем алуы бұзылады;

  3. мидың зақымдануы – миға оттегі жетіспегендіктен есінен танып комаға ұшырайды;

  4. іш түрі – іш қуысының ағзаларының қан айналысы бұзылғандықтан іші түйіліп ауырсынады , жүрегі айниды, құсады, іші өтеді.