Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.

Пациенттің нақты мәселелері:

  • жөтел (құрғақ немесе қақырықты);

  • экспираторлы;

  • кеуде қуысының ауруы;

  • өкпеден қан кету;

  • дене қызуының көтерілуі;

  • кейбір манипуляциялардың алдында қорқыныш сезімінің білінуі (бронхоскопия, бронхография).

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

  • қайталамалы ұстамадан қорқуы;

  • тұншығудың әсерінен өлімге деген қорқыныш сезімінің пайда болуы;

  • жөтелдің әсерінен ұйқының бұзылуы;

  • қауып қатер асқынулардың дамуы;

  • жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі.

ІІ кезең. Мейіркеш диагнозын қою.

Дем алу функциясының бұзылуымен байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелер.

ІІІ кезең. Күтімді жоспарлау.

Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

  • тұншығуды басу;

  • өкпе қансырауын тоқтату;

  • жөтелді басу;

  • қақырықтың бөлінуін жақсарту;

Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар;

  • пациент жөтелу, ентігу кезінде өзіне ыңғайлы жағдай жасай алады;

  • пациент жөтелдің ерекшеліктерін біледі;

  • пациент демдік гимнастикасын жасай алады;

  • пациент өзіне пазициялық дренажды өткізе алады.

IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.

Мейіркештің жұмыстары:

  • тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, зертханалық және құрал жабдық аппарат арқылы тексерістерге қатысу:

  • тәуелсіз – науқастың жағдайын қадағалау, жүрек және тамыр соғуын санау, қан қысымын, дене қызуын өлшеу, оттегі мен қамтамасыз ету;

  • бір – біріне тәуелділік қатынас – науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау, қолданған емнің әсерлілігін бағалау.

V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.

Күтім ерекшеліктерін жоспарлап және алға қойған мақсаттарды салыстыру.

Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:

1. Бронхит деген не? (анықтамасын беріңіз)

2. Қай ауруда көкірек торшасы бөшке тәрізді болады?

а) өткір бронхитте б) өткір өкпе қабынуында

в) плевра қабынғанда г) өкпе эмфиземасында

3. Демікпедегі өзіне тән клиникалық белгісін атаңыз:....................................

4. Қан аралас қақырық және өкпеден қан кету қай ауруда жиі кездеседі?

а) жедел бронхитте б) туберкулезде в) құрғақ плевритте

5. Демікпе ұстамасын басу үшін қандай преараттар тобын қолданады?

а) гипотензиялық б) жүрек гликозидтері

в) антибиотиктер г) бронхолитиктер

6. Плерваны диагноз қою үшін ғана теседі:

а) ия б) жоқ

7. Туберкулез қоздырғышын атаңыз….........................................................

8. Қай ауруда қақырық қоңыр түсті болады?

а) өткір бронхитте б) круптық өкпе қабынуында

в) демікпеде г) эксудативтік плевритте

9. Қай аурудың ерекше белгісінің бірі «бронхының таңертеңгі тазалауы»?

а) бронхитте б) туберкулезде

в) өкпе қабынуында г) бронхэктаз ауруында

10. Плеврит деген не? (анықтамасын беріңіз).

11. Құрғақ плевриттің диагностикалық белгісін анықтаңыз:

а) дене қызуының көтеріліуі б) тахикардия

в) плевраның бір-бірінен үлкейгендегі дыбысы

г) дымқыл сырылдар

12.Эксудатты плевриттің рентген суретіндегі көрінісі: (дұрыс жауабын

беріңіз).

13. Өкпе туберкулезіне анықтама беріңіз...................................................

14. Ошақты пневмонияның анықтамасын беріңіз….................................

15. Крупты пневмонияның анықтамасын беріңіз…..................................

16. Демікпе ұстамасында пациент қандай ыңғайлы жағдай іздейді?

а) қолын тізеге тіреп отырады

б) сол жағына аяғын бүгіп жатады

в) оң жағына аяғын бүгіп жатады

17. Демікпе ауруын емдегенде көңіл бөлу керек:

а) тәуліктік диурезге б) дене қызуына

в) қандағы қанттың мөлшеріне г) қандағы гемоглобин мөлшеріне

18. Крупты пневмонияның асқынуы:

а) демікпе ұстамасы б) өкпе қатерлі ісігі

в) өкпе эмфиземасы г) коллапс

19. Демікпеде қақырықтың құрамында не байқалады? ........................

20. Демікпе ұстамасында пациенттке қай препаратты енгізу керек?

а) көк тамырға калий хлорид ертіндісін 10 % – 10мл

б) көк тамырға эуфиллин ертіндісін 2,4% – 10мл

в) көк тамырға магний сульфат ертіндісін 25% – 10мл

г) көк тамырға аминокапрон қышқылын

21. Сандармен көрсетілген ауруларға әріппен көрсетілген қай белгі сәйкес

келеді?

1) крупты пневмония а) қан аралас түрі

2) ошақты пневмония б) қоңыр түсті қан аралас түкірік

3) бронхэктаз ауруы в) сілекейлі қақырық

4) өкпе туберкулезі г) іріңді қақырық

22. Абсцесс дегеніміз:

а) бронхоэктаздардың пайда болуы

б) іріңге толған қуыстың пайда болуы

в) өкпе инфарктісі

г) өкпеде дәнекер тінінің дамуы

23. Өкпе қатерлі ісігі сипатталады:

а) өкпеде дәнекер тіннің дамуымен б) альвеолардың жарылуымен

в) өкпе клеткаларының ретсіз бөлінуімен

г) альвеолардың сұйыққа толуымен

24. Өкпе қатерлі ісігі келесі клиникалық белгілермен сипатталады:

а) б) в) г) д) е)

25. Өкпе қатерлі ісігінде қақырықта білінеді:

а) эозинофильдер б) Шарко – Лейден кристалдары

в) атипиялык клеткалар г) Кох бацилласы

26. Өкпе эмфиземасы дегеніміз – ол (дұрыс жауабын беріңіз)

27. Пневмосклероз дегеніміз – ол (дұрыс жауабын беріңіз)

28. Жөтелгенде пациентке дәрігерге дейінгі көмек көрсету:

а) б) в) г)

29. Тұншығуда көрсетілетін алғашқы көмек:

а) б) в) г) д)

30. Өкпеден қан кеткенде шұғыл жәрдем көрсету:

а) б) в) г) д)