Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Аускультация

Аускультация - бұл тексеру әдісі, яғни мүшелер мен жүйелердегі болатын физиологиялық және патологиялық дәрістердің дыбысын анықтайтын түрі. Аускультация тікелей және тікелей емес болып бөлінеді. Тікелей аускультацияда дәрігер құлағын науқастың белгілі бір орнына жақындатып барып тыңдайды. Қазіргі кезде бұл әдісті қолданбайды. Тікелей емес аускультация фонендоскоп арқылы жүреді. Дені сау адамда естілетін қалыпты тыныс алу дыбысы везикулярлы дем деп аталады. Егер өкпе ұлпасы тығыздана бастаса онда бронхиалды дем байқалады: дем шығаруы дем жұтуға қарағанда жақсы естіледі (қалыпты жағдайда ара қатынасы керісінше). Бұл өкпе ұлпасының біршама тығызданған жерінің дыбысты жақсы өткізуімен түсіндіріледі. Бронхиалды дем өкпенің кеңейген аймақтарында тыңдалады (абцесс, каверна). Бронхтарда сұйықтардың жиналуынан сырыл пайда болады. Сырылдың пайда болу жеріне байланысты екі түрі бар: ірі көпіршікті (ірі бронхтарда) және ұсақ көпіршікті (кіші бронхтарда). Егер қақырық сұйық болса, сырыл ылғалды деп аталады. Егер қою болса, сырыл құрғақ деп аталады. Ірі бронхтарда - ызыңдауық, ал ұсақтарында ысқырық сырылдар естіледі. Өкпе қабының қабынуында оның бетінде фибрин жіптері пайда болып беті бүдірленеді. Өкпе қабы бір-біріне үйкелгенде үйкелу дыбысы анықталынады. Жүректі тыңдағанда қалыпты жағдайда екі анық дыбыс

2 сурет Жүрек

қақпақшаларының

проекциялары

( тыңдау нүктелері)

1–қолқа қақпақшасының проекциясы;

2- өкпе артериясы қақпақшасының проекциясы;

3 - сол жақ митралдық

қақпақшаның ,

4 -оң жақ митралдық қақпақшаның проекциялары.

естіледі. Бұл жүрек қақпақшаларының және жүрекшелер мен қарыншалардың қозғалысымен түсіндіріледі. Жүректің дыбысы - бұл қысқа дыбыс, қалыпты жағдайда таза және қатты. Жүрек дыбысының нашар естілуі семіздікте, өкпе эмфиземасында кездеседі. Жүрек дыбысының кенеттен нашарлауы миокардтың ауруларында, жүрек қақпақшаларының бұзылуынан болады.

Жүрек бұлшық еттерінің ауруы кезінде немесе қақпақшаларының өзгеруі кезінде қосымша дыбыс естілуі мүмкін. Жүрек дыбысының қатты естілуі қақпақшалардың жабылу жылдамдығына да байланысты. Жүрек қақпақшаларының тұлықтығы бұзылғанда, қосымша дыбыс, яғни шу естілуі мүмкін. Қай қақпақшаның бұзылуына байланысты, сонымен қатар зақымдану аймағына байланысты қосымша дыбыс систола немесе диастола кезінде естіледі. Кей жағдайларда құрсақ қуысына да аускультация жасайды. Бұл кездерде белгісіз дыбыстар анықталады. Бұл дыбыстар ішектің қозғалысынан пайда болады. Құрсақ қуысының ауыр зақымдануында ішектің қозғалысы күрт төмендейді немесе мүлдем естілмейді. Әдетте бұл ішектің өтпеуінде байқалады. Кейде ішперде қабынып, бір-біріне қажалғанда үйкеліс дыбыстарды естуге болады.

Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу

Артериялық қан қысымды өлшеудің медициналық маңызы өте зор. Сол жақ қарыншаның систоласына сәйкес келетін максималды (систолалық) және минималды (диастолалық) қысымды ажыратады. Қалыпты жағдайда ересек адамның систолдық қан қысымы орта есеппен алғанда 120-140 с.б.б. , диастолдық 60-80 с.б.б. Систолдық және диастолдық қысымның арасындағы айырмашылық тамыр соғу қысымы (пульстік) деп аталады. Оның көрсеткіші 50-60 с.б.б. Қан қысымын иық артериясынан Коротков тәсілі бойынша анықтайды. Бұл үшін жалаңаштанған иыққа манжет салады. Манжетке резеңке баллон көмегімен ауа жібереді. Манжеттің ішіне кірген ауа иық артериясын қысып, ондағы қан ағысын тоқтатады. Фонендоскопты шынтақ буындағы шынтақ артериясына қояды. Ары қарай ауаны біртіндеп шығарып, шыбық артериясымен қан өткенде пайда болатын дыбысты тыңдайды. Бірінші естілген дыбыс (І тон) систолды қысымға сәйкес. Ауаны шығарғанда аппараттың шкаласына мұқият қарап отырады. Артериядағы қан ағысы толық қалпына келгенде дыбыс жоғалады, бұл кез диастолдық қысымға сәйкес. Систолдық және диастолдық қан қысымының арасындағы көрсеткіш пульстік қан қысымы деп аталады.