Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Тексеру әдістері

Ас қорыту мүшелерінің ауруларында субъективті тексеру әдісінің маңызы өте зор. Ауырсынудың мінездемесі, тамақ қабылдаумен байланыстылығы, ұзақтығы, орналасуы, басқа мүшелерге әсері, диспепсия белгілері дерт анықтамасын жүргізуге көмек береді.

Ас қорыту ауруларында дерт анықтама жүргізгенде науқастың ауыз қуысын тексереді. Ауыз қуысын қарағанда қарайған тістеріне көңіл бөлу керек, өйткені тағам арқылы асқазанға қарайған тістерден жұқпа қоздырғыштары түседі. “Тіл – асқазан айнасы” деп ертеден бекер айтылмаған. Тілде ауруға тән өзгерістер кездеседі. Мысалы, асқынбаған асқазан ойық жарасында тіл таза және дымқыл, жедел гастритте уылған болады. Құрсақ қуысы жарақаттанғанда және өткір ұйқы безінің қабынуында тіл құрғайды. Науқасты жалпы қарағанда науқастың түрін, дене бітімін, іштің пішінін, кіндіктің түрін, терінің түсін, ылғалдығын, терідегі дақтарға, тыртықтарға көңіл аудару керек. Ішке сары су жиналғанда (асцит), бауыр ісінгенде, ішке ауа жиналғанда - іш көлемінің үлкейгенін байқауға болады. Осымен бірге күре тамырдың солқылдауына, тері астындағы, іш маңайындағы көк тамырдың варикозды кеңеюіне назар аудару керек.

Сипалау арқылы патологиялық өзгерісті анықтауға болады. Бұның екі түрі бар: бетті және терең. Сипалау В.П. Образцов және Н.Д. Стражеско тәсілі бойынша жүргізіледі. Бетті сипалау арқылы ауырсыну аймағын анықтайды, ал терең түрімен мүшенің орналасуын, тығыздығын, көлемін анықтайды. Ішті сипалағанда науқас төсекте көлденең жатады, кейде түрегеліп тұрады. Сипалау әдісінің көмегімен қабырға астында пайда болған ауырсынуды, құрсақ тітіркенуін анықтауға болады. Кейбір жағдайларда дерт анықтама жүргізгенде тыңдау әдісімен қолданады. Бірақ асқазанды тыңдаудың аса мәні жоқ. Тыңдауды сипалаумен бәрге асқазанның төменгі шекарасын анықтау ретінде пайдаланады. Бұл қарапайым әдіс болғанымен кейде дұрыс емес нәтиже береді. Қалыпты түрде іш қуысында тықылдату арқылы тимпанит дыбысы анықталады. Бауыр, көк бауыр ауруларының қатерлі ісіктерінде, іш шеменінде топас дыбыс естіледі.

Зертханалық тексеру әдістерін қолдана отырып ас қорыту мүшелерінің ауруларының белгілерін анықтауға болады. Нәжісті әртүрлі зерттеулерге тексеріп, асқазан және ішек қызметін анықтауға болады.

9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері

Науқастың шағымдары

1. Ауырсыну (тамақ ішумен 7. Іштің өтуі.

байланысты, кезеңді, қарқынды, 8. Нәжістің тұрып қалуы. жайылмалы). 9. Іштің кебуі.

2. Лоқсу. 10. Терінің қышуы.

3. Құсу. 11. Дене қызуының

4. Кекіру. көтерілуі.

5. Қыжылдау. 12. Терінің сарғаюы.

6. Тәбетінің бұзылуы. 13. Салмағының азаюы.

Ауру сыртартқысы

1. Қауып қатер мәнбірі. 5. Қозғалысы.

2. Бұрынғы сарғаюы. 6. Өткізген тексерістері.

3. Себебі. 7. Жүргізілген ем.

4. Бастамасы

Өмір сыртартқысы

1. Ұлты. 5. Улану белгілері.

2. Жағымсыз қылықтары. 6. Дәрі - дәрмектерді

3. Тамақтануы. қабылдау ұзақтығы.

4. Тұрмыс жағдайы.

Науқасты тікелей тексеру

Тексеру

Сипалау

Тықылдату

  1. Ақ қабықпен терінің сарғаюы.

  2. Арықтау.

  3. Қоректенуінің бұзылуы.

  4. Тамыр “жұлдызшалары”.

  5. Тілінің өзгеруі.

  6. Ішінің үлкеюі.

  1. Бауыр.

  2. Өт аумағы.

  3. Көк бауыр.

  4. Асқазан.

5. Ішек.

  1. Бауыр.

  2. Көк бауыр.

  3. Іштің қыр бөлігі.