Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Ошақты пневмония (бронхопневмония)

Бұл өкпенің бөлікшелерінің қабынуы. Ауру жиі өткір респираторлы аурулардан, тұмаудан кейін біртіндеп бронхылардан басталады. Сондықтан сырқатты бронхопневмония деп те атайды.

Этиологиясы және патогенезі. Сырқаттың дамыуына әкеліп соқтыратын мәнбірлерге келесі жұқпалар жатады: бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар. Әсер ететін мәнбірлер – суық тию, ағзадағы ошақты жұқпалар, иммун жүйесінің әлсізденуі т.б.

Жіктелуі. Өкпе паренхимасында дамыған дәрістің көлеміне байланысты: ұсақ ошақты және біріккен ошақты болып келеді.

Зақымдану жеріне байланысты: жоғарғы, ортаңғы, төменгі бөлікшелерінің, түптілікті және шеттік орналасқан түрлері. Сонымен қатар ошақты пневмонияның түрлері сырқатқа әкеліп соқтырған қоздырғышқа байланысты (бактериялық, вирустық, орнитоздық, микроплазмалық, аллергиялық, физикалық, химиялық).

Клиникалық бейнесі. Негізінен бронхиттен, тұмаудан кейін сырқаттың хал жағдайы нашарлап, сырқат көбінесе біртіндеп басталады: дене қызуы көтеріліп, құрғақ немесе ылғалды жөтел білінеді. Уыттану белгілері де дамиды: науқас әлсізденеді, басы ауырады, тамаққа тәбеті тартпайды. Науқас жөтелгенде кеуде қуысы ауырсынады, ентігеді. Перкуссияда қысқарған тықыл дыбысы шығады, ал аускультацияда зақымдалынған жерде дымқыл сырылдар естіледі. Рентген суретінің көрінісінде инфильтратты теңбіл дақтар білінеді. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ артады. Қалыпты түрде ошақты өкпе қабынудың ағымы 2 – 3 аптаға созылады.

Асқынулары. Сырқаттың өту ағымының барысында плеврит, өкпе абсцессі дамуы мүмкін.

Өкпенің қабынуларын емдеу қағидалары: жұқпаға қарсы ем, уытты әсерді тиылту, иммундық жүйені қалпына келтіру, қақырықты сыртқа шығару, симптоматикалық ем жүргізу шараларының негізі болып табылады.

Науқас ауруханада емделеді. Науқастың тамағы құнарлы болуы тиіс,жалпы төсек тарту тәртібінің талаптары шектеулі. Крупты пневмонияда көп мөлшерде антибактериялдық ем жүргізіледі: антибиотиктер (жұқпаның сезімталдығын анықтаған соң) пенициллин, цефалоспорин, эритромицин, линкомицин; сульфаниламидтер (сульфален, бисептол), нитрофуран препараттары тағайындалады.

Уытты әсерге қарсы гемодез, полиглюкин ерітінділерін қолданылады. Ағзаның иммундық жүйесін қалпына келтіру үшін иммунитетті реттейтін препараттар тағайындалады (пирогенал, интерферон, левамизол). Ауыр жағдайда жүрек - қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартатын дәрілерді қолданады. Қақырықты сыртқа шығару үшін 3 % калий йодиді, мукалтин, бромгексин дәрі – дәрмектерін қолдланады. Бұнымен қоса симптоматикалық ем жүргізіледі. Ауырсынуды басу үшін жансыздандыру емін жүргізеді. Қабыну дәрісін басу үшін физиотерапиялық емін қолданады: электрофорез алоэмен бірге өткізіледі, ультра сәулемен сәулелену емін жүргізеді. Емдік және демдік жаттығуды машықтандырып, дағдыландыру.

Болжамы. Сырқатқа уақытында көрсетілген барлық медициналық ем шаралардан кейін нәтижесі қолайлы болып табылады.

Алдын алуы. Ағзаны шынықтырып, қорғаныш қабілетін арттыру. Бронхитті, тұмауды және басқа респираторлық сырқаттар түрлерін уақытында дұрыс емдеу.